«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие


) Иллюстративті мәлімет берілген



бет58/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

4) Иллюстративті мәлімет берілген.


5) Әдебиет:
Негізгі әдебиет:


Қосымша әдебиет:


6) Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. БД жаңаша ұғымы туралы не білесіздер?

  2. Жөтел, ентігу, тұншығу ұстамасы кезінде қандай мейірбикелік үдерісті білесіздер?

  3. Кеуде қуысындағы ауырсыну, қызба кезінде мейірбикелік үдеріс.

1) Тақырып:№12. Жүрек -тамыр жүйесі ауруларында мейірбикелік үдеріс.


2) Мақсаты: студенттерді жүрек-қантамыр аурулары кезінде мейірбикелік үдеріспен таныстыру.
3) Лекция тезистері:
Артериялық гипертония ауруы(morbus hypertonicus)-артериялық қысымның күшеюімен, қан тамырларының қуатының жүйкелік-функционалдық бұзылыстары-мен сипатталатын ауру. Гипертония ауруымен көбінесе ер адамдар және 40 жастан асқан әйелдер ауырады.
Гипертония ауруын симптомдық гипертензиядан ажырата білу қажет. Қан қысымының жоғарылау ауруы бүйректің, оның басты артериясының окклюзионды зақымдануына, қолқа коартациясында, қолқа атеросклерозында
(қолқаның үлкен тармақтарында),эндокриндік бездердің қызметінің бұзылуында (Иценко-Кушинг ауруы, феохромоцитома) байқалады.
Этиологиясы мен патогенезі. Қан қысымының жоғарылауы бұл аурудың басты себебі ол науқастың жүйкесі мен психикасының нашарлауы салдарынан болады. Оларға психикалық тежеу, эмоциялық күйзеліс, ұзақ әр түрлі күшті әсерлер жатады. Аурудың дамуында-тұқым қуалаушылықтың үлкен маңызы бар. Сол сияқты аурудың дамуына темекі шегу, атеросклероз, эндокриндік бездердің жасқа байланысты өзгеруі де маңызды роль атқарады.
Алғашқыда, стрестік жағдайлардың әсерінен бас ми қыртысы мен гипоталамустағы вегетативтік орталық, оның ішінде симпатикалық жүйкенің қозғыштығы жоғарылайды. Бұл ішкі ағзалардың, әсіресе бүйрек артериялары-ның тарылуына әкеліп соғады. Осы кезде қан тамырларының қарсылығы аз өзгереді, бірақ бүйректің қан тамырларының қарсылығы күшейе түседі. Бүй-рек тініндегі ишемиядан бүйректің юкстагломерулалық аппаратынан ренин көп мөлшерде бөлінеді, соның әсерінен плазмадағы ангиотензиннің белсенді
емес түрі белсенді боп түседі, оның прессорлы әсері күшейеді. Аурудың бастапқы сатысында айтылған жауап уақытша ғана байқалады, бұл стресті әсерлердің басты көрінісі. Кейін артериалдық қысымның көтерілуі тұрақты бола бастайды. Артериалдық қысымның тұрақты реттелуінде тек прессорлы механизм емес, депрессорлы(брадикининдік, ангиотензиндік, бүйрек простагландиндері, кинин-калликреин жүйесі) механизмдер қатысады.
Гипертония ауруында, осы жүйелердің арақатынасы бұзылады, прессорлы механизмнің әсері жоғарылайды, бұл артериалдық қан қысымының жоғарылауының тұрақталуына әкеліп соғады.
Гемодинамика өзгерістері жүректің насостық қызметінің біртіндеп төмендеуін, шеткі және бүйрек қан тамырларының қарсылығы жалпы жоғарылауын тудырады. Ренин секрециясы тағы да көп көлемде ангиотензин II-нің көп мөлшерде шығуына әсер етеді, ол бүйрек үсті безінің қыртыс серекциясын, «натрийді ұстаушы» гормон – альдостеронды көбейтіп күшейтеді, одан әрі натрий алмасуына әсер ете отырып, тамыр қабырғаларына натрий мен
суды ұстайды. Ал ол артериялдық қысымды одан әрі жоғарылатады.
Дерттің анатомиясы. Гипертония ауруы кезінде біртіедеп қан тамыр қа-бырғаларының өткізгіштігі артады.Аурудың соңғы сатысында оның кіші ар-терияларында беріш өлі еттенбей, ағза тіндерінде екіншілік өзгерістерге әкеліп соғады. Бұл кезде зақымдану дәрежесі бірдей болмайды.
Клиникалық көрінісі. Бастапқы кезде науқастар жүйкелік әр түрлі бұыстарға шағым айтады. Олар жалпы әлсіздікке, жұмыс қабілетінің төмендеуіне, ұйқысыздыққа, бас айналуға, құлақтағы шуылға, кейде жүрек қағуына шағым айтып дәрігерге көрінеді.
Аурудың негізгі объективті белгісі систолалық (140-160 мм сын. бағ.)
және диастолалық қысымның (90мм сын. бағ.) жоғарылауы. Аурудың бастапқы сатысында артериялық қысымда үлкен ауытқулар жиі болады. Қолқада II дыбыстың акценті естіледі, тамыр соғуы қатты сезіледі. Аурудың созылмалы
түрінде артериялық қысым жоғарылауы тұрақтанып, сол қарыншаның қалыңдау белгілері, соның ішінде жүрек ұшының түрткісі күшейіп, жүректің сол
жақ шекарасы солға ауытқығаны байқалады.
Гипертония ауруы кезінде жүрек-қан тамырларындағы өзгерістерді қосымша зерттеу әдістерімен анықтауға болады. Рентгенмен зерттеу арқылы жүректің қолқалық пішінін көреміз. Қолқа ұзарған, тығыздалған, кеңейген ЭКГ-да сол типті болады, S-T сегменті тегістелген, Т-термесі теріс немесе екі фазалы I-II –стандартты тіркеулерде және кеуделік (V5-V6) тіркеулерде, көздің түбін зерттегенде сетчатка артерияларының және веналардың кеңейгенін көреміз.
Гипертония ауруының ұзаққа созылуы 1-ші кезекте жүрек, бүйрек, бас, ми қан тамырларының зақымдануына әкеліп соғады.Ол жүректің ишемиялық ауруына, стенокардия, миокард инфарктысына әкелуі мүмкін. Аурудың соңғы кезеңінде жоғары артериялық қысымның әсерінен жүрек еттерінің зорығуымен байланысты болатын жүрек жетіспеушілігі, одан жедел ұстамалы жүрек астмасы түрінде немесе өкпе ісінуіне, созылмалы қан айналым жетіспеушілігі тууы мүмкін. Аурудың ауыр ағымында көз торының қан тамырларындағы өзгерістерге байланысты көздің көруінің төмендеуі мүмкін, көз түбін тексергенде, оның жалпы бозарғанын, артериялардың тарылғандығын, аздап веналардың кеңейгенін, кейде көз торына қан құйығандығын да байқауға болады. Жоғары артериалдық қысымның әсерінен мидағы қан бұзылуы сал ауруына, нервтік сезімталдықтың бұзылуына, науқастың қаза болуына әкеліп соғады. Бүйректегі зақымданудан оның зәрді қойылту қабілетінің бұзылуын, яғни зәрмен бөлінетін зат алмасу өнімдерінің организмдерде кідіруін, зәрлі-қанның дамуын тудырады. Гипертония ауруына-кезекті қысқа мерзіді артериалдық қысымның көтерілуіне-оның күрт асқынуы (криз) тән. Күрт асқынудың пайда болуына психикалық жарақат, жүйкенің шаршауы, атмосфералық ауытқулар т.б. себепкер болады. Қан қысымының жоғарылауының, оның күрт көтерілуінің-кенеттен артериялық қысымның жоғарылауы, әр түрлі ұзақтықта (бірнеше сағаттан бірнеше күнге) пайда болады. Бұл кезде кенет бас ауру, бас айналуы, қызба, терлегіштік, жүрек қағуы, кейде көз көрудің бұзылуы, жүрек аймағында шаншып, жүрек айнуы, құсумен қоса жүреді. Ауыр жағдайда күрт асқыну кезінде естен тану байқалуы мүмкін.
Жүрек аускультациясында II дыбыстың қолқада акценті естіледі. Тамырдың соғуы жиілейді, кейде баяулайды, кейде тіпті өзгермеуі де мүмкін. Артериалдық қан қысымының тез көтерілуі, аурудың соңғы сатысындақан тамырларында органикалық өзгерістер пайда болған кезде күрт асқыну уақытында ми қан айналымының бұзылуы,миокард инфарктын, жедел сол қарынша жетіспеушілігін туындатады. Аурудың көрінісіне және артериалық қысымның
көтерілуінің тұрақтылығына байланысты үш түрге бөлеміз: жеңіл-диастолалық қысым 100мм.сын.бағ. шамасында,орташа-диастолалық қысым 115мм.
сын.бағ. жоғары. Бұдан әрі аурудың дамуына қарай 3 сатыға бөлінеді.
I сатысы: кезекті артериалдық қысымның көтерілуі стрестің әсерінен, әдеттегі жағдайда артериалдық қысым қалыпты болады.
II сатысы: артериалдық қысым үнемі жоғары, объективті тексергенде сол жақ қарыншаның қалыңдау белгілерін және көз түбіндегі өзгерістерді табуға болады.
III сатысы: жоғары артериалдық қысымның үнемі тұрақты жағдайында ішкі
ағзалар мен тіндерде склероздық өзгерістерін байқауға болады.Олардың қыз-
метінің бұзылуынан бұл сатыда жүрек, бүйрек қызметтерінің жетіспеушілігі,
мида қан айналымы бұзылысы, гипертониялық ретинопатия дамуы мүмкін.
Бұл сатыда ауруларда артериалдық қысымы миокард инфарктынан немесе
инсульттен кейін, қалыпты деңгейге дейін төмендеуі мүмкін.

Гипертониялық криз


Гипертониялық криз деп нерв жүйесінің,қан айналымының бұзылыстарға ұшырап, әртүрлі гуморальдық әсерлердің нәтижесінде қан қысымының кенеттен көтеріліп кетуін айтады. Бұндай бұзылысқа жетелейтін жәйсіз жағдайлар мыналар:
1)науқастың нерв және психикалық жүйесінің зорығуы
2)көп мөлшерде арақ-шарап ішу
3)егер қан қысымын түсіретін дәрілерді рұқсатсыз тоқтатып тастаса
4)ауа райының кенеттен өзгеруі
5)клиникада гипертониялық криздің 5 түрі болады. Оның ішінде жиі кездесетіндері: гипертониялық криз,кардиалды криз, мидың ангиогипертониялық және ми қантамырларының қыспысынан т.б. зиянды әсерлер пайда болатын криздар. Клиникалық белгілері: Жаңа басталып келе жатқан кезде науқас мазасызданады. Жүрек соғуы жиілейді(тахикардия), науқас түрегеліп отыруға мәжбүр бола бастайды. Ауа жетпей жүрегі қысылады. Басы қатты ауырады. Кейін жүрегі айнып құсқысы келеді,сөздері түсініксіздеу бола бастайды. Науқастың қан қысымы қатты көтерілгені байқалады(220/120). ЭКГ тексергенде QRS тісшесінің кеңейгенін, STсегментінің төмен түскенін, оның терістігін байқауға болады. Жедел жәрдем: Біріншіден науқасқа дұрыс күтім керек. Дереу тез арада седуксен немесе дроперидол дәрілері құйылуы тиіс.Лазекс-40-80мг корглюкон-0,06%-1мл бәрін бірден қанға салу керек. Бұлшық етке клофелин 0,01%-0,5мл, 25%магний сульфат-10мл,50%, анальгин-2мл жіберіледі. Егер қан қысымы түспесе 20минуттан кейін пенталгинді қанға тамызады. Кейін ганглиоблокаторлар қосылады. Осындай жедел жәрдем көсетілгеннен кейін науқас ауруханаға жеткізілуі тиіс.
І кезең. Медбикелік тексерулер
Медбике өз еркімен және үлкен іскерлікпен науқастың тұрмыс жағдайының ерекшеліктерінің, оның мәселелерін, өмірлік қажет – ң бұзылыстарынан туындайтын шағымдарынан анықтайды. Жүрек аймағының ауырсынулары, яғни олардың сипаты, орналасу орны (локализация), таралуы (аррадиация), ауырсынуды туғызатын және бәсеңдететін жағдайлар жөніндегі мәліметтер өте нақты жиналады. Жүрек аймағының ауырсынуларын әдетте келесі симптомдармен бірге жүреді: бас ауу, бас айналуы, ентікпе, дене қызбасы, жалпы әлсіздік, және т.б.
Бұл симптомдар жүрек ауруларының, жүрек аймағындағы ауырсынулардың себептері мен салдарын анықтайды.
Объективті тек: артериялық қан қысымның жоғарлауын немесе төмендеуін, пульстің әлсіздігін немесе басымдылығын, зәрдің мүлде азаюы олигоурияны анықтауға болады.
Науқастың өмірлік жағдайын, оның мәселелерін нақты анықтау, медбике науқас өмірін құтқару үшін және науқасты арнайы, күту ерек – рі жайында дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады.
ІІ кезең. Науқастардың мәселелерін анықтау.
1. Тәж артериясының қан айналысының бұзылыстарын салдарынан төс арты аймағының өткір ауырсынуы туындайды.
2. Жүрек аймағының ау – ң не/се тұншығудың әсерінен өлім қаупі жайында қорқыныш сезімінің п.б.
3. Артер-қ қан қысымының төмендеуі, пулсьтіңтін тәрізді өзгеруі, терінің терлеуі және бозаруымен біте жүретін ту әлсіреу п.б.
4. Жүректің толық көлденең бөгемесі чсалдарынан тыныштық күйде науқастың есінен тануы немесе талма п.б.
5. Науқастың физикалық блсенділігінің төмендеуі әсерінен қолайсыздық сезімі туады.
ІІІ кезең Медбикелік іс - әректтерді жоспарлау.



Медбикелік іс - әрекеттің мақсаты

Медбикелік іс - әрекеттің жоспары.

Науқастың 30м соң ауырсынуда сезінбейді

1. Науқасты ыңғайлы жатқызу 2. Егер АҚ сис – қ 100 мм. С. б. б. жоғары болса, 1 таб нитроглицерин тіл астына 5 мин соң қайт.
3. Сол қолын 450С (ваннаға 10 мин салу)
4. Ауырсыну басылмаса дәрігер шақыру
5. Жүрек аймағына қыша қою
6. Инф – ға: 10% - 1 мл, дроперидол еріт – ң 0,005% 1 мл фентанил еріт дайындау
7. Шайнауға ацетилсалицил қышқ – ң ½ таб беру.

Науқастың қорқыныш сезімін 20 м соң сезінбейді.

1. Науқас пен ауруының маңызы жөнінде және ауру – ң болжамы қатерсіз екендігін жайында сұх – су.
2. Науқасты осы ауру – н ауырып сауығып жатқан адамдармен кездестіру.
3. Валериана тұнбасының 30 – 40 там – н ішуге беру.
4. Дәр – ң тағайындауымен инфек – ға 0,5% 2 мл диазепам (адуин, сибазин) ер – н дайындау.
5. Науқаспен қарым – қатынастың ерек – і жөнінде науқастың туыстарымен сұхбаттасу.

Науқастың 1 сағ – н соң әлсіздік пен жағымсыз әсерін сезінбейді.

1. Науқас кеуде клеткасын көтеріңкі етіп, құрғақ жылы төсекке жатқызу.


2. Науқастың аяқ – қолдарын грелкамен жылы көрпемен, ыстық шәймен жылыту.
3. Дер кезінде іш киімін ауыстыру.
4. Бөлмені таза ауамен, ал науқасты 02 және 02 жастығы арқылы қамтамасыз ету.
5. АҚҚ өлшеп, пульсті бағалап, дәрәгерді шақыру.
6. Дәр – ң тағайн – н инфек – ға: 2 мл кардиамин 1% 1мл димидрол 0,025% 1мл атрофантин ер – н венаға тамызып енгізуге 30 мг преднизалон 1% - 1 мл лидокаин еріт – ң қоспасын дайындау.
7. Әр сағат сайын диурезді санау АҚ өлшеу, пульсті әр 10мин сайын бағалау.

Бірнеше минуттан соң науқастың есі қалпына келеді.

1. Пульсті бағалау.
2. Науқасты горизантальда жатқызу.
3. Дәрігерді шақыру.
4. Инфек – ға: 0,1 % - 1 мл атропин ер – н 2,4% - 10мл эуфиллин ер – н дайындау.

Науқас 1 – 2 күнен соң қозғалыстың тапшылығы әсерінен туындайтын қолайсыздықты сезінбейді.,

1. Қатаң төсектік тәртіптің қажет – ң маңызы жайында түсіндіру жұмысын жүргізу қажет.
2. Науқасқа арқасымен жату өте қолайсыздық туғысса, алда науқасты қатаң төсектік тәртіпке сәйкес оң жақ бүйіріне жатқызу.
3. Науқастың төсектік тәртіп жайындағы ойын өзгерту үшін науқас туыс – ң науқаспен әңгімелесудің, кіткптар т.б. оқудың қажет – н науқас туыстарына түсіндіру.

ІV кезең . Мейірбике іс-әрекетінің жоспарын іске асыруы.


V кезең. Мейірбикелік іс-әрекеттердің пайдалы әсерін бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет