Лауазымдық міндеттері Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) отбасылық жай-күйін зерделейді және баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады.
Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды.
Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) күн тәртібін ұйымдастырады.
Ата –аналарды қызықтырып бірлесіп жұмыс жасауға шақырады.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетін жүргізеді. Тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады.
Медицина қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді. Олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың білім беру ұйымында сабақтан тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік артады.
Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Ата-аналарымен және тәрбиеленушілердің басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады.
Топтарға бөлінген мүліктердің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктердің, оқу құрал-жабдықтары мен ойыншықтардың есебін жүргізеді.
Тәрбиешінің көмекшісінің жұмысын басқарады.
Құқықтары ҚР Еңбек кодексінде, ҚР «Білім беру туралы», «ҚР бала құқығы туралы» заңдарында және басқа нормативтік құқықтық актілерде, сондай-ақ ұйым жарғысында және Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде қарастырылған құқықтарды иеленеді.
Жауапкершілігі МДБҰ-дағы балалардың өмірі мен денсаулығына жеке жауапкершілік арқалайды.
Осы нұсқаулықта айтылған барлық міндеттердің орындалуына жауапты.