Қолданбалы курс дегеніміз оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету, тақырыпты кеңінен ашып көрсету, ойлау қабілетін дамыту, оларды оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін сабақтар. Жаратылыстану – математикалық бағытында 10 – сыныпта жүргізілетін биология пәнінен қолданбалы курс бағдарламасы жалпы орта білім беру саласындағы биология бағдарламасына сәйкес жасалған.
Физиология (грекше physis - табиғат, logos - ілім ) тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін , тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым. Адам физиологиясы курсынан алған білімін іс жүзінде қалыптастыру. Қазіргі таңда мектеп бітіруші түлектеріміздің медицина саласына көп көңіл бөлуіне байланысты курсты адам физиологиясы деп алуды жөн көрдім. Сонымен қатар қосымша материалдар мен зертханалық жұмыстармен үнемі шұғылдану еңбек сүйгіштікке, жауапкершілікке, табандылыққа және жігерлілікке үйретеді. Алға қойған мақсатқа жету үшін қайсарлықты қалыптастырады, ақыл – ойы мен таным белсенділігі артады.
Кіріспе
Түсінік хат
Курстың мақсаты:
Физиология ғылымының қағидаларымен таныстыру арқылы адам денсаулығын тиімді ұйымдастыруды үйрету;
Әрбір адамға денсаулық деңгейін анықтау мен нығайту тәсілдерін үйрету.
Курстың міндеттері:
ғылыми деректерден, ұғымдардан, заңдар мен теориялардан тұратын биология ғылымының негізін білу;
негізгі ұғымдар мен теорияларды білу.
өз бетімен белсенді жұмыс істеуге үйрету;
оқыту өмірмен тығыз байланыстыру;
қосымша білім беру арқылы алған білімді сапалы да орынды пайдалана алу машығын қалыптастыру;
ҰБТ – ға дайындық.
Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
физиологияның даму кезеңдерін қалыптастыру;
жасушаның құрылысы, қызметі туралы түсінік қалыптастыру ;
орталық жүйке жүйесінің қызметі туралы білімін кеңейту;
қанның құрамы мен қызметі туралы түсінігін қалыптастыру;
зат алмау процесін түсіндіру;
адамның мақсатты іс - әрекеті туралы көзқарасын қалыптастыру.