Бекітемін” ОӘК төрайымы 2014 ж Теориялық ашық сабақтың әдістемелік өңдеуі



бет2/6
Дата21.07.2017
өлшемі3,92 Mb.
#21407
1   2   3   4   5   6
Бақылау сұрақтары:

1 Тамақтану тұралы түсінік

2 Дұрыс тамақтану және оның принциптері

3 Адам ағзасындағы зат алмасу

4 Энергетикалық баланс, ағзаның энергия жоғалтуы

5.Ақуыздар, организмдегі рөлі,тәуліктік нормасы

6. Көмірсулар, олардың организмдегі ролі

7. Майлардың организмдегі биологиялық рөлі

8. Дәрумендер

9. Минерал элементтер,организмдегі рөлі

10. Тамақтану режімі, диета

11.Тағамтануға улес қосқан академик туралы



Тест

1. Тамақтану гигиенасы-бұл:

А) Халықтың дұрыс тамақтану негіздерін зерттейтін ғылым

Б) баланың денсаулығын нығайтуға бағытталған шараларды зерттейтін ғылым

С) Жұмысшылар денсаулығына жұмыс жағдайының әсер етуін зерттейтін ғылым

Д) өсімдіктер және жануар организмінің сыртқы ортамен өзара қатынасын зерттейтін ғылым

Е) адам құрылысын зерттейтін ғылым

2. Дұрыс тамақтанудың негізгі принциптеріне мынадан басқалар жатады:

А) Мөлшерлік құндылығы

Б) Сапалық құндылығы

С) тағамның әртүрлілігі

Д) тамақтану режимін сақтау

Е) Ашығу күндерін қолдану

3. Тағамдық рацион құрамына мынадан басқасы кіреді:

А) ақуыздар

Б) Майлар

С) Көмірсулар

Д) Минералдық тұздар,дәрумендер

Е) Хлоридтер мен сульфаттар

4. Организм үшін ақуыздардың мәніне мынадан басқасы жатады:

А) Гормондар мен ферменттердің түзілу көзі

Б) Жасуша мен жасуша аралық заттың негізгі бөлігі, пластикалық зат

С) зат алмасу процесіне қатысады,иммундық күшті көтередіЖасуша мен жасушааралық заттың негізгі бөлігі

Д) энергия көзі

Е) механикалық зақымданудан сақтаушы

5. Рациондағы ақуыздың мөлшері тәулігіне:

А) 75-80 г

Б) 80-85 г

С) 90-130 г

Д) 150-160 г

Е) 200 г

6. Ақуыздардың жоғары мөлшері мынадан басқаларда болады:

А) Жұмыртқада

Б) Етте


С) балықта

Д) Сүтте


Е) Жемістерде

7. 1 грамм ақуыз жанғанда түзілетін энергия:

А) 9,3 ккал

Б) 4 ккал

С) 4,1 ккал

Д) 8,1 ккал

Е) 6 ккал

8. Майлардың қызметіне мынадан басқасы жатады:

А) Энергия көзі

Б) Майда еритін дәрумендердің тасмалдаушы

С) Жасушаның құрамды бөлігі

Д) Механикалық зақымданудан сақтаушы

Е) Гормондармен ферменттердің түзілу көзі

9. Майлар организмге мынадан басқалар арқылы түседі:

А) Өсімдік майлары

Б) Сары май

С) Шошқа майы

Д) Маргарин

Е) Жемістер

10. 1 грамм май жанғанда түзілетін энергия:

А) 9,3 ккал

Б) 4 ккал

С) 4,1 ккал

Д) 8,1 ккал

Е) 6 ккал

11. Көмірсудың негізгі көздері мынадан басқалар болып табылады:

А) Бұршақтар

Б) Дәнді дақылдар

С) жемістер

Д) Жидектер

Е) Сүт тағамдар

12. 1 грамм көмір су жанғанда түзілетін энергия:

А) 9,3 ккал

Б) 4 ккал

С) 14,1 ккал

Д) 8,1 ккал

Е) 6 ккал

13. Тәуліктік рационда көмірсулар мөлшері төмендегіден аспау керек:

А) 800 грамм

Б) 700 грамм

С) 600 грамм

Д) 200 грамм

Е) 1000 грамм

14. Қарт адамдарда қанттың артық мөлшері келесі ауруға соқтырады:

А) Семіздік,атеросклероз

Б) Қант диабеті

С) Гастрит

Д) Ұлтабар және асқазан жарасы



Е) Холецистит


4 Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (40-45 мин):
Тамақпен улану.

Тағаммен улану дегеніміз- микробтардың белгілі бір түрімен, олардың шығындыларымен, токсиндерімен ластанған немесе адам ағзасына улы әсер ететін микробты емес заттармен ластанған тағамды жегенмен жедел пайда болатын аурулар.





Барлық уланулардың ішінде 90-95 % ке дейін микробты уланулар кездеседі.



Тағамдық токсикоинфекциялар

  • тамақ жегеннен кейін, егер ол тамақ әлсіз патогенді тірі ауру қоздырғыштармен және оның токсиндерімен өте көп мөлшерде ластанған болса, жедел туатын ауру.

Тағамдық токсикоинфекция- тамақ ішкеннен кейін, аяқ астынан көп адам ауырады, ол тамақты дайындағанда, тасымалдағанда, сақтағанда немесе сатқанда белгілі бір санитарлық ереже бұзылғандықтан болған, ол тамақты сатуды немесе қолдануды тоқтатқаннан кейін адамдардың ауырғаны да тоқтайды. Жасырын кезең орташа есеппен 6-24 сағат аралығында. Тағамдық токсикоинфекциялар ішінде жиі кездесетіні -сальмонеллез. Сальмонеллез инфекциясының негізгі көзі болып, ауыл шаруашылық жануарлары, әсіресе ірі қара мал және үй құстары табылады. Ауру жануарлардың нәжістерінен, кіші дәретімен, сілекейімен, мұрын ішіндегі сұйықтығымен қоршаған ортаға бөлініп шығады. Сальмонеллез көбінесе етті тағамдарды дайындау технологиясы бұзылғанда туындайды. Сальмонеллездің клиникалық белгілері әртүрлі болуы мүмкін, ересектерде көбінесе гастроэнтериттік және гастроэнтероколиттік түрі кездеседі. Ауру аяқ асты басталады. Адам қалтырайды, дене қызуы 38-40 С –қа көтеріледі, жалпы әлсіздік пайда болады, басы ауырады, басы айналады, буындары ауырады, іші ауырады, кейінірек оған іш өту қосылады. Жалпы интоксикация симптомдары, асқазан ішек жұмысының бұзылуы байқалады. 10-12 сағаттан кейін аурулардың жағдайы нашарлайды, көзі ішке кіріңкірейді, адамның ортаға реакциясы тежеледі.


Алдын алу шаралары:




Инфекция көзіне бағытталған шаралар




Ветеринар қызметі


Ауру жануар




  1. Ауыл шаруашылық, үй жануарларын және құстарды сауықтыру.

  2. Малды союды ұйымдастыру.

  3. Үйде жануарларды союға болмайды.

  4. Дені сау жануарлар ауру жануарлардан бөлек сойылады.

  5. Ауру жануарлардың еттері шартты жарамды болып табылады.

  6. Сойғанда, еттерді бөлгенде еттер ішек ішіндегілермен ластанбауы керек.

  7. Лабораториялық бақылаудан өтуі керек.

  8. Етті тасмалдау, сақтау ережелерін дұрыс ұйымдастыру керек.




Инфекция көзіне бағытталған шаралар







Ауру адам

Медицина қызметкерлері
Медицина қызметкерлері ауру адамды және тасмалдаушыларды табу үшін бірқатар шаралар жүргізеді, бактериологиялық тексеруге жібереді.


  • этиологиясы анықталмаған жедел ішек аурумен ауырған барлық науқастар.

  • Соматикалық және жұқпалы ауруханаға түскен 2 жасқа дейінгі балалар.

  • ауруханада ішек аурулар байқалған кезде барлық науқастар тексерілуі қажет.


Тағамдық токсикоздар. Тағам құрамында микроорганизмдердің жетілуі және көбею кезінде бөліп шығарған токсиндердің организмдерге түсуінен пайда болады. Тағамдық токсикоздарға ботулизм жатады.
Ботулизм: тағамдық токсикоздың ауыр түріне жатады, көбіне адамның өлімімен аяқталады. Ботулизм деген латын тілінен алынған «botulusң шұжық деген мағынаны білдіреді. Ботулизм контагиозды емес ауру. Инфекция көзі шөппен қоректенетін жануарлар болып табылады. Ботулизм қоздырғышы олардың ішектерінде өмір сүреді, қоршаған ортаға жануарлар нәжістері арқылы шығады. Жануарларға ауру жем және жайылымдағы топырақ арқылы жұғады. Ботулизм қоздырғышы қоршаған ортада кеңінен тараған. Топырақта, өзен- көл суларында өсімдіктерде, жеміс- жидектер, сүрленген шөп құрамында. Ботулизм адамдар арасында үй жағдайында консервіленген тағамды қолданғанда пайда болады, көбіне консервіленген саңырауқұлақтар, жеміс жидектер, қақталған балықтан болады. Ет тағамдарын қолданғаннан ботулизм өте сирек кездеседі. Ботулизм көбіне көктемгі, жазғы уақытта жиі кездеседі. Ботулизм қоздырғыштары және токсиндері көп жиналуы үшін бір қатар жағдайлар болуы керек: ботулизм спораларының тірі болуы, инфекциялармен ластанған тағамды ұзақ уақыт 22-25 С –ден төмен емес температурада сақтау, тағам құрамында микробтың өмір сүруіне теріс әсерін тигізетін натрий хлоридін, қанттың жеткілікті мөлшерінің болмауы. Ботулизмнің жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 2-5 күнге дейін, сирек жағдайда 10-14 күнге дейін созылуы мүмкін. Ботулизмге тән белгілер: көздің қараюы, көз алдында «тұманң, «тордыңң пайда болуы, қабақтың түсуі, тым әлсіздік, бастың айналуы, тамақтың және ауыз қуысының шырышты қабаттарының кебуі, жұтыну кезінде ауырлық сезіну, дауыстың өзгеруі, сөйлеу қабілетінің бұзылып, дауыстың шықпай қалуы немесе мүлдем шықпауы. Ботулизм белгілерінің пайда болуы бастың сопақша миының жүйке ядросының зақымдануымен байланысты.
Алдын алу:

  • Ботулизмнің алдын -алудағы негізгі жұмыс- ол қоздырғыштың шикі- затқа түсуін болдырмау.

  • Жылы өңдеуден дұрыс өткізу.

  • Споралардың көбеюін болдырмау.

  • Консервіленген дайын тағамда токсиннің пайда болуына жол бермеу. Ас тұзымен сірке қышқылы нормада болу керек. Стерилизация 120 С-та жүргізілуі керек.Консервіленген банкілер суықта, қараңғы жерде сақталуы керек.

  • Халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу керек.


Тамақпен уланудың тексеру тәртібі.

Тамақпен уланған барлық жағдайлар міндетті турде тамақтану гигиенасы бөлімінің арнайы журналында тіркелуі керек және тексерілуі керек.

Тамақпен улануды тексеруден мақсат — оның пайда болу жағдайын және себебін анықтап, аурудың алдын алу және жою шараларын істеп шығару болып табылады.

Лабораториялық зерттеулер «Тамақпен уланғанда санитарлық эпидемиологиялық қызмет мекемелерінде лабораториялық зерттеу жүргізу, тіркеуге алу, тексеру тәртібің туралы инструкция бойынша жүргізіледі.

Тамақпен улану пайда болғанда бірінші болып науқаспен емдеу профилінің мамандары кездеседі.Олар:

  • Науқасқа терапевтикалық көмек көрсетеді.

  • Тамақпен улануға себепкер болған азықты қолданудан алып тастайды.

  • Тез арада санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жедел хабарнама жібереді.

  • Стерильденген ыдысқа күдікті тамақтан сынама алып СЭСО –нің лабораториясына жіберіледі.

СЭҚБ жедел хабарнаманы алғаннан кейін тез арада міндетті түрде тамақпен улануды тексеру керек.

Тамақпен улануға тексеру жүргізу 5 этаптан түрады.



І этап. Тамақпен уланудың диагнозын растау және оның белгілерін

айқындау керек.



ІІ этап. Тамақпен уланудың себебін анықтау керек.

ІІІ этап. Азықтардың патогенді және улы қасиеті пайда болу

механизмінің мағынасын ашу.

ІV этап. Тамақпен уланудың жою шараларын істеп шығару.

V этап. Тексеру актін қүрастыру. .




Қазақ Тағамтану академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктері.
Қазақстанда тамақтану гигиенасына үлес қосып жүрген Қазақ тағамтану академиясының президенті, Қ.Р.ҰҒА академигі ұлы ғалым м. ғ.д. Т.Ш.Шарманов.

Адам өмірі мен денсаулығы үшін тағамның орыны ерекше, ол пайдалы және қауіпсіз болу шарт. Әсіресе бұл- бала тағамына келгенде аса маңызды. Өкінішке қарай, бізде халықты сапалы тағам өнімдерімен қамтамасыз ету жайы әлі күнге толық шешім таппай келеді.

Салауатты тамақтану заң тұрғысынан айқындалмақ, соның нәтижелерінің бірі, жоғары дәрежеде жұмыс жасайтын заманауи өндіріс орны, яғни зауыт салынып жатыр (Талғар қаласында).

Ол «Қазақ Тағамтану Академиясыныңң «Амиранң балалар тағамы зауыты -деп аталмақ. Ол зауыт биыл қыркүйек, қазан айында іске қосылмақ. Зауыт күніне 12-15 тонна сүт өнімдерін өндіретін болды. Олар: ірімшіктер, балаға таңертең берілетін дайын астар, витаминді қоспалары бар, иммуниттеті жоғарлататын және тағы басқа тағамдар. Өндірісте негізінен ақуызға бай сарысу қолданылатын болды. Ол ұн өнімдеріне, балалардың таңғы астарына қосылмақ. Қазіргі кезде шетелдік тамақ сапасы көңіл көншітер емес. Сәби тағамдарын айтпағанда, бәріміз әсіресе жазды күндері ішіп жатқан кока-кола мен пепси - коланың, чипсылар мен фаст-фуд деп аталатын жылдам дайындалатын тағамдардың адам денсаулығына өте зиян екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Сондықтан ұлтымыздың болашағының дені сау болсын десек, сапалы шикізаттан даярланған сенімді тағам өнімдері мен осы бастан қамтамасыз етуіміз керек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) бағдарламасының қорытындысы бойынша әлемнің түкпір-түкпірінен сараптама жүргізгенде, бүкіл әлем бойынша түрлі аурудың 60 пайызының өлімі дұрыс тамақтанбауға байланысты туындайды. Мысалы, дәл қазіргі кезде белең алып отырған жүрек-қан тамырлары аурулары да осы дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өсу үстінде.

Барлық қалада, оның аудан орталықтарында салауатты тамақтану (арақ ішпеу, темекі тартпау, нашақорлыққа салынбау) орталықтары ашылып жатыр.

Тұзды йодпен байыту еліміз бойынша жаппай қолға алынды.

Ұнды темірмен байыту керек деген ұзақ мерзімді бағдарлама қабылданбақ. Демек, дұрыс тамақтану үшін денсаулық сақтау кодексінде ұнды темірмен міндетті түрде байыту мәселесі қарастырылады деп есептейміз. Негізі бұл жобаны осыдан төрт жыл бұрын Азия Даму банкі және ЮНИСЕФ-пен бірігіп жасаған болатын. Адамдардың арасында темір жетіспеушілігі салдарынан ауруға шалдыққандар көбейіп кетті. Бұл ауру эпидемияға айналуда. Сондықтан еліміздегі комбинаттар ұнды саудаға шығармас бұрын тағамтану институты бекіткен рецептура бойынша байытып отырулары тиіс.

Ағзада темір мен фолий қышқылының жетіспеуі балаларды ақыл-ой кемістігіне апарады. Сондай-ақ, азық-түліктің байытылмауы әйелдердің жүктілігіне де жағымсыз әсер етеді екен. Демек, ұнды байытсақ, ауруды алдын-ала болдырмауға, өмірді сақтап қалуға болады. Әуелгі кезекте ана мен баланың тамағына ерекше мән берген дұрыс.

Қазақ Тағамтану академиясының мамандары республика азаматтары йодталған ұн пайдалануы керек, деген мәселе қойып отыр. Қазіргі кезде мамандардың айтуынша, мемлекет азаматтарының 90 проценті йодталған тұзды тұтынып отыр, бірақ мемлекетте йодтың жетіспеушілік мәселесін шешу үшін, бұл бағытта жасалып жатқан жұмысты арттыра түсу керек.

Қазақстан азаматтарының тұтынып отырған тағамын зерттейтін мамандардың айтуынша, қазақстандықтар тұтынып отырған азық-түлік сапасы соңғы жылдары жақсарған. Бірақ экологиялық тұрғыдан алғанда бұл тағамдардың сапасын жарсарту үшін әлі де болса, түрлі шараларды іске асыру керек,- дейді Қазақ Тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов. Таза деген ұғымды әртүрлі түсіну керек, мысалы тағам құрамында бір зат жетіспей тұрса, онда бұл өнімді таза деп айтуға болмайды. Витаминдері жетіспей тұрса, өнімнің сапасы төмен, деп есептеледі. Сонымен қатар өнім құрамында түрлі қоспалар көп болса, онда бұл тағамда сапалы өнімге жатпайды. Бұрыңғы уақыттарға қарағанда, қазіргі кезде қоспасы бар өнім азайып келе жатыр.
Тағамтану академиясы мамандарының айтуынша, қазақстандықтар дұрыс тамақтанбағандықтан олардың ағзасында түрлі витаминдердің жетіспейтіндігі байқалады. Қазіргі кезде мемлекет азаматтарының 90 проценті йодталған тұзды пайдаланғанымен, әліде де болса, оларға көптеген витамин керек. Академик Төрегелді Шармановтың айтуынша, бұл витаминдерді ұнға қосқан дұрыс.
Жалпы алғанда витамин жетіспеушілігі әрдайым байқалып тұрады. Әсіресі С витамині жетіспей тұрады. Сол себептен азаматтарымыз дұрыс тамақтануы керек, сонымен қатар, азаматтарымыз пайдаланатын ұн түрлі витаминдермен байытылып тұруы тиіс. Қазіргі кезде бізде ұнды витаминдермен байытатын мүмкіндік жоқ.
Жалпы, бұл мәселелерді атамағанда Тағамтану академиясының жетекшісі Төрегелді Шарманов қазақстандықтардың тағамы сапалы деп есептейді.
Бүгінгі таңда йодтың жетіспеушілігі салдарынан Қазақстанның 11 облысында тұратын азаматтардың денсаулығына қауіп төніп тұр.

Тамақтан улану дегеніміз – микробтармен және оның токсиндерімен, яғни уларымен ластанған азық-түлікті пайдалану салдарынан жедел пайда болатын, адамнан адамға жұқпайтын аурушаңдық.


Тағамнан уланудың жалпы белгілері:
– аурудың тез арада жедел түрде басталуы;
– бір мезгілде біраз адамның ауыруы;
– аурушаңдық тез басталып, тез жазылуы;
– аурудың белгілі бір тағаммен байланыстылығы;
– сезікті тағамды тоқтатқан соң аурудың тоқтауы;
– басқа жұқпалы аурулардан ерекшелігі, ауру адамнан сау адамға жұқпайды.
Бактериялар мен микробтар ылғалды, жылы және қоректік ортада тез өрбиді, өсіп-өнеді. Тамақтан улану жағдайы – тағамның дайындалуы, сақталуы барысында бактериялармен, бактериалды улармен, вирустармен немесе өз табиғатындағы улы заттармен ластанған тағамдарды қолданғанда болады. Тамақтан уланудың негізгі себептері – бұл жеке бас гигиенасының, санитарлық-гигиеналық талаптардың және тамақтарды дайындау барысында технологиялық процестердің сақталмауы, сақтау мерзімдерінің бұзылуынан болады.
Тамақтан уланудың алғашқы белгілері:
– асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну;
– дене қызуының жоғарылауы, сонымен қатар бүйрек, бауыр және неврологиялық синдром;
– тамақтан уланудың клиникалық көрісі – уланудың түріне және зақымданған улы тамақты қанша мөлшерде жегеннен кейін 30 минуттан соң басталады.
Алдын алу:
– тамақтанар алдында қолды сабындап жуу;
–термиялық өңдеуге жатпайтын жеміс-жидектерді қайнатылған сумен жуу, қалғандарын кәдімгі су құбыры суымен жуу;
– тек қайнатылған немесе бөтелке суын ішу;
– тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыштарда сақтау;
– кондитер өнімдерін тек дүкендерден ғана алу, қауіпсіздігін растайтын құжатының болуына көңіл бөлу қажет;
– үй жағдайында дайындалған консерві (ет, құс, балық, саңырауқұлақ) өнімдерін белгісіз адамдардан сатып алмау;
– егер тағамның түрі, түсі, иісі және тағы да басқа белгілері күмән тудыратын болса – ондай тағамды мүлдем пайдаланбаған жөн;
– әсіресе көктем-жаз мезгілінде тағамды көп мөлшерде дайындамаған жөн, қалған тамақты тоңазытқышта сақтаған дұрыс.
.
Бактериялар мен микробтар ылғалды, жылы және қоректік ортада тез өрбиді, өсіп-өнеді. Тамақтан улану жағдайы – тағамның дайындалуы, сақталуы барысында бактериялармен, бактериалды улармен, вирустармен немесе өз табиғатындағы улы заттармен ластанған тағамдарды қолданғанда болады. Тамақтан уланудың негізгі себептері – бұл жеке бас гигиенасының, санитарлық-гигиеналық талаптардың және тамақтарды дайындау барысында технологиялық процестердің сақталмауы, сақтау мерзімдерінің бұзылуынан болады.
Тамақтан уланудың алғашқы белгілері:
– асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну;
– дене қызуының жоғарылауы, сонымен қатар бүйрек, бауыр және неврологиялық синдром;
– тамақтан уланудың клиникалық көрісі – уланудың түріне және зақымданған улы тамақты қанша мөлшерде жегеннен кейін 30 минуттан соң басталады.
Алдын алу:
– тамақтанар алдында қолды сабындап жуу;
–термиялық өңдеуге жатпайтын жеміс-жидектерді қайнатылған сумен жуу, қалғандарын кәдімгі су құбыры суымен жуу;
– тек қайнатылған немесе бөтелке суын ішу;
– тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыштарда сақтау;
– кондитер өнімдерін тек дүкендерден ғана алу, қауіпсіздігін растайтын құжатының болуына көңіл бөлу қажет;
– үй жағдайында дайындалған консерві (ет, құс, балық, саңырауқұлақ) өнімдерін белгісіз адамдардан сатып алмау;
– егер тағамның түрі, түсі, иісі және тағы да басқа белгілері күмән тудыратын болса – ондай тағамды мүлдем пайдаланбаған жөн;
– әсіресе көктем-жаз мезгілінде тағамды көп мөлшерде дайындамаған жөн, қалған тамақты тоңазытқышта сақтаған дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет