Бекітемін: Мерзімі: Сыныбы: 8 «А» Пәні: Қазақ әдебиеті Пән мұғалімі



Дата28.01.2018
өлшемі74,13 Kb.
#34368


Бекітемін:

Мерзімі:


Сыныбы:

8 «А»


Пәні: Қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі:



Тақырыбы:

Махмұт Қашқари өмірі мен шығармашылығы

«Қордайдың аққу- қазы қаңқылдайды» аудармасы



Мақсаты:

Оқушыларды ислам дәуіріндегі әдебиеттің өкілі Махмұт Қашқаридың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру

Міндеттері:

1.Білімділік: Оқушыларды ислам дәуіріндегі әдебиеттің өкілі Махмұт Қашқаридың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру

2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру

3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақты игерту

Қолданылатын

әдіс – тәсілдер:



сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Көрнекілігі және құрал жабдығы:

Суреттер оқулық

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

уақыты




Ұйымдастыру

1 минут

Оқушылармен амандасу,түгендеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Үй тапсырмасын тексеру

10 минут

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын


Жаңа сабақты түсіндіру

25 минут

Ортағасырлық Шығыстың ас ірі ойшылдары Жүсіп Баласағұн мен Махмуд Қашғари болды. Ол екеуінің де шыққан тегі түркілер еді. Сондықтан олар түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын зерттеуге баға жетпес үлес қосты. (3,4слайдтар) Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр) – түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері – қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.

Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барысханның әмірі болған. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі екен.(5сл) Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі – Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты-жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан. Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.

Махмұд Қашқари – түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат-түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. (6сл)Дастанда білім, ақылдың қасиеттері жақсылық және жамандық, адамгершілік қасиеттер, адамгершілік құндылықтар туралы мәселелер қарастырылады, мәселен, «Ақылды – ұлы, білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті», «Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім кімде со білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен-текке өледі», «Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын», «Ақылдыға қадір – құрмет лайықта, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!»…

Қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған.7сл.

Қашқари сөздігінің әдебиетіміз үшін аса бір құндылығы – ортағасырлық түркілердің көптеген өлең-жырлары жиналған. Сөздіктегі мақал -мәтелдердің тақырыптары: Ақыл-кеңес, өнер-білім, отан, туған жер, адами қасиеттер,табиғат заңы, қонақжайлылық, қателесу, жаза басу, жазықсыз жапа шегу т.б. Өз сөзімен дәлелдесек. 8сл.

«. . . Мен қиынды оңайлаттым. Түсініксіз жайды түсіндірдім, жылдар бойы еңбектендім, ақырында іздеуші сөзді өзінің қатарынан таба алуы үшін әр сөзді өз орнына қойып, сөз тәртібін анықтадым. . . . Мәңгілік ескерткіш, әр таусылмас әдеби мұра болып қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа «Түркі сөздерінің жинағы» деп ат қойдым.»

Ғалымның өмір жолын сатылай кешенді талдау арқылы түсіндіремін : 9слайд

1.Туған жері: Барысхан қаласы

2.Өмір сүрген жылдары: : 1029-1039 жылдар

3.Еңбектері : «Түркі сөздерінің жинағы» кітабы

4. Меңгерген тілдері: Түркі,араб, парсы тілдері

5.Білім алған қалалары: Қашқар,Бұхара,Нишапур,Бағдад

6. Сөздіктегі мақал мәтелдердің тақырыптары: Ақыл-кеңес,өнер-білім, отан,туған жер, адами қасиеттер, табиғат заңы, қонақжайлылық, қателесу,жаза басу,жазықсыз жапа шегу т.б.

7.Өлеңдерінің негізгі идеясы: Өтпелі өмір,Аллаға іңкәрлік, Алла мінсіз жаратқан сұлулықты жырлау

8.Дөңгелек картада аталған елді мекендер: Барысхан, Баласағұн,Тараз, Екіөгіз, Қашқар,Каспий, Сығанақ, Фараб,Сайрам, т.б.

ІV. Cабақты меңгерту 1.М.Қашқари шығармаларын талдау.10сл.



Махмұт Қашқари шығармаларынан үзінді

Үзінді жайлы менің пікірім

Ұлым,менің өсиетіммен жанды аузыңа қаратқын,

Ғалым болып,біліміңді ел ішіне таратқын.




Балам,әкеңнің ақылын тыңдасаң, елге сыйлы боларсың. Өсиетті ұғып өссең,елге танылған азамат боларсың.

Көсеуі ұзын болса,қол күймес.


Қолғабыс жасайтын бала- шағасы көп жан рахат өмір

сүреді.


Білімді батыр жүнжіді,

Замана аты жаншиды.

Ізгілер тәні жидіді,

Жерге тиіп сүртілер.



Түркілердің Алып Ер Тоңға Афрасиабтың қазасына қабырғасы қайысып, шығарған жоқтаудың мәтінін береді.

2. «Қордайдың аққу-қазы қаңқылдайды»өлеңін сатылай кешенді талдау. 11сл.

1.Авторы : Махмуд Қашқари

2.Тақырыбы: Түркі халқы өлеңіндегі табиғат суреті

3.Жанры: Поэзия,өлең (аударма)

4. Идеясы : Жаз мезгілінің әдемілігін таныту

5.Тармақ: 10 тармақты

6.Бунақ: 2 – 3 бунақты
7.Буын: 11 – 12 буынды

8.Ұйқастүрі: аралас ұйқас (а-а-б-б-в-г)

9. Әдеби теориялық ұғымдар:

9.1.Алмастыру - төске алып тау самалын, нұр шашылды,

сұлулық көзді тартты, жердің қаймағы

10.Тәрбиелік мәні: Жас ұрпақты сұлулықтың мәнін түсінуге, табиғаттың әдемілігін

сезіне білуге тәрбиелейді.
3. М. Қашқаридың «Жаз бен қыстың айтысы» өлеңін оқытып талдау. 12сл.

Аударған Ф.Оңғарсынова

4.Өлеңін құрлысына талда. 13,14,15 сл.

Парасатпен жалықпастан үйренсең

Үйренсең зор білімді,

Көрсетесің дандайсымай

Сынақта асыл сырыңды.

Тәңірім аспанды кең жаратыпты,

Жұлдыз бар онда ғажап,

Дара тіпті.

Асылды ауаменен оратыпты,

Адамды болмысымен таңырқатып.

5.Үзіндінің мазмұнын айт. 16сл.

Ақылды – ұлы, білімді – білікті,

Қонса екеуі, ұлы етер жігітті.

Ақыл пайда бола, ұлылық толады,

Білім кімде со білікті болады.

Білімсіздер бар кеселді көреді,

Емдемесе тектен-текке өледі.

Ақыл – шырақ,қара түнді ашатын,

Білім – жарық, нұрын саған шашатын.

Ақылдыға қадір – құрмет лайықта,

Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!…

V. Сабақты қорытындылау. Бүгінгі күнгі мәні. 17,18 сл.

Махмұт Қашқаридан қалған түркі тілдерінің “Диуани лұғат ат- түрк” сөздігі – ХІ ғасырдағы түркінің ең тұңғыш энциклопедиясы. Нұрсұлтан Назарбаев

ҚР Президенті

“Диуани лұғат ат- түрк” – ұлттық тарихи – мәдени мұраның өлмейтін өркені, жоғалмайтын қазынасы. Асқар Егеубай,

филолог-ғалым,ақын,”Диуани лұғат ат түрк”



еңбегін қазақшаға толық нұсқада аударушы

Бекіту

5 минут

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


Бағалау

2 минут

Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма

2 минут

«М.Қашқаридан қалған мұра» ойтолғау жаз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет