«БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры
__________С. Омарбекова
«___»_________2024 жыл
«ЖАҢАЛЫҚ ОРТА МЕКТЕБІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША 5-СЫНЫПТЫҢ ТӘРБИЕ ЖОСПАРЫ
Сынып жетекшісі Г.Бескенова
2024 жыл
«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысындағы
тапсырмасына сәйкес 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты
үшінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес Біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны жаңартылды.
Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады.
Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді
саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті
мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл «Біртұтас тәрбие»
бағдарламасының басты идеясына айналды.
Мазмұны ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын:
«Тәуелсіздік және отаншылдық»
«Бірлік және ынтымақ»
«Әділдік және жауапкершілік»
«Заң және тәртіп»
«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік»
«Жасампаздық және жаңашылдық»
Достарыңызбен бөлісу: |