Бекітемін: Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. М. Абельдиева Тақырыбы: «Қарты бар ел-қазыналы ел» Мақсаты



бет2/6
Дата08.02.2022
өлшемі36,52 Kb.
#122666
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
04.10.2021

ІҮ. Қорытынды
Мұғалім:Ата-ананы сыйлау – адамгершіліктің ең басты қағидасы. Сол ата-ана балаға бар өмірін арнайды. Ата-ананың адам өміріндегі орны ерекше. Халықта «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда оның жақсылығын қайтара алмайсың» – деген сөз бар. Бұл ата-ана еңбегінің өлшеусіз екенін көрсетеді. Ата-ана тіпті қартайып, аяқ-қолынан әл кеткен кезде де оған «ищай» деуге балаларының қақысы жоқ. Имандылық қағидалары бойынша әкесі мен шешесінің ризашылығын алмаған балаға жәннәттың есігі жабық дейді. Ата-анамен қарым-қатынаста баланың оларға «Сіз» деп сөйлегені жарасымды. «Сен» деп тұрған бала ертеңгі күні оны менсінбей, жаман жат қылықтар көрсетуі мүмкін. Екіншіден, ата-ананың айтқанын бала екі еткізбей орындағаны, тыңдағаны абзал.
Үшіншіден, мейлі ата-ана қандай болса да, бала ата-анасын жамандамауы, оларды мүмкіндігінше мақтан тұтуы керек. Адам ата-анасына артық-ауыс айқан сөздері болса, оған кешіріммен қарай білгені, жүректерін ауыртпай, үнемі көтермелеп жүргені жөн.
Міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміздің алдында, аға ұрпақтың алдында үлкен қарыздармыз. Ол қарыздарымызды тек қана жақсы тәрбиеміз арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Бұл қасиеттер ешқандай да ақшаға сатып ала алмайтын байлық. Ол тек адамның жүрегінде орын алатын қасиет. Олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал,
мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет