«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет181/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

Есептер:
1. 72-жастағы әйел кісі, клиникаға экспираторлы ентігумен және тұншығумен қосарланған бронх демікпесінің ұстамасының ауыр түрімен келіп түсті. Объективті: ұзарған тыныс шығарумен айқын ентігу, қабырғааралықтар тартылған, тері жамылғылыры диффузды цианозды, аускультативті қатқыл тыныстың реңімен құрғақ, ысқырықты сырылдар естіледі.
А. Науқасқа қандай препарат енгізу керек?
Б. Сіздің ары қарай тактикаңыз?
2. Ер адам 65 жаста, көп жылдар бойы артериалдық гипертониямен, стенокардиямен, созылмалы обструктивті бронхитпен зардап шегеді, кенеттен иыққа, жауырынаралық аймаққа берілетін төстің жоғарғы бөлігінде басып ауырсыну сезімі, естен тану (секундтар), кеудесінің қысуы пайда болды. Қарағанда – жүрек ырғағы дұрыс, тондары сақталған. АҚ 160/90 мм с.б.б. өкпе үстінен құрғақ шашырынды сырылдар естіледі. Нитроглицерин қабылдағанда көмектеспеді.
А. Мүмкін болатын клиникалық диагноз?
Б. Сіздің ары қарай тактикаңыз?


1) Тақырып: № 14. Асқорыту мүшелерін лабораторлы –аспапты зерттеу тәсілдері: асқазан РН – метриясы және дуоденалды зондтау туралы ұғым. ФГДС.
2) Мақсаты: Асқорыту мүшелерін лабораторлы –аспапты зерттеу тәсілдері: асқазан РН – метриясы және дуоденалды зондтау туралы ұғымды және ФГДС әдісін оқыту.
3) Тапсырма:
- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен,
монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)
- сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру

  • тест тапсырмаларын шешу

  • берілген тақырып бойынша өз бетінше 4-5 тест құрастыру

4) Орындалу түрі:
- «кейс-стади»
- постерлік доклад
- тақырып бойынша эссе Кластерлер
- тақырып бойынша глоссарий

  • презентация

  • интеллект карта

5) Орындалу критерилері.
1. Презентация –өз бетінше орындалуы керек, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және кемінде 5 әдебиет көзі болуы керек. Слайдтар мазмұнды және қөркемді болуы керек. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша тереңірек білімін демонстрациялауы қажет, талқылау кезінде сұрақтарға жауап бергенде қателіктер жібермеуі керек. Слайдтардың мазмұны толық және көркем, тақырып бойынша өз ойымен интегрирленген мәлімет болуы керек.
2. Интеллект карта және буклет жинақы орындалған және белгіленген уақытында өткізілген болуы керек. Өз бетінше кемінде 5 әдебиет қолданылуы керек. Сызбалар, кестелер және суреттер болуы керек.
3.Студенттердің жеке сұхбатының жазбасы және, немесе дәрігердің пациентпен сұхбатының видеоаудио таспасын таңдау.
4.Меңгерген тәжірибелік дағдылары жазылған күнделік арнау
5.Әр тақырып бойынша өзінің индивидуалды ой қатынасын суреттеу
6.Рөлдік ойындар қою


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет