|
|
|
Бекітемін:
Мектеп директоры
___________А.Абеев "____"______2022 ж
|
Тәрбие жұмысы жоспары
Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебі
2022-2023 оқу жылына
Педагог Сыдыкова Айгерім Сабитқызы
Тобы/сыныбы 5 «А»
Тәрбие жұмысының бағыттары бойынша іс-шаралар жоспары
2022–2023 оқужылында тәрбие үрдісінде баса назар
аударылатын мәселелер:
1.Кәмелетке толмаған балаларға сол секілді олардың отбасыларына жайсыздық фактілері анықталған кезде жедел тиімді профилактикалық алдын алу жұмыстарын атқару.
2.Мектеп және отбасы арасындағы құқықтық, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық үйлесімді қарым-қатынасты үздіксіз дамыту;
3.Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында пәндік және спорттық үйірмелер жұмысын жүйелі ұйымдастыру;
4.Балаларды дұрыс тәрбиелей алмаушы отбасылардың негізгі проблемалары мен оның шығу себептерін анықтау, зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу ;
5.Мемлекеттің қамқорлығын қажет етуші отбасыға өмірлік қиыншылықтар туындаған жағдайда қол ұшын беру, заң аясында әлеуметтік көмек алу мақсатында құқықтық кеңестер беру, психологиялық қолдау көрсету;
6.Сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту аясында семинар-кеңестер, кәсіби байқаулар, педагогикалық оқылымдар ұйымдастыру;
7.Мектеп оқушыларының өмірі мен денсаулығын қорғау, оқушы қызметінің құқықтық жауапкершілігі мен заңға мойынсұнушылық мінез-құлқын қалыптастыру аясында әр күні бақылау, қадағалау жұмыстарын жүргізу;
8. Тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижесін анықтаудың мониторингісін ұдайы жүргізіп отыру;
Достарыңызбен бөлісу: |