Есептер: 1. Қабылдау бөліміне 45 жастағы науқас В. келді. Сәл қозғалыста айқын ентігу, сирек құрғақ жөтел мазалайды. Объективті: кеуде клеткасының сол жағы тыныс алу актысында қалыңқы, қабырғааралықтар жазылған. Дауыс дірілі сол жақтан IV қабырғадан бастап барлық топографиялық сызықтарда жүргізілмейді. Перкуссияда осы аймақта абсолютті тұйық дыбыс. Траубе кеңістігі анықталмайды.
1. Қандай патологиялыұ синдром туралы ойлауға болады?
2. Осы синдромның мүмкін болатын себептерін көрсетіңіз.
3. Траубе кеңістігі деген не?
4. Қалыпты жағдайда Траубе кеңістігінен қандай дыбыс естіледі. Оған физикалық сипаттама беріңіз.
5. Траубе кеңістігіндегі перкуторлық дыбыстың өзгеруін қалай түсінесіз?
2. Қабылдау бөліміне 55 жастағы К. деген науқас кеді. Дене қызуының 40,5°С дейін жоғарылауымен қалтырауға, шырышты іріңді тұтқыр қақырықтың бөлінуімен жөтелге шағымданады. Ауырғанына 2 күн болған. Объективті: кеуде клеткасының сол жағы тыныс алу актысы кезінде шамалы қалыңқы. Дауыс дірілі жауырын сызығымен артқы қолтықастына дейін 6 қабырғадан 9 қабырғаға дейін күшейген. Осы аймақта перкуторлық дыбыс тұйықталған.
1. Қандай патологиялық синдром туралы ойлауға болады?
2. Тұйық перкуторлық дыбысқа физикалық сипаттама беріңіз.
3. Тұйық перкуторлық дыбыстың пайда болуын қалай түсіндіреді?
4. Қалыпты жағдайда өкпенің төменгі жиегі артқы қолтықасты сызығы бойымен қай деңгейде орналасқан?
5. Өкпенің төменгі шекараларын анықтауда қандай перкуссия қолданылады (соққы күші бойынша)?
1) Тақырып:№21. ЭКГ-ні тіркеу техникасы мен әдісі. ЭКГ-нің қалыпты тісшелері және комплекстері.
2) Мақсаты: Студенттерге ЭКГ-ні тіркеу техникасы мен әдісін, ЭКГ-нің қалыпты тісшелері және комплекстерін оқыту.
3) Тапсырма: - СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен,
монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)
- сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру