«Бекітемін» Мектеп директоры Б. Жанадилов



бет8/39
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#83586
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
2020 - 2021 ж Жаңа жоспар

Әдістемелік тақырып: Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру арқылы оқыту мен оқудағы оқушылардың тұлғалық құзіреттілігін дамыту. 


Әдістемелік жұмыстың мақсаты: Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін үздіксіз жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері:

  1. Әдістемелік апталықтар мен күндерді сапалы әзірлеп, өткізу және оларды мектеп басшылары мен мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі ролін көтеру.

  2. Мұғалімдердің теориялық және педагогикалық-психологиялық даярлық деңгейін көтеру; 

  3. Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік стандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру; 

  4. Оқуты мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту; 

  5. Оқу жоспары мен бағдарламаларын үйлестіру, жетілдіру, оқу пәндерінің мазмұнын жаңартуға және өндеуге ұсыныстар беру; 

  6. Оқу сабақтарының барлық түрлерінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру, әдістемелік апталықтар мен онкүндіктер ұйымдастырып, олардың мектептегі педагог қызметкерлердің шеберлігін арттыруға ықпал ету; 

  7. Басқа ғылыми орталықтармен және білім беру мекемелерімен байланыс орнату, педагогикалық ұжымның, мұғалімдердің, жас мамандардың ғылыми-әдістемелік сауатын, өзара тәжірибе алмасу әрекетін, өзін-өзі бағалау, өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау; 

  8. Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, әдістемелік бірлестіктердегі ғылыми әдістемелік жұмыстардың жандануына педагогикалық ықпал ету, оқу тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, әдістемелік кеңес жұмысының мазмұнын, бағыт-бағдарын айқындау, болжам жасау. 

  9. Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру. 

  10. Жас мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру.

  11. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың тәжірибесін жинақтау және тарату.

  12. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен олардың есебін жүргізу құжаттарын реттілік ұстау.

Жүргізілетін жұмыстар төмендегідей әдістемелік жұмыстар арқылы ұйымдастырылуда. Олар:
-Педагогикалық кеңес.
-Әдістемелік кеңес.
-«Жас мамандар» мектебі.
-«Игі істер, ізденістер» шығармашылық топтар.
-«Ізденіс» атты оқушылардың ғылыми қоғамы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет