Бекітемін: Мектеп директоры: Қ. Мансуров 2017ж



бет1/8
Дата22.09.2022
өлшемі75,36 Kb.
#150288
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
титулк1111


Бекітемін:
Мектеп директоры:
Қ.Мансуров

« » 2017ж.
Келісемін:
Директордың оқу ісі жөніндегі
Орынбасары Г.Жаулы

« » 2017ж.
ӘБ отырысында қаралды:
ӘБ жетекшісі
Хаттама №
И.Дюсалиева
« » 2017ж.

Күнтізбелік – тақырыптық жосарлау
Пәні: математика
Мұғалім: Есқуатова Жадыра
Аудан: Бейнеу
Мектеп: «Бейнеу ауданының әкімдігінің
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
Сынып: 6 «г», 8 «д», 10 «б»
Сағат саны: 16
2017-2018 оқу жылы
Сабақтар кестесі
І ауысым

Сабақ

Уақыты

ДС

Сс

Ср

Бс

Жм

Сн

1

8:00-8:40




Геометрия




Геометрия

Алгебра




2

8:45-9:25

Алгебра




Алгебра










3

9:30-10:10



















4

10:20-11:00



















5

11:05-11:45



















6

11:50-12:30



















7

12:35-13:15



















ІІ ауысым



Сабақ

Уақыты

ДС

Сс

Ср

Бс

Жм

Сн

1

13:30-14:10

алгебра

математика

алгебра

математика

математика




2

14:15-14:55

математика

геометрия

математика

геометрия

алгебра




3

15:00-15:40



















4

15:50-16:30

математика
















5

16:35-17:15



















6

17:25-18:00



















7

18:05-18:45





















Математика пәні мұғалімі Есқуатова Жадыраның 2017-2018 оқу жылындағы
күнтізбелік-жоспарлау бойынша мереке күндері

Сыныбы

Пәні

Сағат саны

2017-2018 оқу жылындағы сағат саны

Мереке күндері

6 «Г»

Математика

204







8 «Д»

Алгебра

102

99

1/09, 1/12, 9/05.

8 «Д»

Геометрия

68

66

8/03, 1/05.

10 «Б»

Алгебра

102

99

1/09, 1/12, 9/05.

10 «Б»

Геометрия

68

66

8/03, 1/05.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің


2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 31 – қосымша


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5–6 – сыныптары үшін «Математика» пәнінен типтік оқыту бағдарламасы
Түсінік хат



  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 – тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. 5-6 – сыныптардағы математика пәні – орта білімнің бастауыш және негізгі деңгейінде оқушыларға математиканы оқытуда сабақтастық пен болашақты қамтамасыз ететін кіріктірілген оқу пәні.

  3. Оқыту пәні:

  1. оқушыларды математикалық материалды түсінуін қамтамасыз етуге бағытталған математикалық қызметке қатыстыру және

ой – өрістің дамуы арқылы математиканың базалық негізін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету;

  1. ұлттық және жалпы адами құндылықтар негізінде талдау жүргізудің практикалық дағдысы мен біліктілігін иелену, ойлардың математикалық стилін қалыптастыру;

  2. негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игерудің практикалық негізін жасау.

  1. 5-6 – сыныптарға арналған оқу бағдарламасының құрылымдық компоненттері түсінік хат, оқу пәнінің базалық мазмұны, оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптардан тұрады.

5 – сыныптағы математика пәнінің базалық мазмұны «Натурал сандар және нөл саны», «Натурал сандардың бөлінгіштігі», «Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану», «Ондық бөлшек және оларға амалдар қолдану», «Пайыз» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұны оқу жылының соңында 5 – сыныптағы математика курсын қайталау кіреді.
6 – сыныптағы математика пәнінің базалық мазмұны «Қатынас және пропорция», «Рационал сандар және оларға амалдар қолдану», «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер», «Функция. Сызықтық функция», «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 5 – сыныптағы және соңында 6 – сыныптағы математика курсын қайталау кіреді.
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5 – сыныпта аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағ;

  2. 6 – сыныпта аптасына 6 сағ, барлығы 204 сағ.

5 – сыныпта оқытудың міндеттері:
1) жаңа мазмұнның элементтерін кіріктіре отырып, оқушылардың бастауыш білім деңгейінде (бастауыш сыныптарда) игерген математикалық білімдерін естеріне түсіру, қайталау, тиянақтау және жүйелеу;
2) координаталық сәуле, қостеңсіздік, натурал сандар жиыны, ондық санау жүйесі, бөлгіш, еселік, жай сан, құрама сан, жұп сан, тақ сан, жай бөлшек, жай бөлшекті қысқарту, ондық бөлшек, ондық бөлшектерді дөңгелектеу, пайыз, диаграмма ұғымдарын игеру;
3) жай және ондық бөлшектермен арифметикалық амалдар орындауда есептеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру;
4) арифметикалық амалдар компоненттердің өзара байланысын қолдана отырып, теңдеулерді шығару біліктігін дамыту;
5) санның пайызын және пайызы бойынша санды табу біліктігін қалыптастыру;
6) формулалар арқылы есептеумен таныстыру;
7) мәтінді есептерді шығару;
6 – сыныптағы алгебра пәнінің базалық мазмұны:

  1. «5-сыныптағы математика курсын қайталау (12 сағ)». Натурал сандардың бөлінгіштігі. Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Ондық бөлшектер мен жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдану. Ондық бөлшектері және жай бөлшектері бар өрнектердің мәндерін табу. Теңдеу. Мәтінді есептерді шығару. Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. Сандарды дөңгелектеу;

  2. «Қатынас және пропорция (24 сағ)». Қатынас. Екі санның пайыздық қатынасы. Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті. Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік. Мәтінді есептерді пропорция көмегімен шығару. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табуды пропорция арқылы шығару. Диаграмманы салуда пропорцияны қолдану. Масштаб. Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера;

  3. «Рационал сандар және оларға амалдар қолдану (50 сағ)». Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар. Санның модулі. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген қарапайым теңдеулер. Рационал сандарды салыстыру. Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу. Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. Рационал сандарды қосудың қасиеттері. Рационал сандарды азайту. Координаталық түзу нүктелерінің арақашықтығы. Рационал сандарды көбейту. Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. Рационал сандарды бөлу. Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану;

  4. «Өрнектер мен тепе-теңдіктер (15 сағ)». Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек. Рационал сандарды көбейтудің үлестірімділік қасиеті. Жақшаны ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік;

  5. «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер (16 сағ)». Санды теңдіктер және олардың қасиеттері. Теңдеуді шешу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Қосылғыштарды теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіруді және жақшаны ашу ережелерін қолдану арқылы теңдеулерді шешу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер;

  6. «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері (20 сағ)». Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері. Сан аралықтары. Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Мәндес теңсіздіктер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шығару. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шығару;

  7. «Координаталық жазықтық (13 сағ)». Жазықтық. Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер мен кесінділер. Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Центрлік симметрия. Осьтік симметрия;

  8. «Функция. Сызықтық функция (15 сағ)». Функция. Функцияның аргумент және мәні. Функцияның берілу тәсілдері: аналитикалық тәсіл (формула арқылы беру), кесте арқылы беру тәсілі, графиктік тәсіл. Функцияның анықталу облысы. Функцияның өсуі және кемуі. Сызықтық функция және оның графигі. Сызықтық функцияның қасиеттері. Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы.

  9. «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері (21 сағ)». Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен, алмастыру тәсілімен, графиктік тәсілмен шығару. Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі арқылы шешу;

  10. «6-сыныптағы математика курсын қайталау (18 сағ)». Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Санның модулі. Теңдеуді шешу. Тура және кері пропорционалдық тәуелділіктер. Координаталық жазықтық. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу мен теңсіздік. Функция. Сызықтық функция және оның графигі. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет