тәсіл арқылы жасалған сөздерді табыңдар. Конверсия жолымен жасалған сөздердің қай сөз табынан қай сөз табына ауысқанын түсіндіріңдер. Әлемде болып жатқан кең ауқымды қайта құрулар ақпа- раттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды да- муымен тығыз байланысты. Ғаламдық ақпарат, ақпараттық- коммуникациялық технологиялар – ХХІ ғасыр қоғамының қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі. Ақпараттық дамудың жаһандық жүйесі – қазіргі заманғы интеграциялық процестердің ішіндегі аса ықпалдысы. Оған коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану, жаһандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез қарқынмен дамуы, адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютерлендірілуі жатады. Сонымен қатар келешекте ақпараттық-коммуни- кациялық кешендердің көмегімен екі бағыттағы ғарыштық жүйені дамыту; бизнесті, өндірісті, үй шаруасын басқарудың біртұтас жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютерлендіру мен роботтау жүреді. Олай болса, компьютерлік технологиялардың ғаламдық-ақпараттық кеңістікті
қалыптастыруда, ақпараттық қоғамды дамытуда маңызы зор. (Б.Сағындықова)
Дескриптор: - өздері ізденеді;
- кестені толтырып жазады.
4- тапсырма. Жазылым. Күнделікті өмірде сенің жұмысыңды жеңілдететін компьютерлік технологиялардың тізімін жасаңдар. Олардың ақпараттық-коммуникациялық жаһанданудағы рөлі туралы аргументті эссе жазыңдар.
Сөз саны – 150–170.
Дескриптор:
- аргументті эссе жазады.
Орфографиялық сөздік.
Соңы
Рефлекция: «Жетістік ағашы» стратегиясы бойынша кері байланыс жасаңыз
Сары алма – кейбір тапсырманы түсінбедім
қызыл алма – тапсырмаларды орындай алмадым
жасылалма – көптеген пайдалы ақпарат алдым.
Үй тапсырмасы: Ақпараттық-коммуникациялық жаһанданудың адамдардың жүріс-тұрысына, олардың біліміне және жұмысына, сондай-ақ үкімет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасына қатысы бар. Себебі... өз ойыңызды жазыңыз
Қосымша ақпарат
https://egemen.kz/article/168898-aef-te-dgaqandyq-maseleler-talqylandy Осы сілтеме бойынша мақаланы оқып шығып, өз көзқарасын білдіреді
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
Сабақ өзіндік мақсатына жетеді деп ойлаймын. Мақсаттар сараланып белгіленді. Оқушылардың шығармашылық дағдысы артады, жазу қабілеттері дамиды. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Уақыт тиімді пайдаланылды.