Сабақтың тақырыбы: Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? Оқу мақсаттары



бет1/2
Дата13.09.2022
өлшемі165,59 Kb.
#149443
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
2 сабақ Рим империясы Шығыста неліктен сақталды (1)
джт 1 тоқ қмж 6 сын, КТЖ Дүниежүзі тарихы 6 сынып 36 сағат, Оқудағы олқылықтар-1, TOISIIUATNWV30042023022927

Мұғалімнің аты-жөні:

Наташа Әбіл




Пән/Сынып:

Дүниежүзі тарихы, 6 сынып




Қай аптаның нешінші сабағы

2 апта, 2 сабақ




Тарау немесе бөлім атауы:

Рим империясының құлауы




Сабақтың тақырыбы:

Рим империясы Шығыста неліктен сақталды?




Оқу мақсаттары

6.3.2.3.Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақмерзімділік өмір сүруінің себептерін анықтау




Бағалау критерийі:

Византияның әлеуметтік топтарының өмір ерекшеліктерін шынайы айқындайды;
Византияның ұзақмерзімді себептерін анықтайды
Өзінің көзқарасын түсіндіреді;




Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2,3тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы




Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма



Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар




1 минут
00:00-01:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме оқушылар?
Оқушылар назарына Еуразия және Африка картасы көрсетіледі. – Орта ғасырларда осы екі аймақты не біріктірді?

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.
Бұл аумақтар Шығыс Рим империясының құрамына кірді, Батыс Рим империясына қарағанда 1453 ж.дейін билігін сақтап қалды.
Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:
1. Византияның ұзақмерзімділік себептерін анықтайды;
2.Византияның әлеуметтік топтарының өмір ерекшеліктерін шынайы айқындайды;

Не меңгеретінін білу үшін




Презентация № 3-4 бет




5-6 минут


01:00-02:00

02:00-06:00





Жаңа сабақ


Сабақ барысындағы талқылау



Қосымша 1. «Византияның гүлденуі»
Империяның аумағы Эгей және Жерорта теңіз-дерінің аралдарымен қоса, екі материктің жерін-де: Еуразияда және Африкада орналасқан.
Импе-рияның астанасы Константинополь шығыс және батыс елдерін байланыстыратын «Алтын көпір» деп аталды..Византиялықтар өздерін «ромейлер» деп атаған, грек тілінде бұл «римдіктер» деген мағынаны білдіреді. Гректер халық құрамында басым болғандықтан, уақыт өте келе грек тілі ла-тын тілін ығыстырып, мемлекеттік тілге айналды.Тиімді географиялық орналасудың нәтижесінде өзге елдермен сауда-саттық жасауға мүмкіншілік көп болды. Ал византиялық алтын ақша «номисма» ха-лықаралық валюта дәрежесінде жүрді.. Жан-жақтан келген саудагерлер византиялық бұйымдарға қы-зығатын.Қолнершілерге қажетті шикізат әртүрлі жерлерден әкелінетін. Қажет болғанда олар Кавказдан темір, күміс және мыс кендерін, Египеттен жазу үшін па-пирус алғызатын. Қызылкүрең бояуды жасау мақса-тында, қолөнершілер финикиялықтар өндірген теңіз қабыршақтардан алынатын шикізатты пайдаланған.Жақсы климат пен бай жерлер де елдің дамуы-на ықпалын тигізді. Батыс Рим империясына қа-рағанда, құлдар еңбегі азырақ пайдаланылды. Ауыл шаруашылығында еркін шаруалар мен егіншілер қауымдастықтары басым болды. Бір жылда олар түрлі азықтардың бірнеше өнімін алатын. Импе-рия астықты Египет пен Фракиядан алдыртқан. Ал жайылымдардың молшылығы болса мал шару-ашылығын дамытуға мүмкіндік берді.


Қосымша 2 «Ұзақмерзімді себептер»
Мемлекеттегі барлық билік император - «василевстің» қолында болуы
Шығыс Рим империясының байлығын сақтап қалуға зор үлес қосты. Византия империясының қуаттылығы І Юстиниан императордың тұсында артты. Олбилік жүргізген кезде «Юстиниан кодексі» деп аталатын бірыңғай заңдар жинағы құрастырылды. Императорды христиан шіркеуі қолдады. Шіркеу императорлық билік Құдайдын ісі, сондықтан ол қасиетті деп сендіретін.

1.Рим империясының шығыс бөлігі сыртқы географиялық орналасуына байланысты сыртқы шабуылдардан төзімді болды.


2.Күшті әкімшілік орталық, Шығыс императорлары империяның экономикалық ресурстарына толығымен бақылау жасап, шабуылға қарсы күрес үшін жеткілікті күштер жинай алды.
3.Византия римдік заң мен римдік саяси институттармен басқарылып, ресми тілі латын тілі болса да, грек тілі елде кеңінен таралған.
4. I Юстиниан Византия империясының ең күшті билеушісі болды. Империя басқарған кезінде (527-565) Жерорта теңізі айналасындағы жердің көп бөлігін басып алды, әскері бұрыңғы Батыс Рим империясының аумағын, соның ішінде Солтүстік Африка аумағының бір бөлігін басып алды.
5. 476 жылы Батыс Рим империясы құлағанына қарамастан, шығыс бөлігі билікті 1000 жыл бойы сақтап қалды. Византия өнер, әдебиет және білімнің бай дәстүрлерін сақтап қалды.
6. Варвар тайпаларын бағындыру мақсатында, Византия парақорлықты кеңінен пайдаланды: тайпалық көсемдерге әртүрлі жеңілдіктер мен лауазымдар берілді. Византия дипломаттары мен православиелік миссионерлер империяның жағына варвар тайпаларының көсемдерін тартты.

Жаңа тақырыпты меңгеру






Презентация № 5-8 бет







6 минут




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет