«Бекітемін» Мектеп директоры Б. Жанадилов



бет12/39
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#83586
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
2020 - 2021 ж Жаңа жоспар

Оқушылардың аты жөні

сыныбы

Қандай пәннен қатысты



Қорғаған тақырыбы

Жетекшісі

орны

1

Базарбай Абзал

10

Информатика

«MOBIE MAKER»

Бимағанбет Шарапат

ІІІ орын

2

Нұрқас Айбек

7

Орыс тілі

Путешествия Гулливера

Жакашева Динара

ІІІ орын



5. Мектеп оқушыларының аудандық ғылыми жобалар сайысында жеткен жетістіктері

Дарын, КҒА, Зерде ғылыми жоба конференциясына мектептен 6 оқушының жобасы қатысып, 6 жүлдені орындардан көрінді..







Оқушылардың аты жөні

сыныбы

Қандай пәннен қатысты



Қорғаған тақырыбы

Жетекшісі

орны

1

Бердібек Әділ




Қазақ әдебиеті

Ісі де күші де аңыз болған Балуан Шолақ

Нұрсадықова Гульан

І орын

2

Мамбетали Маржан



9


биология

Хлорофитумнің әртүрлі топырақта өсуі

И.Қиялбаева

ІІ орын

3

Бектен Ақниет



9


биология


Адыраспан өсімдігінің халыө медицинасында қолданылуы

И.Қиялбаева



ІІІ орын

6. ОБЛЫСТЫҚ, Аудандық олимпиада қорытындысы

Облыстық олимпиадаға ағылшын пәні бойынша жолдама алған сынып оқушысы Байұзақ Махаббат ІІ дәрежелі ДИПЛОМ ды иеленіп қайтты. Жетекші мұғалімі ағылшын пән мұғалімі Амиржанова Гулфариза.


Қараша айының 03-04 аралығында 8-10 сынып оқушыларының арасында мектепішілік олимпиада өткізіліп, оған 30 оқушы қатысты. Олимпиада екі турдан тұрды. Олимпиада қорытындысы бойынша І,ІІ,ІІІ орынға шыққан оқушылар грамотамен марапатталды.Осы олимпиададан І орын алған оқушыларды аудандық олимпиадаға сапалы даярлау пән мұғалімдеріне тапсырылып, желтоқсан айында өткізілген аудандық олимпиадаға 7 оқушы өтіп, олардың барлығы да І,ІІ,ІІІ орындарды иеленді. Аудандық «Айқанат» оқушыларға арналған олимпиадаға 9 сынып оқушысы Садыхан Толғанай қатысып ІІ дәрежелі Диплом алып , ІІ кезеңге өтті.

Реті

Оқушының
аты – жөні

Сыныбы

Пәні

Орны

Мұғалімі

1

Байұзақ Махаббат

9

ағылшын

І орын

Ф. Амиржанова

2

Бағашар айжан

11Б

орыс тілі

ІІ – орын

Д.Жакашева

3

Еркінқызы Гаухар

10 A

қазақ тілі

ІІІ – орын

А.Қуатбекова

4

Елбол Аяулым

10 Б

ағылшын

ІІ – орын

Н Қасенова

5

Бекен Дарын

10A

биология

ІІІ орын

З.Искакова

6

Жетен Дінмұханбет

9

биология

ІІ орын

И.Қиялбаева

7

Қадыржан Карина

8

тарих

І орын

А.Байгуатова

Аудандық «Жыл пән мұғалімі- 2019 » байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болған мұғалімдер «Мақтау» қағазымен марапатталды.

Реті


Мұғалімнің аты жөні

Пәндері

Алған орны

1

Исламжанов Бек

АӘД

ІІІ

2

Қасенова Нургул

Ағылшын тілі

ІІ

3

Абеуова Бибинур

математика

І

4

Жакашева Динара

Орыс тілі

ІІІ

5

Қиялбаева индира

биология

ІІІ

6

Умиралиева Динара

Бастауыш

ІІ

7

Мұқатаева Жазира

Қазақ тілі

ІІІ

8

Зияханова Мира

тәрбиеші

ІІ

Мұғалімдерге арналған КИО дан Қуатбекова Асылхан І орын, сынып оқушысы Амангелді Д І орынды иеленді.
ПЕДСТАРТ қашықтық олимпиадасына А.Орынбаева, А.Жақанбаева, И.Қиялбаева қатысып,І, ІІ, Дәрежелі Диплом алды.
Аудандық «Жарқын болашақ » қазақ тілі олимпиадасы байқауында 10 сынып оқушысы Тұрлыбай Есбол Бас жүлде, , «Сөз шебері» бағытында 7 сынып оқушысы Бердібек Аділ ІІ орын, «Тілші әдебиетші» бағыты бойынша 11 сынып оқушысы Бағашар айжан Бас жүлде алды.
«Абай оқулары» байқауында Бердібек Әділ ІІ орын алды. Сонымен қатар ақындық өнерін шыңдау,иарату мақсатында аудандық Қарқара,Райымбек газеттеріне өлеңдері жарияланды.
Аудандық «Ілияс оқулары» бақауында Еркінқызы Гаухар І орын, Республикалық «Ілияс оқулары» бақауында Еркінқызы Гаухар ІІ орын
Жаңа оқу жылында алға қойылатын міндеттер

Мектепте 2018-2019 оқу жылында атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарына жасалған талдаулар негізінде мектепте аталған кемшіліктерді жою, әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында 2018-2019 оқу жылына басым бағыттар белгіленіп, оны орындау мақсатында төмендегідей міндеттерді қадағалаймыз:


. Білім беру сапасын арттыру мақсатында пән сабақтарында интерактивті оқыту технологияларын кеңінен пайдалану;
. Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға және ОЖСБ дайындау, білім сапасының орта балын көтеру бағытындағы жүйелеу, үздіксіздендіру, нәтижеге бағыттау;
.Мұғалімдердің шығармашылық тобының жұмысын жандандырып, озат тәжірбиелерді ақпараттандыру, насихаттау;
. Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқыту жоспарларын, мемлекеттік білім беру стандартын, мемлекеттік білім беру стандартын, нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру;
. Дарын ғылыми шығармашылық тобының жұмысын жетілдіру;
. Мұғалімдерге педагогикалық білім өз бетінше көтеру жолдарын үйреті, өзара кәсіби бәсекелестік орнату;
. Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
. Мұғалімдердің оқушылар білімдерін бағалауда обьективтік принципін ұстауға бағыттау;
. Жеке оқушылармен жұмысты жетілдіру жолдарын қарастыру;
. Сынып журналдарының дұрыс жүргізілуіне семинар, оқулар ұйымдастыруды қолға алу;
. Мұғалімдерді зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру;
. Оқушыларды даралап және саралап оқытуда жаңа технологиялармен жүргізетін жұмыстарды жандандыру;
. Оқушылардың білім сапасын арттыру, олардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне ықпал ететін интелектуалдық шараларды өз дәрежесінде ұйымдастыру;
. Сынып жетекшілерінің жеке оқушылармен, тәрбие деңгейі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстарын ерекше бақылауға алу;
. Жайсыз отбасыларды жете анықтап, ауыл әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен бірлесе жұмыс жүргізу;
. Ата-аналар, ауыл жұртшылығымен ынтымақтастықты нығайту;
. Балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды көбейту, сапасын арттыру;
. Сынып жетекшілерінің кәсіби біліктілігін арттырудағы жұмысты жетілдіру;
. Білім мазмұнын жаңартылған бағдарлама бойынша мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыру;


2018-2019 оқу жылындағы білім сапасының көрсеткіштері





Сыныбы

Оқушы саны

Озат

Екпінді

Сапасы

Үлгерім



1

1 Сынып

24

-










2

2 AСынып

13

6

3

69

100

3

2Б Сынып

15

5

5

71

100

4

3 Сынып

15

3

8

73

100

5

4 А Сынып

14

4

6

64

100




4Б сынып

13

2

7

69

100

6

5 А сынып

14

4

6

71

100




5 Б сынып

14

1

9

71

100

7

6 сынып

19

4

9

68

100

8

7 сынып

25

3

14

68

100

9

8 сынып

17

0

12

71

100

10

9 сынып

18

4

6

67

100

11

10 А сынып

11

1

7

73

100

12

10 Б сынып

8

0

5

62

100

13

11 А сынып

7

2

6

61

100

14

11 Б сынып

5

-

5

100

100






БАРЛЫҒЫ



231



36



108



69,6%



100



Жылдық қорытынды бойынша сыныптардың білім сапасы көрсеткіші
АӘД пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысының 2018-2019 оқу жылындаатқарған жұмыстарының
е с е б і
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2013 ж. 13 сәуірдегі №115 бұйрығы мен Алғашқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы Қ.Р.Қорғаныс министрінің 12.07.2017 ж. №347 бұйрығына сай мектепте АӘД пәні мен өмір қауіпсіздігі негіздерін оқыту туралы бұйрық шығарылып, іс-шара жоспары жасалынды.
2018-2019 оқу жылында жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәні, әскери –патриоттық тәрбие ісі бойынша жоспарға сәйкес адамгершілік патриоттық және әскери тәрбиелік бағытта іс-шаралар өтті.
Оқу жылының басында төмендегі құжаттар жасалынып;
Мектеп әкімшілігі отырысында қаралып бекітілді.
1.АӘД пәнін оқытуды бастау туралы бұйрық;
2.Сыныптарды взводтарға және бөлімшелерге бөлу, командирлерін тағайындау туралы бұйрық;
3.Әскери патриоттық іс - шара жоспары;
4.Әскери кабинеттің жұмыс жоспары;
5.Әскери жетекшінің жұмыс жоспары;
6. Взвод және бөлім командирлерімен атқарылатын жұмыс жоспары;
7.Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыруға жататын оқушы жастармен істелінетін жұмыс жоспары;
8.Оқу материалдарын күтіп ұстау, толтырып отыру жоспары;
9.Дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен бірігіп атқаратын жұмыс жоспары;
10.»Жас шекарашылар» үйірмесінің жұмыс жоспары.
Жоғарыда көрсетілген құжаттар бойынша тәрбие орталығымен бірлесіп, мектепте әскери патриоттық іс-шаралар жоспары жасалынды. Сыныптан тыс шараларға байланысты тәрбие орталығымен бірге жұмыстар жүргіздім. Мектептегі ұлдар кеңесі жұмысының жоспар бойынша жүруіне көмек көрсетіп қадағалаймын. Оқу жоспары бойынша күнтізбелік жоспар жасалынған, жоспар бойынша сағат сандары түгел, сабақ жоспарлары бекітіліп жасалынған.
Жоспар бойынша атқарылған іс-шараларым төмендегі тізбеде:
1.Мектепте төтенше жағдайлардың алдын- алу жұмыстары:
Мектебімізде төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында дабыл қоңыраулары соғылып, әртүрлі экстрималдық жағдайлардан құтқару шаралары жүргізіліп отырды.
2.Жол көлік оқиғаларымен түрлі жарақаттардың алдын алу;
Жол көлік оқиғаларымен түрлі жарақаттардың алдын алу мақсатында оқу бағдарламасына сәйкес «Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу курсы мазмұны бойынша жүзеге асырылды. 2-4 сыныптарда 6 сағат Дүниетану оқу курсы аясында, 5-9 сыныптарда 15 сағат , Дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылды. 10-11 сыныптарда 12 сағат АӘД оқыту курсының аясында жүзеге асырылды.
«Жол қозғалысы ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4 сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен, 5-8 сыныптарда аталған оқу курсы сыныптан тыс уақыттарда сынып сағаты мен факультатив сабақтар есебінен әрбір сыныпта 10 сағат көлемінде іске асырылды.
3.Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына орай «Тарихы терең, байлығы ерен- Отаным» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс шара өткіздім.
Мектебімізде пән бірлестіктерінің апталығында өткізілген үлгілі ашық сабақтарына қатысып, тәжірибе алмастым
4.Желтоқсан айында, 11 сәуірде «Рабат» шекара застаасының қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу 10-11 сынып оқушыларымен мамандық таңдауда, бағыт-бағдар беру, жоғары әскери орындары мен әскери қызметтің мәртебесі тақырыбында болды.
5.Қ.Р. қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті борышы тақырыбына мектебіміздің түлегі әскер қатарында борышын өтеп келген Жүніспек Абылаймен кездесу ұйымдастырылды.
6. 12 қаңтарда жоспарға сәйкес 2002-ші жылы туылған мектеп оқушыларын аудандық әскерге жұмылдыру орталығына тексеруге апардым.
7. 11-ақпан Ауған соғысына 30 жыл толуына орай 10-11 сынып оқушыларымен «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өткіздім. Кешке ауыл ақсақалдары және Жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция қызметкері Ақбергенов Қ. қатысты. 
8. 12 ақпан айында аудандық «Жыл пән мұғалімі-2019» байқауына қатысып жүлделі үшінші орынға ие болдым.
9. 11 - ақпанда мектепте 9-11 сынып оқушыларымен «Алау» әскери спорттық жарысын өткіздім, жарыс қорытындысы бойынша командалар мектеп директорының грамоталарымен марапатталды. 10 «а» сыныбы 1 орын, 10 «б» сыныбы 2 орынға ие болды.
10. Ақпан айының 11 – 20 аралығында Дене тәрбиесі, АӘД пәні бірлестіктерінің апталығында АӘД - пәнінен «Қол гранаталары» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.
11. 19 сәуір күні Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Кеген ауылында аудандық «Жас ұлан» әскери спорттық ойыны өткізілді. Жарысқа 9-11 сынып оқушыларынан жасақталған «Сұңқар» командасы қатысып, 2 орынға ие болды, жекелеген оқушылар (Ерболат Олжас) Үздік кермеге тартылушы номинациясымен марапатталды.




12. 7 мамыр Аудан орталығында өткен ардагерлермен кездесуге мектеп оқушыларын қатыстырдым. Оқушыларды мұражайға аралатып экскурсия өткіздім. Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай өткізілген іс – шарада аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» мадақталдым.
13 .7. 8, 9 мамыр күндері ауданымыздың орталығында 9 мамыр жеңіс күніне арналған әскери парадқа қатыстым.
14. Осы оқу жылында қараша айында (Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «АӘД» пәнін оқытудың инновациялық тәсілдері) тақырыбындағы білім жетілдіру курсынан өттім.





«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде жастарға әскери – патриоттық тәрбие берудің негізгі бағыттары атты «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы өткізген семинарға қатысып «Құрмет грамотасымен» мадақталдым. Облыстық білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, АӘД ғылыми тәжірибелік орталығының алғыс хатына ие болдым. Қазақстан Ұстазы республикалық ғылыми – әдістемелік педагогикалық журналында «Автоматтың бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы, арналуы» тақырыбында сабағым жарық көрді (№2, ақпан 2019ж).
Облыстық «Алау» әскери – патриоттық ойындарына мектеп оқушысы Ерболат Олжас қатысып, Алғыс хатқа ие болды.
Атқарылған жұмыстармен қатар төмендегідей кемшіліктер де кездесті:
1. «Жас шекарашылар» үйірмесінің жұмыс жоспары жасалынған, осы жоспарды облыстық білім басқармасында бекіту жүргізілмеді. Сонымен қатар ұйымдастыруда жанды жұмыстар аз болды.
2. 2. «Жас мергендер» үйірмесінің жұмыс жоспарын жасап, жандандыру. Жоғарыда аталған кемшіліктерді алдағы оқу жылының енгізіп түзетемін.
Ұсыныстар: Жалпы әскери дайындық жұмыстарын жетілдіру
АӘД пәнінің оқытушы – ұйымдастырушысы: Б.Исламжанов
Қосымша білім беру педагогының жұмыстары жайлы есебі.
Қыркүйек айында оқу басталысымен ұйымның бас қосу жиыны өтіп, ұйым басшыларын сайлап, жылдық жоспарды бекітті. Ұстаздар күніне орай 4 қазан күні 11 сынып оқушыларымен «Ұстаз аты биік әрі мәңгілік» тақырыбында мұғалімдер мен ардагер ұстаздарға арналған мерекелік кеш болып өтті. Кеште ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, көркем өнерпаздар үйірмесінің ұйымдастыруымен концерт өткізілді.
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 13 қазан күні мектебіміздің атына берілген Ж.Ермегияевтің 100 жыл толуына арналған жиын өткізіліп соңынан мектеп ұстаздарының ұйымдастыруымен концертін тамашалады және естелік сурет,бейне таспаға түсіріліп мектебіміздің мұражайына қойылды.
25 қазан күні Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Жалаңаш ауылдық окургінің ұйымдастыруымен «Ырыс дәулетті күздің берекесін ана келтіреді» атты күз өнімдерінен көрме байқауына мектебіміздің ұжымы қатысып, «Бас жүлдеге» ие болып ,бағалы сыйлықтар тапсырылды. 13 қараша 5-10 сынып арасында күзгі бал,20 қараша күні 1-4 сынып арасында «Күз-береке, күз-мереке» атты күзгі бал мерекесі өтті. 29 қыркүйек күні « Ана тілін құрметтеу-ұранымыз» атты тіл мерекесі 1-4 сыныптар аралығында өтті. Желтоқсанның 26-29 аралығында жаңа жыл мерекесі өтті. Қаңтар айы қысқы каникул кезінде 6-11 сынып аралығында домбыра, гитара, вокал үйірмелері ұйымдастырылды. Дарынды және талантты оқушыларымыз мектептен тыс аймақтық,аудандық, республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындар иеленіп келеді.
Ақпанның 9-11 аралығында YII Республикалық дарынды балалар байқауында «Сырым бар жүрегімде» атты балалармен жасөспірімдер ән-би байқауының «Эстрадалық вокл» номинациясы бойынша Мұқатай Ақжол,Мұқатай Серік,Мұхамет Сымбат,Ерғанатұлы Cағыныш жүлделі орындарды жеңіп алып, сонымен қатар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
18 ақпан Аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының «Әнші бұлбұлдар » номинациясы бағытында ерекше дарыны мен шығармашылық ізденісін көрсетіп «Бас жүлдені» 10 сынып оқушысы Тұрлыбай Есбол жеңіп алып, Республикалық жарысқа жолдама алды.
Желтоқсанның 26-29 аралығында жаңа жыл мерекесі өтті. Қаңтар айы қысқы каникул кезінде 6-11 сынып аралығында тегін би кештері кештері ұйымдастырылды. «Жарық жұлдыздар» атты балалар өнер байқауына мектебіміздің оқушылары Мұқатай Cерік «Вокал» номинациясы бойынша 1 орын, Жүсіпбаева Мөлдір 1 орын,Есбол Інжіу 2орын, Даниял Айым бас жүлдені жеңіп алып ұстаздары алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар «Бейбітшілік әлемі» атты аймақтық байқауға оқушыларымыз қатысып жүлделі орындарға ие болды. 8 мамыр «Біз тәуелсіз елдің ұланымыз» атты мектепшілк патриоттық әндер байқауы өткізілді
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында мектепте көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Қыркүйек айында бос уақыт орталықтарында балалардың тартылуын ұйымдастыру бойынша үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ылғи мектепте жұмыс істейді:Көркемөнерпаздар үйірмесі мен с порттық бағыттағы үйірмелер.
Оқушылар осы үйірмелерге қатысып, аудандық, Республикалық жарыстарда сенімді мектептің атын қорғап, жүлделі орындарға ие болған


Қосымша білім беру педагогі: Көбеген Ш


І тарау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет