Бекітемін: Өскемен қаласының білім беру бөлімінің басшысы



бет4/12
Дата30.01.2017
өлшемі2,68 Mb.
#8301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2015 жылдың 3 және 5 маусым күндері өткізілген апелляциялық комиссиядан кейін 10 түлекке № 3 мектептен (1 оқушы-ағылшын тілі), 16 (3 оқушы – Қазақстан тарихы, қазақ тілі (2)), 26 (1 оқушы-математика), ҚРГ (1 оқушы-математика), 38 (1 оқушы - математика), 39 (2 оқушы - математика), 10 (1 оқушы – ағылшын тілі) тест нәтижелеріне 1 баллдан қосылды. Сонымен қатар, 2015 жылдың 18 маусым күні Астана қаласында өткен апелляциялық комиссиядан кейін 38 мектеп-гимназияның 2 оқушысына орыс және ағылшын тілінен 1 баллдан қосылды.

Өскемен қаласының білім беру бөлімі қойған болжалды көрсеткіш, қала бойынша орташа балл 86 қол жеткізілді.

1405 қала мектептерінің түлектерінен 331 немесе 23,5 % шетелдің ЖОО түсті, 308 түлек Ресей ЖОО түсті, Белоруссияға-1, Арменияға-1, Украинаға-1, 20 түлек алыс шетел жоғарғы оқу орындарына түсті. Біздің түлектердің алыс шетелдердің ЖОО түсу географиясы - бұл Қытай, Чехия, АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Финляндия.

Қытайға № 3, 10, 17, 19, 22, 42.

Чехияға № 24, ҚРГ, 38, 39 мектеп түлектері.

Канадаға - № 12, 39.

Германияға - № 10, 12.

АҚШ - № 39.

Ұлыбританияға - № 24.

Финляндияға - № 38 мектептерінің түлектері түсті.

Өткен жылмен салыстырғанда шетел ЖОО 14 түлек артық түсті. Осылайша, № 2, 3, 4 , 6, 7, 8, 9 ,12, 15, 16 ,17, 22, 23 , 24 ,26, 27, 38, 39, Меновное мектептерінің түлектері жақын және алыс шетелдің ЖОО түсетін түлектер саны артқан. Қазақстаннан шет елдерге оқуға түсетін түлектер саны ең көп № 7, 10, 11, 12, 17, 24, ҚРГ, 37, 38, 39 мектептерінде. Алайда ҚРГ мен № 36 мектепте елімізден тысқары шығушылар саны төмендегені байқалады.

Соңғы үш жыл ішінде № 14, 20, 33, 35,43, Ново-Троицкое орта мектептерінің түлектері 100% Қазақстанның ЖОО және колледждеріне түскен.

Өскемен қаласының мектептері бойынша 2014-2015 оқу жылы аяғында білім сапасы 57,3% құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда 2,8 % артқан. № 1, 2, 3, 10, 11, 16, 20, 24, 26, ҚРГ, 35, 38, 43, 44-мектептерінде, барлығы 14 мектеп білім сапасы қалалық деңгейден жоғары. Ең жоғарғы білім сапасы № 44 мектепте-85,5%, ең төменгі көрсеткіш «Қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі–ресурстық орталығы» КММ-2,56%.

Өскемен қаласы мектептерінің Халықаралық зерттеулерге қатысуы оқушылардың білім сапасы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. 2015 жылдың сәуір айында 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін тексеру мақсатында PISA-2015 Халықаралық зерттеулері өткізілді.

Халықаралық емтиханға қатысушылардың оқу біліктілігі үш оқу-танымдық қызмет түрлері бойынша анықталады: еске түсіру, қолдану және талқылау. PISA-2015 зерттеуіне барлығы 15 облыс мектептерінен 452 оқушы қатысты, оның біреуі Өскемен қаласының «№ 4 орта мектебі» КММ 58 оқушысымен. Нәтижелері өңделу сатысында.

PISA-2015 басым бағыты жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (химия, биология, география), алайда 5 облыс мектептері қатысқан PISA-2014 апробациялық зерттеу қорытындылары бойынша, Өскемен қаласының № 1 мектебінің жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша дұрыс жауаптар пайызы облыс бойынша 37,5% құрады, ал бұл PISA-2012 көрсеткішінен 8,5% кем.

Сынама тестілеу нәтижелері оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтарының төмен деңгейін көрсетті. Зерттеулердің нәтижелері мынадай нәтиже көрсетті:


  • жалпы оқу қабілеттерін қалыптастыру деңгейі төмен, оның негізі мәтінде, кестеде, диаграмма немесе суретте көрсетілген ақпаратпен жұмыс жасай білу болып табылады;

  • он бес жастағы жасөспірімдерде коммуникативті дағдыларының толық дамымағандығы (еркін үлгіде жауап беруді талап ететін тапсырмаларды оқушылардың көпшілігі өткізіп алған);

  • мектепте алған білімдерін пайдалана отырып, өз көз-қарастарын дәлелдеу арқылы ұсынылған қорытындыларды теріске шығару немесе екі қарама-қайшы тұжырымдамаларды қолдау және ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау қабілеттері әлсіз қалыптасқан.

  • 2015 жылы TIMSS-2015 халықаралық зерттеулерге негізінен екі қала мектебі қатысты, «№ 16 орта мектебі» КММ, «№ 38 мектеп-гимназия» КММ. Нәтижелері өңделу үстінде.

Сынама зерттеулердің нәтижелері мектептердің 4 сыныптары арасында орташа балл:

  • математикадан № 16 ом № 38 мг нәтижесінен 2,04 артық;

  • жаратылыстану бойынша № 16 ом орташа балл № 38 мг нәтижесінен 1,2-ге артық;

  • №16 ом жалпы орташа балл №38 м-г нәтижесінен 3,2-ге артық;

Халықаралық зерттеулерге қатысатын сыныптардың нәтижелерін салыстыра келе, № 16 ом орташа балл №38 м-г нәтижесінен 14,98-ге артық екенін көрсетті.

Мектептердің 8 сыныптары арасында орташа баллға талдау жүргізу мынаны көрсетті:



  • математикадан № 38 м-г орташа балл №16 ом нәтижесінен 10,91-ге жоғары;

  • жаратылыстану бойынша № 38 мг орташа балл № 16 ом нәтижесінен 13,86 жоғары;

  • № 38 м-г жалпы орташа балл № 16 ом нәтижесінен 24,78-ге жоғары;

2016 жылы Қазақстан алғыш рет IEA оқу жетістіктерін бағалау бойынша Халықаралық ассоциациясы (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) қамқорлығымен өткізілген «Оқу сапасы мен мәтінді түсінуді зерттеу» PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) халықаралық жобасына қатысатын болады.

Барлық мемлекеттерде мектептерді таңдау зерттелетін паралельдердегі оқушылар санын ескере отырып, ықтимал әдіс өткізу арқылы таңдалады. Әрбір зерттеуге қатысатын оқушыға тапсырмалар мен мәтіндер жазылған дәптерлер таратылады. Бірінші мәтін көркем, екінші-ақпараттық.

PIRLS зерттеулерінде мектепте сабақ кезінде және мектептен тыс уақытта оқушылармен жиі қолданылатын оқудың екі түрі бағаланады:

– әдеби оқу тәжірибесін алу мақсатында оқу;

– ақпаратты меңгеру және қолдану мақсатында оқу.

Тапсырмалар жауап беру түрі бойынша әртүрлі.

Апробациялық зерттеулерді бір жыл ішінде негізгісіне жеткізу PIRLS-қа қатысудың негізгі талабы болып табылады.

2015 жылы апробациялық зерттеулерде Өскемен қаласының «№ 26 орта мектебі» КММ 4 сынып оқушылары қатысты.

Өскемен қаласының № 26 орта мектебінде зерттеулерге ай сайын 4 сыныптардың 50 оқушысы қатысты. Орташа баллдың нәтижелеріне талдау жүргізуде оңды динамика байқалады, осылайша қараша айында мәні 29,2-ні құрады, желтоқсан айында-30, қаңтар айында -79% құрады.

Халықаралық зерттеулердің нәтижелерін кешенді талдау нәтижесінде, оқушылардың қиналатындары анықталды:



  • күнделікті өмірге жақын жағдайларды, сонымен қатар белгісіз форматта берілген ақпаратпен жұмыс жасауда өз білімдерін пайдалануда;

  • түйінді сөздері бойынша ақпарат іздеуді жүзеге асыруда, талдау, болжам жасауда, ғылыми дәлелдемелерді жүзеге асыруда және т.б.;

  • кеңістікте елестету тапсырмаларды шешу үшін тәжірибе-бағдарлау білімдері мен шеберліктерін пайдалану;

  • жеке, әлеуметтік-экономикалық және ғаламдық контекстерде жаратылыстану-ғылыми құбылыстарда түсіндіру және талдау кезінде, сонымен қатар шынайы жағдайда білімдерін пайдалана алмаулары.

  • Оқушылар: жалпы оқу қабілеттерінің қалыптасуы төмен, олардың негізгісі мәтінде, кесте, диаграмма немесе суреттермен берілген ақпаратпен жұмыс жасай білу болып табылады; ашық форматтағы тапсырмаларға толық негізделген жауап бере алмайды. Мектепте алынған білімдерін пайдаланып, өз көз-қарасын дәлелдеу арқылы, ұсынылған қорытындыны теріске шығару немесе екі қарама-қайшы тұжырымдамаларға дәлелдемелер табу және ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау дағдысы әлсіз қалыптасқан.

16.09.2015 ж. №15-5-16/491 ҚР БҒМ АҚ «Ақпараттық-талдау орталығы» хаты негізінде 2016 жылдың сәуір айында қала мектептері «Ахмер орта мектебі», КМК «№43 мектеп-гимназияда» PIRLS-2016 халықаралық негізгі зерттеулері өткізілетін болады.

ШҚО білім басқармасының 20.08.2015 ж. № 333 бұйрығы негізінде 2015 жылдың қазан және наурыз айларында «PIRLS-2016 Халықаралық зерттеулеріне мектептерді дайындау» мониторингті зерттеулері өткізілетін болады.

2015 жылдың 12-13 қазанында «PIRLS-2016 Халықаралық зерттеулеріне мектептерді дайындау» атты мониторингті зерттеулер өткізілді.

Ахмер орта мектебінде зерттеу нәтижелері бойынша:



  • Бағалар саны: «5»-3, «4»-21, «3»-31, «2»-18

  • Орташа балл саны – 28,3

  • Тест тапсырмаларын орындау пайызы – 57.7

  • Білім сапасы – 37.3

  • Оқушылардың білім деңгейі – 43.6

  • Зерттеу нәтижелері бойынша № 43 мектеп-гимназияда

  • Бағалар саны: «5»-9, «4»-26, «3»-24, «2»-19

  • Орташа баллдар саны – 30,1

  • Тест тапсырмаларын орындау пайызы – 61.7

  • Білім сапасы – 45.3

  • Оқушылардың білім деңгейі – 47.6

  • Зерттеудің нәтижелері осындай негізгі қабілеттердің жетіспеушілігін көрсетті: түйінді сөздер бойынша ақпаратты іздеуді жүзеге асыру, өзінің ойын уәждемеленген дәлелдемелермен жеткізу сияқты.

  • Зерттеулердің қорытындысы бойынша алынған нәтижелер мектептің әдістемелік бірлестіктері мен педагогикалық ұжымына келесі нұсқауларды қалыптастыруға мүмкіндік береді:

1. Мектептің педагогикалық кеңесі мен пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің отырыстарында зерттеу нәтижелерін қарастыруды.

2. Бастауыш сынып мұғалімдеріне, оқушылардың оқу сауаттылығын зерртеудің халықаралық тест тапсырмалары негізінде, өзінің жеке сұрақтар базасын жасап дайындау, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға бағытталған, сонымен қатар қалыптасуына, бірінші кезекте оқушылардың білім алу сәттілігінің ең басты факторы ретінде, оқу мәдениеті мен дағдысына бағытталған болуы керек.



  1. Мәтіндерді оқу, түсіну және талдау кезінде зер салу бойынша жұмысты күшейту.

  2. Мәтінмен жұмыс жасағанда логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын технологиялар мен әдістерді қолдануды кеңейту.

  3. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша түзету жұмыстарын жоспарлау.

ШҚО білім басқармасының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 333, 2015 жылғы 5 қарашадағы № 433 бұйрықтары және ШҚО білім басқармасының «ШҚ аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының» 06.11.2015 жылғы № 04-422 хаты негізінде № 22, Ахмер ом «ШҚО жалпы білім беретін мектептеріндегі 8,9,10 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау» атты кестеге және пәндерге сәйкес мониторингтік зерттеулер өткізілсін: биология 8 сынып (7 сынып бағдарламасының курсы), география 9 сынып (8 сынып бағдарламасының курсы), химия 10 сынып (9 сынып бағдарламасының курсы). Зерттеу нәтижелері өңделу сатысында.

«ҚР БҒМ 06.08.2010 ж. № 411 «Республика аймақтарында «Облыстық білім беру статистикасының деректер қоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу және пайдалану» бұйрығын жүзеге асыру негізінде жыл бойы Өскемен қаласының білім беру ұйымдарымен (ББСМАБ) білім сапасын мониторингілеудің автоматты бағдарламасын толтыру ұйымдастырылды және бақылауға алында.

ШҚО ББ «ШҚ аймақтық білім беруде жаңа технологиялар орталығы» КММ бекітілген кестеге сәйкес маусым айында 2014-2015 жылдарға арналған және қараша айында 2015-2016 оқу жылына арналған ББСМАБ базасы жаңартылды, білім беру ұйымдары көрсеткіштер және индикаторлар бойынша деректерді енгізді.

2014-2015 оқу жылының қорытынды бағаларын талдау 1-11 сынып аралығында жаратылыстану-математикалық айналымдағы пәндер бойынша үлгерімнің 99,9 % құрайтынын көрсетті.

Білім сапасы 69,4 % құрайды (2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 0,21 % жоғары).

Қазақ тілінде оқитын сыныптарда білім сапасы 74,2 % құрайды (2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 0,3 % жоғары), орыс тілінде сабақ беретін сыныптарда 64,6 % құрайды (2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 0,65 % жоғары).


ЖМА пәндер бойынша қорытындылар:







матем

физика

химия

геогр

биол

информ

барлығы

2013-2014

% білім сапасы

65,7

56,38

56,79

70,21

69,49

84,15

68,19

% үлгерім

99,94

99,9

99,93

99,94

99,88

99,82

99,91

2014-2015

% білім сапасы

59,8

58,9

59,9

77,9

72,1

85,65

69,4

% үлгерім

100

99,95

99,95

100

100

100

99,9

Қазақ тілінде білім алатын сыныптардағы ЖМА пәндері бойынша қорытынды:







матем

физика

химия

геогр

биол

информ

барлығы

2013-2014

% білім сапасы

65,4

65,75

66,85

79,30

77,65

87,64

73,9

% үлгерім

99,7

100

100

99,98

99,95

99,83

99,95

2014-2015

% білім сапасы

69,8

67,1

68,0

82,5

78,7

89,0

74,2

% үлгерім

100

100

100

100

100

100

100

Орыс тілінде білім алатын сыныптардағы ЖМА пәндері бойынша қорытынды:







матем

физика

химия

геогр

биол

информ

барлығы

2013-2014

% білім сапасы

61,47

51,07

51,29

64,73

64,98

82,03

63,95

% үлгерім

99,92

99,85

99,9

99,92

99,84

99,81

99,88

2014-2015

% білім сапасы

62,3

52,4

51,8

73,3

65,5

82,3

64,6

% үлгерім

100

99,9

99,9

100

100

100

99,9

44 жалпы білім беретін мектептің, сонымен қатар 4 ауыл мектептерінің 42 мектебінде ыстық тамақ ұйымдастырылған, бұл 97,7% құрайды.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Ново-Троицкое орта мектебі» КММ қажетті технологиялық және тоңазытқыш құралдармен жабдықталған үлгілік асханасы бар, ауыз суының болмауына байланысты ыстық тамақ ұйымдастырылмаған.

Оқушылардың 99,8% ыстық тамақпен қамтылған. Тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған тобынан шыққан балалар 100 % тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

ҚР Үкіметінің 25.01.2008 жылғы № 64 «Күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінген қаражатты жұмсау ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес 4243 оқушы жаппай оқыту қорының қаражаты есебінен ыстық тамақпен қамтылған (оқушылардың жеке санаттары–жетім балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, күнкөрісі төмен отбасыларының балалары, даму мүмкіндігі шектеулі балалар–ПДТ). 2012 жылы 3481 оқушы тегін тамақтанумен қамтылған, 2013 жылы 3841 оқушы, 2014 жылы 4034 оқушы.

Жаппай оқыту қорынан 2015 жылы тегін тамақтануға 111415 мың теңге бөлінген.

2015 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айына дейін 1-4 сыныптарға сүт пен бал беру үшін жергілікті бюджеттен 107.517,0 мың теңге бөлінді.

42 қала мектептерінің асханалары жеке кәсіпкерлерге қолдануға берілген, онда ҚР Үкіметінің 3 наурыздағы № 172 «Орта білім ұйымдарында тамақтану ұйымдастыру бойынша қызметтерді жабдықтаушыларды таңдау ережелері туралы» қаулысына сәйкес тамақтандыру ұйымдастыру бойынша конкурс рәсімдері өткізілген.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Крупская атындағы толық емес орта жалпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ аспаздар мектептің штаттық кестесіне кіреді.

Мектеп асханалары санитариялық-эпидемиологиялық ахуал саласындағы мемлекеттік органдармен келісілген 10-12 күндік перспективалық ас мәзірімен жұмыс жасайды. Барлық асханалардың санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары бар. Мектеп асханалары үлгілік бөлмелерде орналасқан, ауданы талаптарға сәйкес келеді. Барлық мектеп асханаларында пайдалану бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары бар.

Жаңа оқу жылын бастамас бұрын барлық мектеп асханалары ағымдағы жөндеуден өткізіледі.

Мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, асхана жабдықтарын сатып алуға (электр плита, электрмен ас әзірлеу шкафтары, электр ет тартқыштар, электр табалар, тоңазытқыш құралдар, азық-түлік турайтын үстелдер) жергілікті бюджеттен жыл сайын қажетті қаражат бөлінеді. 2012 жылы – 11.730,0 мың теңге, 2013 жылы – 14 635,0 мың теңге, 2014 жылы – 18.990,0 мың теңге бөлінді.

Бес мектеп асханасы жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен 100% қамтылған, қалған мектептерде ескірген құрал-жабдықтар 80% жаңасына ауыстырылды.

Қала мектептерінде салауатты өмір салтын, соның ішінде дұрыс тамақтануды белсенді насихаттау және көрнекі үгіттеу жұмыстары жүргізіледі. «Салауатты өмір салты» бұрыштары жасалған.

Жеке кәсіпкерлермен және медициналық қызметкерлермен оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру, созылмалы ішек ауруларының алдын-алу, астан улану мәселелері бойынша оқыту семинарлары өткізіледі.

Медициналық қызметкерлер, кейде мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитетінің өкілдері тамақтану сапасын тұрақты түрде бақылап тұрады. Сатып алынатын азық-түліктердің сапасына, ас әзірлеу технологиясына, тоңазытқыш және технологиялық құрал-жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуіне, дайын тағамдар және азық-түліктердің сақталу мерзімі мен жағдайларының сақталуына мониторинг жүргізіледі.

Балаларға тамақтандыру ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер:

– жаппай оқыту қорынан бір жолғы ыстық тамақтандыруға бөлінген соманың жетіспеушілігі, себебі 2014 теңге сомасына сүт пен балдың құны да кіреді;

– Ново-Троицкое ауылының мектебінде сумен жабдықтау жүйесінің жоқтығына байланысты ыстық тамақ ұйымдастырылмаған.

Өскемен қаласы білім беру бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық органында бүгінгі таңда есепте 453 бала тұрады, олар қамқорлықта (қорғаншылықта) және патронаттық тәрбиелеуде болып табылады (440-қамқорлықта, 13-патронатта) олардың ішінде - 136 жетім балалар, 317-ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар.

Қамқоршылық және қорғаншылық органы балалар және жасөспірімдердің жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғауды жүзеге асырады. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес 453 баланың «Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған санатына жататын балалар» санатына жататын 311-і мемлекеттік тұрғын үй қорынан жеңілдікпен баспана алу үшін Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалдау және автокөлік жолдары бөліміне есепке қойылды, 62 балада жеке меншік құқығымен баспаналары бар.

Қаланың барлық мектептерінде жаппай оқыту қоры есебінен қамқорлықтағы балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында бір жолғы ыстық тамақ ұйымдастырылған. Жаппай оқыту қорынан қамқорлықтағы балаларға мектеп формасын, спорттық киімдер және аяқ-киімдер сатып алу үшін үнемі материалдық көмек көрсетіліп тұрады.

2011 жылдың 1 наурызынан бастап Үкіметтің № 893 жылғы қаулысымен жетім-балаларды (жетім-бала) және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды ұстауға қамқоршыларына немесе қорғаншыларына бала кәмелеттік жасқа толғанға дейін ай сайын 15120 теңге көлемінде жәрдемақы төлеу мөлшерін тағайындау ережесі бекітілді. Жетім-балаларды (жетім-бала) және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды ұстауға қамқоршыларына немесе қорғаншыларына жәрдемақы төлеу мөлшерін тағайындау ережесін өзгертуге байланысты 2015 жылдың қаңтар айынан бастап бір балаға төлемақы 19820 теңгені құрайды.

Қамқорлықтағы және жетім-балаларды жұмысқа орналастыру туралы мәселесі қалалық білім беру бөлімінің тұрақты бақылауында болып табылады. Жетім және қамқорлықта болып табылатын жалпы білім беретін мектептердің түлектері әрі қарай білім алуларын жалғастыру үшін қала колледждерінің бюджет топтарына жіберіледі. Оларға шәкіртақы және тамақтануларына өтемақы төленеді. 2015 жылы қамқорлықтағы және жетім-балалар қатарынан шыққан 35 түлектің: 5-ЖОО, 31-колледждерге, 15-10 сыныпта оқуларын жалғастырды.

56 балаға қамқорлық және қорғаншылық белгіленді. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауға асырап алу да жатады, ол балаларды орналастыру және тәрбиелеудің ең жақсы формаларының бірі болып табылады. Осы жылы 35 баланы Қазақстан азаматтары асырап алды.

ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Хатшылықтың, ҚР БжҒМ балалар құқықтарын қорғау комитетінің, «Шығармашыл бастамашыл әйелдер лигасы» қоғамдық ұйымының, «Қазақстан қамқоршыларының одағы», «Бала дауысы» қоғамдық қорлардың тапсырмасын орындау үшін және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, жетім-балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған қамқоршылар мен қорғаншыларды қолдау мақсатында Өскемен қаласында жыл сайын «Қуан, сәби» атты республикалық акция өткізіледі.

«Балаларға жылу сыйла» атты акция аясында барлық білім беру ұйымдарында «Қамқоршылар күні» мерекесі өткізіледі, оған қамқоршылар (қорғаншылар) және олардың қамқорлығындағы балалар, Өскемен қаласының білім беру бөліміндегі қамқоршылық және қорғаншылық органының мамандары, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім инспекторлары, ШҚО балалар құқықтарын қорғау Департаментінің мамандары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, демеушілер және БАҚ қатысты.

Жетім-балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап жыл сайын қала әкімінің қайырымдылық шыршасы өткізіледі, онда балаларға тәтті сыйлықтар табысталады.

Өскемен қаласында жетім-балаларды қолдау бойынша кешенді жоспар негізінде жетім-балалардың мәселесіне қоғамның назарын аудару, акциямен қамтылған балалардың есеп шоттарын толтыру, сонымен қатар патронаттық ұйымдармен әлеуметтік келісім шарттар жасау мақсатында жұмыстар жалғастырылуда.

Өскемен қаласының ұйымдарына, мекемелеріне және кәсіпорындарына қамқорлықтағы балалар қатарынан барлығы 76 жетім бала, 63 патронаттық ұйым бекітілген.

Өскемен қаласы бойынша 0-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар саны барлығы – 3598 адам; олардың ішінде есту қабілеті бұзылған – 76 бала, көру қабілеті бұзылған – 473 бала, тірек-қозғалу аппараты бұзылған – 292 бала, сөйлеу қабілеті бұзылған – 773 бала, психикалық дамуы тежелген – 1390 бала, ақыл-ойы кемтар – 520 бала, эмоциялық-жігерлік өрісі бұзылған - 74 бала.

Өскемен қаласында 970 мүгедек-бала тіркелген, олардың ішінде 7-18 жас аралығында 634 бала.

2014 - 2015 оқу жылында үйден оқытылатын балалар саны 151 адамды құрады, алайда 2015-2016 оқу жылының үш айында олардың саны 141 адамға жеткен, бұл қала мектептеріндегі жалпы балалар санының 0,5% құрайды. Бұл Өскемен қаласында тұратын балалардың денсаулық жағдайларының жалпы төмендегенін және теріс динамикасын көрсетеді.

Ең көп үйден оқытылатын балалар саны «№ 18 орта мектебі» КММ - 11 адам, бұл жалпы оқушылар құрамының 1,7% құрайды. Қаланың 5 мектептерінде аталған санатқа жататын балалар жоқ, олар: № 2 мектеп-гимназия, М. Әуезов атындағы № 17 орта мектебі, № 29 орта мектебі, № 38 мектеп-гимназия, Ново-Троицкое орта мектебі, бұл 11,3% құрайды.

Жыл сайын Өскемен қаласында барлық санаттағы мүмкіндігі шектеулі балалар санының артқаны байқалады .

2 кесте – барлық санаттағы ДМШ балалардың салыстырма сипаттамасы

 

барлық ДМШ балалар

есту қабіле

ті бұзыл


ған

көру қабілетібұзыл

ған


ТҚА бұзыл

ған


сөйлеу қабілеті бұзылған

ПДТ балалар

ақыл–ойы кемтар балалар

эмоциялық – жігерлік өрісі бұзылған

2014 жыл

3342

71

450

272

702

1270

519

58

2015 жыл

3598

76

473

292

773

1390

520

74

Көрініп тұрғандай, 2015 жылға даму мүмкіндігі шектеулі балалар саны 256 адамға артқан, бұл 7,2% құрайды.

2015-2016 оқу жылында 1865 бала түзете-дамытып тәрбиелеу және оқытумен қамтылған. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 1058 бала арнайы түзету білім беру ұйымдарында оқытылып тәрбиеленуде, 411 оқушы жалпы білім беретін мектептердің жанынан ашылған даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы сыныптарда оқиды. Қосымша 147 оқушы және 512 мектепке дейінгі жастағы балалар арнайы түзету «мектеп-балабақша» кешендерінде білім алуда.

Өскемен қаласында мынандай арнайы түзету білім беру мекемелері қызмет етеді:

174 бала қамтылған көру қабілеті бұзылған балаларға арналған № 14 балабақша-мектеп, олардың 73 оқушы, 101 мектепке дейінгі жастағы балалар;

242 бала қамтылған сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 62 балабақша- мектеп, оның 20 оқушы, 222 мектепке дейінгі жастағы балалар;

76 бала қамтылған психикалық дамуы тежелген балаларға арналған № 61 балабақша- мектеп, оның 14 бірінші сынып оқушылары, 62 мектепке дейінгі жастағы балалар;

Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған № 96 мектеп-балабақша кешені, 16 бала олардың ішінде 5- мектепте;

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» балабақша-мектебі (151 бала), олардың ішінде 35 мектепте оқиды.

№ 5, 8, 19, 20, 22, 26, 37, 42, Крупская атындағы мектеп-интернатта мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін жағдай жасайтын сыныптар ашылған - 45 сынып, 411 бала (2014 жылы 8 мектеп, 41 сынып - 364 бала).

Одан басқа 13 жалпы білім беретін мектепте және 23 балабақшада логопедтік қызмет ұйымдастырылған. Жазу және сөйлеу қабілеттері бұзылған барлығы 1423 балаға түзету көмегі көрсетіледі.

Өскемен қаласының білім беру ұйымдарында мүгедек балалардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін тең қолжетімдік жағдайы жасалған. № 2, 7, 11, 16, 19, 23, 32, 33, 37, 42 жалпы білім беретін мектептерде, № 1 «Балапан», № 3 «Балбөбек», № 8 «Мирас», № 20 «Нұршуақ», «Алтын дән» мектеп-балабақшаларында, сонымен қатар, қосымша білім беру мекемелерінде № 1 БММ, «Жігер», «Дружба» БЖК, оқушылар шығармашылық сарайында пандустар орнатылған.

Түзету мекемелерінің және түзету сыныптары бар ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы мүгедек-балаларға кедергісіз орта құру мәселесі әлі де болса проблемалы болып табылады, сонымен қатар барлық білім беру ұйымдарында пандустар орналастыруға қаржы бөлінген.

2015 жылдың 1 қазанынан бастап «Мен, сен, ол – барлығымыз бірге тату-тәтті отбасы» атты жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобаның мақсаты сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы айырмашылықты сыйлау және қабылдай отырып, қосымша білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілер мен білім алушылар арасында достық атмосферасын қалыптастыру.

Осы мақсатты іске асыру аясында 26 қыркүйектен бастап 10 қазан аралығында Бүкіләлемдік мүгедектер күнін мерекелеу аясында білім беру мекемелерінде келесі іс-шаралар өткізілді:

- сынып сағаттар: бастауыш сынып оқушыларына арналған «Қайырымдылық жолында» (қамту 13003 адам); орта буын оқушыларына арналған «Қайырымды бол», «Әр түрлі, бірақ тең» (қамту 11735 адам); жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Рухтары күшті», «Біздің маңайымыздағы адамдар» тақырыбында (қамту 2334 адам). Мектептер бойынша балаларды қамту 27072 адамды құрады, бұл қала мектептеріндегі жалпы оқушылар санының 89% құрайды.

- қаламыздың 23 мектебінде үйден оқытылатын және шағын учаскелерде тұратын мүгедектер шақыртылып, мерекелік концерттер өткізілді, бұл жалпы мектептер санының 52 % құрайды.

- 13 мектепте еріктілер жасақтарының жұмысы ұйымдастырылған. Жалғыз тұратын адамдарға, мүгедектерге шаруашылық бойынша көмек көрсетілді, 25 адамға атаулы көмек көрсетілді.

- тұрғындарды әлеуметтік қорғау орталығымен ұйымдастырылған Мүгедектер күніне арналған спорт сайыстарына № 26, 37, 42 мектептерінің, «Алтын Дән» мектеп-балабақша кешенінің 32 оқушысы қатысты.

2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы бағыттарының бірі педагог мамандығының беделін көтеру, жоғары білікті педагог қызметкерлер үлесін арттыру болып табылады, себебі білім сапасы бірінші кезекте сапалы дайындалған мұғалімдерге байланысты.

Білім беру ұйымдарында педагогтардың сапалы құрамына талдау жүргізу Өскемен қаласының кәсіби білікті кадрлармен қамтамасыз етілгенін көрсетті.

Білім беру ұйымдарында 7156 адам жұмыс істейді, педагогтар – 4369, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 140 адамға немесе 3,2% кем. Бұл жағдай білім беру ұйымдарын оңтайландыруға және мектепке дейінгі және мектеп желілерін арттыруға байланысты.

Мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуына және осы салада мамандардың жетіспеушілігіне байланысты жұмысқа санаты жоқ немесе екінші санаттағы мұғалімдер қабылданды, соның салдарынан педагогикалық кадрлар құрамының сапасы төмендеген. Осылайша, жоғары кәсіби білімі бар қызметкерлердің саны 0,1 % төмендеді және 76,8 % құрады. 45,2 % (2014 жылы-44,8 %) жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар, бұл білім беру қызметін лицензиялау талаптарына сәйкес келеді.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап қараша айы аралығында 1438 мұғалім біліктілікті арттыру курстары арқылы өздерінің кәсіби деңгейлерін арттырды.

Балалалар құрамының артуына байланысты бастауыш мектепте кадрлардың және шағын орталықтарда тәрбиешілердің тапшылығы байқалады, ол олқылық мамандарды шығаратын оқу орындарымен 3 жақты келісім-шарт жасасу арқылы толтырылатын болады.

Оқушылардың сапалы білімі көбінесе мұғалімнің шығармашылық потенциалына байланысты болады. Көптеген мұғалімдер өздерінің жұмысына сенімді түрде заманауи педагогикалық технологияларды енгізуде, сөйтіп өздерінің сабақтарын нағыз педагогикалық шеберханаға айналдыруда.

Орта білім берудің заманауи үлгілерін құру және оқыту үрдісінде халықаралық стандартқа көшу, Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасының оқу үрдісін автоматтандыруды енгізу үшін жағдайлар жасау бойынша индикаторларын жүзеге асыру үшін ақпараттық технологиялар белсенді түрде қолданылуда. Электронды пошта мен Интернет желісіне мектептер 100% қосылған, «Кателко плюс» оқу теледидарының қызметін пайдалану үшін барлық мектептер қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Қаламыздың 43 мектебі ADSL технологиясы бойынша Интернет желісіне, 2 мектеп Интернетке спутник арқылы қосылған.



«E-learning» жобасы аясында Өскемен қаласының 35 білім беру ұйымы компьютерлік және кеңсе техникасымен жабдықталған, сонымен қатар желілік қамтылу жұмыстары жүргізілді. Қала бойынша 2652 компьютерлік техника бірлігі бар. Осылайша, Өскемен қаласының мектептерінде компьютерлік техникамен жабдықталу қазіргі уақытта 1 компьютерге 12 адамнан келеді.

Бастауыш мектепте білім беру үрдісін жетілдіру, білім беру мазмұнын жаңарту жұмыстары жалғастырылуда.

Осы оқу жылында жаңа МБДБ апробациялау басталды, оған «№ 39 орта мектебі» КММ қатысады. 1 қыркүйектен бастап 5 бірінші сынып осы жобаға қатысады (125 бірінші сынып оқушылары).

Бірінші сыныпқа баратын оқушыларды Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес оқыту үшін жағдайлар жасау мақсатында бірінші сыныпқа баратын оқушыларды қабылдайтын барлық оқушылар және мектеп әкімшілігі жаңа буын стандарты бойынша қайта даярлау курсынан өтті.

Баламалы кері байланыс – білім сапасын бағалау жүйесінсіз білім беру жүйесін тиімді жетілдіру, жаңа білім беру стандарттарын енгізу мүмкін емес.

Бүгінгі таңда мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің және сынып жетекшілерінің алдында кәсіптік бағдарлау жұмыстарын одан әрі күшейту, 10 сыныпқа өтетін балалардың тілектерін қалыптастыру және ҰБТ арналған пәндерді жауапкершілікпен таңдау міндеті тұр.

Түлектердің білім алу және еңбек траекториялары олардың өмірге аяқ басу сәтін бағалауға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Оқу-өндірістік комбинатының базасында кәсіптік бағдарлау жұмыс бойынша эксперименталдық алаң құрылған.

Білім беруді жаңғырту алдымызға маңызды және жауапты міндеттер қояды, олар – дарынды балаларды және талантты жастарды іздеу және қолдау жүйесін құру, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қалыптасуының барлық кезеңінде оларға көмек көрсету.

Қалада дарынды балалар жетістіктерінің деректер қоры құрылған. Олар барлық деңгейдегі пән олимпиадаларының, байқаулар, жарыстар, зияткерлік турнирлерінің жеңімпаздары.

Білім сапасының көрнекі көрсеткіштері пән олимпиадаларының нәтижелері болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет