Бекітемін Мектеп директоры: Қ. Ж.Құрманбекова 2015ж Коучинг жоспары



Дата25.12.2016
өлшемі112 Kb.
#4688
Бекітемін

Мектеп директоры:

Қ.Ж.Құрманбекова ______________

« » ___________ 2015ж

Коучинг жоспары

Күні:

_________2015 ж.

Коучер:Сағынтайқызы Р

Коучинг тақырыбы:

Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту,сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру

Мақсаты:

Диалогтік оқытудың үш түрін әңгіме-дебат, кумулятивтік,зерттеушілік-әңгіменің маңызына түсініктеме беру,кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау,ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету,аса маңызды шешімдер шешуге, жауапты шешімдер қабылдауды үйрену.

Түйінді идея:

Ғалым Мерсердің зерттеуі бойынша әңгіменің үш түрі туралы түсініктерін қалыптастыру,іс-тәжірибеде диалогтық оқытуды жиі қолдану,оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуге,ойларын білдіруге ынталандыру.

Күтілетін нәтиже:

Әңгіменің үш түрі туралы түсінік қалыптасады.

Проблемаларды анықтайды, оны шешудегі маңызды басымдықтарды түсінеді, қорытындылар мен шолулар жасауды үйренеді.

Шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік береді, шешім қабылдауға үйретеді.

Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді.


Оқушылардың іс-әрекетін белсенді етеді.
Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастырады.
Оқу іс-әрекетінде бірлескен сұхбат үлкен пайда келтіретінін ұғынады.

Дерек көздері:

І деңгей үлестірме,мұғалімдерге арналған нұсқаулық,интернет материалдары, ақпаратқа сызбалық талдау.

Ресурстар:

І деңгей үлестірме, геометриялық фигуралар, диалогтік оқыту туралы мәлімет, плакат,А3,4 қағаздары,стикер, маркерлер, т.б.

Сабақтың барысы:

Уақыт(90 минут)

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Ой-сергек:


Топқа бірігу:

5 минут

Жағымды ахуал құру

Шеңбер бойында тұрып,бірі-біріне жағымды ахуал қалыптастыруда тілек сөздер айту


Тәлім алушылар коучингтің жақсы өтуіне тіл тілектестік білдіре отырып,бір-біріне тіл сәттілік тілейді.



5 минут

Коучингке қатысушыларды геометриялық фигуралар бойынша топтарға бөлу (5 топ, 5 адамнан)

Топтарға бірігеді,топтың алтын ережесін еске түсіреді.



Проблеманы айқындау:

10 минут

«Ой қозғау» әдісі

Бейнебаян көрсету.

«Отбасындағы диалог»

1.Диалог дегеніміз не?

2.Сіз өз сабағыңызда диалогты қолданасыз ба?

3.Сабақтың қай кезеңінде қолданасыз?

4.Сіз өз сабағыңызда оқушыларға қанша және қандай сұрақтар қоясыз?


Тәлім алушылар бейнероликтегі көргенін,сыни ойлай отырып,ойларын, пікірлерін ортаға салады.

Мұғалімдер диалог туралы түсініктерін қалыптастырады,сабақ кезінде оқушылармен диалогты қалай қолданатынын баяндайды,ойларын ортаға салады.



Проблеманы шешу:

15 минут

«Әңгіменің түрлері» таныстырылым

1.Әңгіме –дебат

1)ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;

2)ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;

3)қарым-қатынас көбіне «Иә,бұл солай», «Жоқ,олай емес»деген бағытта жүзеге асады;

4)ортақ бірлесуден гөрі,көбіне бәсекелестікке бағытталған.

3.Зерттеушілік әңгіме

1)әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;

2)әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен,мұқият бағалау жүргізіледі;

3)қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;



Тәлім алушылар таныстырылымды мұқият тыңдайды,ой бөліседі.

2.Кумулятивтік әңгіме

1)айтылған пікірлермен тыңдаушылар- дың әрқайсысы механикалық түрде келісе береді.

2)әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен,оған қатысушылар өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды.

3)идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.


3.Зерттеушілік әңгіме

4)қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді,осылайша әңгімеде дәлелдеме көрінеді;

5)топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады(олар келісімге келуі де,келмеуі де,мүмкін,ең бастысы-келісімге ұмтылу)


10 минут

Әдіс-тәсілдердің тиімділігін және қолданылу аясын талқылау

  • Бұл әңгіменің түрлерін қалай қолданар едіңіз?

  • Оқушылардың өз ойларын білдіруге,идеяларын дәлелдеуге көмегін тигізе ме?

  • Диалогтық оқытуда сұрақтың қандай түрлерін қоюға болады?

  • Ашық,өткір,күшті әсер етуші сұрақтарды қалай түсінесіздер?

Өз идеяларымен бөліседі.

Іс-тәжірибеде әңгіменің түрлерін қолдануды жоспарлайды.

Диалогтық оқыту ,пікірталас,ойталас жүргізу оқушылардың ойларын, пікірлерін, идеяларын жеткізуге мүмкіндік беретінін ұғынады.

Ашық,өткір,күшті әсер етуші сұрақтардың мағынасын ашады,қолданады.




Проблеманың шешімін қолдану:

(рефлексия)

15 минут

Нақты тапсырма:

«Қазақстандағы EXPO-2017»

1-топ:Әңгіме-дебат

2-топ:Кумулятивтік әңгіме

3-топ:Зерттеушілік әңгіме




5 минут
10 минут



Тапсырманы бірлесіп орындайды.

Берілген сұрақты Мерсердің әңгімені үш түрге бөлгені бойынша орындайды ,диалог құрастырады,бір-бірінен ажыратады, түсіндіреді, дамытады,тәжірибеден өткізеді.

Тапсырма бойынша постер жасап, қорғайды.


Сергіту сәті:

7минут

«Әңгіменің таралуы»

Тәлім алушыларды екі топқа бөлу.

Идеясы:коучингте көргенін, білгенін,үйренгенін іс-тәжірибеде дұрыс түсініп қолдану.


Тәлім алушылар екі топқа бөлінеді,бірінші тұрған мұғалімге парақтағы сурет көрсетіледі,ол артындағы әріптесіне сол суретті арқасына салады,келесі әріптесіне сала отырып жалғасады,ең соңындағы әріптесі суретті қағазға салады.

Кері байланыс:


5минут

Кері байланыс:

1.Бүгінгі коучинг сабағынан қандай әсер алдыңыз?

2.Бүгінгі сабақ тақырыбы сіз үшін өзекті ме?

3.Сіз үшін жаңа ақпарат байқалды ма?



Мұғалімдер коучинг сабағынан алған әсерлерін,тиімді жақтарын,айтар ұсыныстарын жазып қалдырады.

Комментарий: Коучинг үдерісіне қатысқан тәлім алушылар диалогтық оқытудың маңыздылығын айқындады. Ғалым Мерсердің әңгімені үш топқа бөлгенін біле отырып,өзінің сабағында осы кезге дейін қолданып жүргенін айта отырып,енді диалог құрған кезде ашық,өткір,күшті әсер етуші сұрақтарды жиі қолдану керектігін ұғынды.Диалог барысында нәтижеге жету үшін оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау керектігін түсінді.




1.Әңгіме –дебат

1)ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;

2)ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;

3)қарым-қатынас көбіне «Иә,бұл солай», «Жоқ,олай емес»деген бағытта жүзеге асады;

4)ортақ бірлесуден гөрі,көбіне бәсекелестікке бағытталған.

2.Кумулятивтік әңгіме

1)айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе береді.

2)әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен,оған қатысушылар өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды.

3)идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.



3.Зерттеушілік әңгіме

1)әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;

2)әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен,мұқият бағалау жүргізіледі;

3)қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;

4)қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме көрінеді;

5)топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады(олар келісімге келуі де,келмеуі де,мүмкін,ең бастысы-келісімге ұмтылу)



«Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту,сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру»тақырыбында өтілген коучинг үдерісінің рефлексиялық есебі

Күнделікті сабақ кезінде мұғалім және сыныптағы оқушылар бір-бірімен сөйлесу арқылы диалогтік қарым-қатынас тығыз жасалынып отырады.Оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті.1-ден,оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;2-ден,өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі; 3-ден,сыни тұрғыдан ойлауды дамытып,ойлау дағдыларын қалыптастырады;4-ден, мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі; 5-ден, шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік береді, шешім қабылдауға үйретеді. Ал көп жағдайларда мұғалім сұхбатты аз ғана топтың ішінде талқылап,сұрақтар қойылып,қысқа жауаптар беріліп, сыныптағы қалыпты әңгіме оқушылардың ойлау деңгейлерін де,сөйлеу дағдыларын да дамытпайтыны белгілі.Міне, осындай жағдаяттардан шығу үшін диалогтік оқытуды тиімді қолдану керектігін алға тарттым.Тақырыпты ашу үшін ой қозғау мақсатында «Отбасындағы диалог»тақырыбында бейнебаян көрсетілді.Тәлім алушылар бейнероликтегі көргенін,сыни ойлай отырып,ойларын, пікірлерін ортаға салды.Сабақ кезінде оқушылармен диалогты қалай қолданатынын баяндады,ойларын ортаға салды. Сіз өз сабағыңызда диалогты қолданасыз ба? Сабақтың қай кезеңінде қолданасыз? Өз сабағыңызда оқушыларға қанша және қандай сұрақтар қоясыз?деген сауалдар төңірегінде әңгімелестік. Тәлім алушылар күнделікті сабағында диалогті жиі қолданатындарын,кей тақырыптар пікірталас,ойталас ретінде жүретінін,кейде дебат түрінде өткізетіндерін айтты.Сонымен, коучингтің тақырыбы ашылғандай болды: «Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту,сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру» Мақсаты: Диалогтік оқытудың үш түрін әңгіме-дебат, кумулятивтік,зерттеушілік-әңгіменің маңызына түсініктеме беру,кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау,ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету,аса маңызды шешімдер шешуге, жауапты шешімдер қабылдауды үйрену екендігі түсіндірілді. «Әңгіменің түрлері»тақырыбында таныстырылым жасалынды.Онда ғалым Мерсердің әңгімені үш түрге бөлгенін,әңгіме-дебат, кумулятивтік және зерттеушілік әңгіме түрлеріне сипаттама берілді.Әр әңгіменің атқаратын қызметін түсіндірдім. Диалогтік оқытуда қойылатын сұрақтар қандай дәрежеде болу керектігіне тоқталдым.Сұрақтарды екі түрге бөлуге болатынын,төмен және жоғары дәрежелі,төмен дәрежелі сұрақтарға жабық сұрақ,мысалы: «Сабаққа дайындалып келдіңдер ме,кім айтады,қалғандар айтпай ма?» деген сияқты оқушының ойлауын,пікірін,идеясын айтуға мүмкіндік бермейтін сауалдар,жоғары дәрежелі сұрақтарға ашық,жетекші,өткір,күшті әсер ететін сұрақтар қойылу керектігі айтылды.Ашық, жетекші,өткір,күшті әсер ететін сұрақтарға түсініктеме берілді.Сұрақтарды қоюдың техникасына тоқталдым.Тақырыпты дамыту үшін оқушының жауабын түзету,сұрақты қарапайым қою,дұрысын қабылдап, толығырақ жауап беру,идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құру.Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқушының қызығушылығын анықтап,зерттеушілік қабілетін ынталандырады,білімін қалыптастыруға көмектеседі,сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады,идеяларды айтуға әрі басқа идеяларды құрметтеуге ықпал етеді,оқытуды қиындататын қиындықтарды,түсінбестіктерді анықтайтынын айттым.Тақырыпты пысықтау үшін нақты тапсырма бердім. «Қазақстандағы EXPO -2017»тақырыбын ғалым Мерсердің үш әңгімесі бойынша постер қорғау керектігі тапсырылды.Әр топқа EXPO туралы қосымша деректер мен материалдар берілді. Керекті ресурстарды пайдалана отырып,әр топ жұмыстарын қорғап шықты.Әріптестерім EXPO туралы құнды мәліметтермен бөлісті.Сергіту сәтінде «Әңгіменің таралуы» деген ойын жүргізілді.Тәлім алушылар екі топқа бөлінді,бірінші тұрған мұғалімге парақтағы сурет көрсетілді,ол артындағы әріптесіне сол суретті арқасына салды,ол келесі әріптесіне сала отырып жалғасты,ең соңындағы әріптесі суретті қағазға салды.Соңында басқа сурет шықты.Әріптестер салынған суреттің дұрыс емес екенін көріп,бір-біріне қарап күлді.Ойынның идеясы коучингте көргенін, білгенін,үйренгенін іс-тәжірибеде дұрыс түсініп ,қолдану керектігі айтылды.Коучинг соңында кері байланыс жасалынды.Коучингті қорытындылайтын болсақ,әрістестерім сабақта жиі диалогтік оқытуды қолдану керектігін,сабақ барысында қойылатын сұрақтарға мән беру керектігін ұғынды.

Орындаған:Р.Сағынтайқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет