«Бекітемін» Мектеп директоры Б. Жанадилов



бет10/39
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#83586
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
2020 - 2021 ж Жаңа жоспар

Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы

жылдар

Жалпы мұғалімдер саны

келді

кетті

Санаты

Білімі

Санатын көтерген мұғалімдер

жоғары

І

ІІ

Санаты
жоқ

жоғары

Арн.
орта

орта

жоғары

І

ІІ

2016-2017

47







4

14

15

12

41

6

-

-

1

2

2017-2018

40

1

7

9

7

15

9

34

6

-

5

-

2

2018-2019

40

6

2

9

7

15

6

34

6

-

1

1

1

Жалпыға бірдей міндетті оқу заңы талабын орындау мақсатында тамыз есебі жүргізіліп, жас бойынша балалар тізімі алынды. Тоқсан көлемінде оқушылар қозғалысы қадағаланып, келген –кеткен оқушылар есепке тіркелді. Оқушылардың жеке іс қағаздары жүргізіліп, мақтау қағаздары, табельдері тіркеліп отырылды. Бірінші сыныпқа оқушылар жасына сәйкес қабылданды.


Мектептің 2018-2019 оқу жылына арналған оқу – тәрбие жоспарында көрсетілген жұмыстар орындалды. Тоқсан сайын білім сапасы мониторингі жасалып, талдау - сараптау жүргізу, нәтижесін педагогикалық кеңестерде талқылау іске асырылды.
Педагогикалық кеңесте мектептің жылдық және даму жоспары, әдістемелік бірлестіктердің қызметі, таңдау, қолданбалы курстар жоспарлары, үйірме сағаттарын бекіту, мұғалімдердің шығармашылық есептері, санитарлық – гигиеналық жағдай секілді маңызды шешімдер қабылданды.
Мектепшілік іс – шаралар мен іс - әрекеттердің өзара байланысты жүйесі ретінде мектептің әдістемелік жұмысы білім беру үрдісінің сапасы мен әрбір мұғалімнің біліктілігін көтеруге бағытталған.
Жыл басындағы педагогикалық кеңестер бекітілген жоспарға сәйкес әдістемелік кеңестің жарты жылдықта 5 отырысы өткізілді. Онда мұғалімдердің шығармашылық бағыттағы іс – тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Бағалауға арналған тапсырмаларды жасау және сараптау» таныстырылым, «Шаңырақ» ата-аналармен ұйымдастырылатын жұмыстар, «Қалыптастырушы бағалау- табысқа жету баспалдағы». (коучинг), «Ата ана,бала және тәрбиеші арасындағы қарым қатынасты дамыту». (таныстырылым), «Тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің рөл» «ОЖСБ,ҰБТ -ға дайындаудың тиімді әдіс- тәсілдері» жұмыстары жайлы, ағымдағы және тоқсандық жазба жұмыстарының қорытындылары сараланып, білім сапасын көтеру жолдары бірігіп қарастырылды


Талдықорған қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында критериалды бағалау жүйесін енгізу мен педагогтардың тәжірибесін жетілдіруде тірек мектептер зерттеу жұмыстарын жетілдіруде эксперт – мұғалімдеріне деңгейлік курстан өткен, жоғарғы санатты мұғалімдер, барлығы 19 мұғалім қатысып келді. Семинарға қатысқан мұғалімдер, пед ұжым мұғалімдерімен ойларын бөлісті. Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата – анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерилерге негізделген үдеріс. Бағалау – оқу бағдарламасының ажырамас бөлігі. Сондықтан семинарға қатысушылар әртүрлі слайдтар көрсету арқылы критериалды бағалаудың 2 негізгі түрі : қалыптастырудың (формативті) жиынтық бағалау (сумативті) туралы мұғалімдерге түсінік берді.


Мектепте 6 пән бірлестігі жұмыс жасайды. Оларға мұғалімдер пәндерге сәйкес біріктірілген. Пән әдістемелік бірлестігінің жұмыстары, оның жыл басында бекітілген жоспарының орындалуы қадағаланып келеді. Оларда қаралған мәселелердің өзектілігі мен мектеп үшін тиімділігі басты назарда ұсталып, құжаттары жинақталды.
Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Осы бағытта мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіру жұмысына ерекше мән беріледі.
Исламжанов Бек, Марат Сания, Жакашева Роза,Жакашева Динара Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектептердегі пән бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсынан өтті, Орынбаева Алмагүл Алматы қаласындағы Өрлеу біліктілігін арттыру институтында « Мектепті дамытудағы инновациялық бағыттар» тақырыбында білімдерін жетілдірді.
Мектепте қорытынды аттестаттау және ҰБТ – ға дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Ата – аналармен, пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілермен байланыста болып, оқушылардан бауқау сынақ тестері алынып, қорытындысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай – ақ оқушылардың психологиялық тұрғыдан дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында мектеп базасында байқау сынақтары алынды.
Мектеп - әдістемелік жұмыстарының негізгі орталығы. Кез келген педагогикалық іс - әрекет дұрыс орындалуы үшін тура байланыс пен кері байланыс та ойдағыдай жүзеге асырылуы керек. Ал кері байланыстың ең ықпалды түрі – бақылау. Бақылау – мұғалімге көмек беру деген сөз.
Мектеп жұмысын басқару, мектепішілік бақылау ұйымдастыру аса күрделі де сан – салалы мәселе. Мектеп әкімшілігі өзінің басқарушылық білім мен шеберлігін, бірлігі, әдіс – тәсілдерін игеру, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту жолында біраз жұмыстар атқаруда. Мектеп әкімшілігі арасында еңбек бөлінісі мен міндеттерін нақты айқындау ісі жүргізіліп, әрбір сабақтастықты сақтау жолдарын анықтады.
Мектепішілік бақылау жыл бойы барлық пәндер бойынша жүргізілуде. Мектеп ішілік бақылау – мектеп әкімшілігінің саналы түрде бағытталған жұмысы, ол – басқару бағдарламасындағы кемшіліктерді анықтау. Мектеп ішілік бақылаудың негізгі бағыттары:
1. Оқу тәрбиесі процесі – ол оқу пәндерінің оқытылу барысын бақылау.
2. Педагогикалық кадрлар - әдістемелік бірлестік жұмыстарының орындалуын бақылау, педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуын бақылау, мұғалімдердің біліктілігін көтеруін бақылау мектеп ішілік бақылау жүйесі жыл бойы жүргізіледі, ай сайын іске асырылатын жұмыс жоспарлы түрде жүргізіледі. Оның ішінде ай сайын міндетті түрде жүргізілетін бақылау жұмысының бірі ол – журналдың жүргізілуін бақылау. Қыркүйек айында міндетті білім беру айлығы қорытындысы, оқулықпен қамтылу, тіл мерекесі шараларының өткізілуін тексеру болса, қазан айында 5- сынып оқушыларының бейімделуі мен қиындақтарын анықтау мен бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдықтары тексерілсе, оқушылардың жеке бас іс – қағаздарының жүргізілуіне бақылау жүргізілді. Жалпы ай сайынғы мектеп ішілік бақылау жүргізуге байланысты бұйрықтар шығарылып, тексеру қорытындысы кіші пед кеңес пен әкімшілік кеңестерде қаралып, нәтижесі шығарылып отырды. Сол жүргізілген бақылау деректемелері негізінде төмендегідей кемшіліктер байқалды:
1.Кейбір мұғалімдер мамандық – кәсіптік деңгейінің төмендігін;
2. Үйірме, таңдау курстарының өз деңгейінде жүргізілмеуін;
3 . Оқушылар білімдерін объективті бағаламаушылықты;
4. Оқу үрдісін ұйымдастыруда мұғалімдердің оқушылардың нақты қызығушылықтарын ескермеуін:
6. Дәстүрлі сабақ жүйесінің тиімсіздігін, педагогикалық жүйеге жаңа технолгиялық бағыттылықты енгізудің керектігін т.б
Осы оқу жылында мектепішілік бақылау жоғарыда аталған кемшіліктерді жою бағытындағы жұмыстарды басты нысанаға алып отыр.
Педагог қызметкерлерді аттестаттау – педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім. Педагогтарды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы ақпандағы бұйрығына сәйкес (аттестаттаудың екінші кезеңі) өткізіледі.
Мектеп бойынша осы оқу жылында аттестатталуға өтініш берген мұғалімдер саны 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылдың ақпанындағы өзгерістері толықтырулары енгізілген аттестациялау ережесімен аттестацияға өтініш берген мұғалімдер таныстырылды. Аттестаттау ережесіне сай, педагогтардың өтілі, біліктілік деңгейі, білім санаты тексеріліп, сәйкестігі анықталуда. Қазіргі кезде мұғалім жоғарғы санатқа өтуге, 1 мұғалім І санатты қорғауға, 1 мұғалім І санатын өтуге, 1 мұғалім ІІ санатқа өтуге өтініш берді. Жұмыстары саралануда. 1 мұғалім зейнеткерлік жаста болғандықтан тиісті санатында қалдырылады.
2018-2019 оқу жылында жаратылыстану – математикалық бағытты 11 сыныпта – 12 оқушы, 10 – сыныпта – 19, қоғамдық гуманитарлық бағытты 11 сыныпта – 5 оқушы, 10 сыныпта - 8 оқушы таңдады. Жоғарыдағы бағдарларға сәйкес типтік оқу жоспарының вариативті бөлігінен қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламалары жасалынып, оқушы сұранысына сәйкес оқытылуда.
Сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 1 – 11 сыныптар аралығында мамандыққа байланысты, мамандықтың қыр-сырын түсіндіру мақсатында іс-шара өтті.
Педагогикалық кеңесте мұғалімдердің ізденіс жұмыстары, пікірлері тыңдалып отырылды.
Әдістемелік кеңесте оқу бағдарламасының орындалуы, әдістемелік кеңестің тоқсан бойынша жұмыс нәтижелері, мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін көтеру жағдайы, өзін-өзі жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің, аттестаттаудан өтіп жатқан мұғалімдердің есебі тыңдалып отырылды.
Білім жетілдіру институтында АОМКДИ тарапынан ұйымдастырған курстан жалпы биылғы оқу жылында 6 мұғалім өз пәндері бойынша курстан өтіп, біліктілігін арттырды және әріптестерімен курста алған жаңалықтарымен бөлісті.
Сонымен бірге мұғалімдер білім деңгейлерін мектеп, аудан көлемінде өткізілетін семинарлар, конференциялар, ӘБ отырыстары кеңесінде қаралатын өзекті мәселелерді шешу үрдісінде де дамыта түседі. Осы орайда қазақ тілінен, химия, биология, математика, тарих, бастауыш сыныптар, МАД, шағын орталық, құқық, физика, география, т.б. пәндерден өткен аудандық семинарларға мұғалімдер қатысып, өзге әріптестерімен тәжірибе алмасты.
Сондай – ақ интернет жүйесі және баспа құралдарының да уақыт талабына сай білім деңгейлерінің көтерілуіне ықпалы зор.
Мектепішілік жоспарланған барлық іс –шаралар өтілді. «Тәлімгерлер» апталығы, «Жаңа келген ұстаздар», «Жас мамандар» апталығы, барлық бірлестіктерде пән апталықтары өтілді. Мектепте жас мамандармен жұмыс, озық тәжірибе мектебі, «Қабілет» шығармашылық тобы жұмыс жүргізді.Жас мамандарға тәлімгерлер бекітіліп, олардың арнайы жылдық жоспарлары жасалынды. Жоспар бойынша тәлімгерлер жас мамандарға сабақ өткізуде жаңа педтехнологияларды пайдаланудың жолдарын, іс-құжаттардың дұрыс жүргізілуін үйретіп отырды.
Мектепте барлығы 4 жас маман жұмыс атқаруда. Оларға жыл басында тәлімгерлер сайланып, жоспарлы түрде көмек көрсетіліп тұрды. «Жас мамандар» апталығында, бұл мұғалімдер ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізіп, өздерінің шығармашылық деңгейлерін көрсетті. «Жас маман» тақырыбында байқау өтіп,белгіленген шарттар бойынша Жакашева Динара І орынды иемденіп, Мақтау қағазымен марапатталды.
Жоспарлы түрде пән онкүндіктері өткізіліп, мұғалімдер ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізіп, олардың қорытындысы кіші педкеңесте, директор жанындағы отырыста қаралып,ұсыныстар айтылды. Кеткен кемшілік бойынша бірлестік бойынша жоспар құрып ,түзету жұмыстарын жүргізді.
Әдістемелік кеңесте оқу бағдарламасының орындалуы, әдістемелік кеңестің тоқсан бойынша жұмыс нәтижелері, мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін көтеру жағдайы, өзін-өзі жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің, аттестация өтіп жатқан мұғалімдердің есебі тыңдалып отырылды.
Бүгінгі күні әр мұғалім өз пәні бойынша шығарылатын ғылыми - әдістемелік газет – журналдарға жазылып, ақпарат тарататын құралдарды меңгеруде. Мектебімізде интернет желісі арқылы мұғалімдер өзіне қажетті материалдарды іздестіріп, білім дәрежелерін дамытуда.
2018-2019 оқу жылында 11-сыныпты 12 оқушы бітіреді.Оқушыларды мемлекеттік емтиханға дайындау үшін жылдық жоспар, арнайы қосымша сабақ кестесі жасалынып, мектеп директорына бекіттірілді. Жаңа формат ережелерімен таныстыру барысында оқушыларға,ата-аналарға жиналыстар өткізілді. Жоспар бойынша ҰБТ қорытындысы әдістемелік, педагогикалық кеңесте қаралып отырды. Қыркүйек айында оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Орынбаева «ҰБТ-ның жаңа форматы» пән иелерімен арнайы жиын өткізді.Әр алынған мектепішілік бақылау тест қорытындысы бойыншаата-аналармен айына бір рет жиналыс өткізіліп, қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындық жұмыстары, тест қорытындысы жайлы талданып отырады. Ата-аналарға балалардың сабаққа үнемі қалмай қатысуын қадағалау, жан-жақты қолдау көрсету тапсырылды. Каникул кездерінде арнайы қосымша сабақ кестесі құрылып, дайындық жұмыстары жүргізіліп отырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет