Бекітемін: Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. М. Абельдиева Тақырыбы: «Қарты бар ел-қазыналы ел» Мақсаты



бет3/6
Дата08.02.2022
өлшемі36,52 Kb.
#122666
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
04.10.2021

Социализм негізгі орта мектебі


Тақырыбы: «Артық білім кітапта, ерінбей көріп білуге»
6-сынып

Өткізген: А.Ғ. Мукашева


2021-2022 оқу жылы
Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Кітап көрмесі. Дана адамдардың кітап жөнінде айтқан сөздері. «Кітап – жаз азығы», «Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай, өмірді білу, білім алу мүмкін емес». Серке Қожамқұлов. 
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» Абай Құнанбаев. 
Барысы: 
Мұғалім: Жұмбақ шештірту
Қабат-қабат қатталған, 
Асыл сөзбен апталған. 
Парағы бар сөйлейтін, 
Ол қазына өлмейтін. 
(Кітап) 
Ой қозғау: 
1-топ: - Мектепке балалар не үшін келеді? 
2-топ: - Оқу, білімді алу үшін оқушыға не керек? (Кітап) 
3-топ: Кітаптың пайдасы туралы қысқаша әңгімелеп беріңдер. 
Мұғалім: 
Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кітап елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл – кеңес, тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.
«Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. «Өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені кітапқа арналады. Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап – ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап – ақылдың кені. 
Кітапта алма ағашы, 
Жемісін біздер теретін. 
Тәтті алмаға балашы 
Кітабыңның әр бетін,-деп Музафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар – сендерге білім көзі, рухани қазына. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білім мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет