«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет63/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

Ойық жара ауруы
Ойық жара ауруы (morbus uclerosus) дегеніміз үдеу және уақытша оңалу кезеңдерінің алмасуымен өтетін созылмалы рецидивті ауру, оның негізгі көрінісіне асқазанның және он екі елі ішектің қабырғасында ойық жараның пайда болуымен сипатталады. Ойық жара ауруының таралуы шамамен 7-10 % болады, ер адамдар жиірек ауырады. Ойық жара он екі елі ішекте, асқазанға қарағанда 4 есе жиірек кездеседі.
Этиологиясы мен патогенезі. Қазіргі заманғы көзқарас бойынша ойық жара ауруы асқазанның кілегей қабатының бүтіндігін қамтамасыз етіп отыратын қорғаныш механизмдері мен зиянды себептердің әсерінен баланстың бұзылуы кезінде дамиды. Зиянды себеп шарттарларға тұз қышқылы, пепсин, өт қышқылдары, Неlісоbасtеr руlоrі, астероидты қабынуға қарсы препараттар, арақ-шарап жатады. Қорғаныс механизмдеріне кілегейлі — бикарбонаттық кедергі, простагландиндер жатады. Созылмалы гастриті бар адамдарды зерттеу кезінде олардың асқазанынан көптеген бактериялар табылады. Бұл бактерияларды алдымен Campylobacter тобына жатқызған, кейін Неlісоbасtеr руlоrі болып өзгертілген. Гистологиялық зерттеулердің нәтижесінде Неlісоbасtеr руlоrі 95% және 70% жағдайда он екі елі ішек және асқазан ойық жараларымен ауырған сырқаттарда табылған. Сондай-ақ иммундық бұзылыстар, асқазанның кілегей қабатының созылмалы қабынулық инфильтрациясы, гастриннің гиперсекрециясы да өз әсерлерін тигізбей қоймайды. Кейде Неlісоbасtеr руlоrі сау адамдарда да кездесуі мүмкін.
Ойық жара ауруының дамуында туа біткен бейімділіктің белгілі бір маңызы бар. Бірқатар генетикалық себеп-шарттарға (асқазанның тұз қышқылын түзетін клеткаларының массасының көбеюі, олардың гастринге аса сезімталдығы, пепсиноген-1-дің көп түзілуі, гастродуоденалдық моториканың бұзылуы) асқазан мен он екі елі ішектің кілегейлі қабатын зақымдайтын асқазанның зияңды себеп-шарттары да жатады. А иммуноглобулинінің азаюы, оның кілегей қабаты құрамының өзгеруі жоғарыдағы әсерлерге қарсы тұратын күштерді азайтады. Он екі елі ішектің ойық жарасының дамуында негізгі себеп-шарттар қышқылдық пептидтік болып табылады. Асқазанда ойық жара пайда болуына кілегей қабатының резистенттігінің азаюы, өттің қайта асқазанға түсуі әсер етеді. Қоршаған ортаның жағымсыз себеп-шарттары (стрестер, шылым шегу, арақ-шарап ішу, т. б.) да ойық жараның туындауына әкеліп соғады.
Диспепсиялық шағымдар — жүрек қыжылдауы мен жүрек айнуы, кекіру, құсу, нәжістің қатуы ойық жара ауруында жиі кездеседі.
Науқас адамдар қатты жүдеуі мүмкін, себебі олар ауыру сезімін болдырмас үшін тағам қабылдаудан бас тартады (citofobia).
Жоғарыда айтылған симптомдар ойық жарасы бар барлық науқастарда бірдей анықталмайды. Кей жағдайларда ауыру сезімі білінбей, ол тек ғана асқыну кезінде табылуы мүмкін.
Ойық жара ауруы бар болса, ішті пальпация жасаған кезде құрсақтың алдыңғы бұлшық еттерінің ауруы және резистенттілігі анықталуы мүмкін. Осы тұста перкуссия кезінде шектелген ауыру аймағы анықталуын "оң" Мендель симптомы деп атайды.
Зертханалық көрсеткіштер өзгермеуі мүмкін, анық немесе жасырын қан кету кезінде анемия байқалады. Нәжістегі жасырын қанды анықтау (Грегерсон, Вебер реакциялары) ауруды табуға көмектеседі.
Асқазанның қышқыл түзгіш қызметі он екі елі ішектің ойық жарасында көтеріңкі деңгейді көрсетсе, асқазан ойық жараларыңда қалышы немесе төмендеген көрсеткіштер береді.
Эндоскопиялық зерттеу арқылы ойық жараның бар-жоғын, оның орналасқан жерін, пішінін, тереңдігін, көлемін, жан-жағындағы және түбіндегі тіндердің жағдайын анықтауға болады.
Рентген әдісі эндоскопиялық зерттеуді толықтырып, оны қосымша дәлелдейтін белгілерді (бұлшық еттердің циркулярлы жиырылуы, ойық тұсындағы жиырылымдардың конвергенциясы, т. б.) анықтайды.
Асқынуы. Әр түрлі жағымсыз себеп-шарттар (физикалық қатты күш түсіру, маскүнемдік) ойық жара ауруының асқынуы мүмкін. Науқастардың 15—20 %-інде ойық жарадан қан кетуі ықтимал, оның клиникалық көрінісі құсықтың түрі "кофе тәріздес" болуы және нәжістің қара түске боялуы. Ойық жара асқазанның бүкіл қабаттарын тесіп шығуы мүмкін (перфорация), бұл кезде эпигастрий тұсында "пышақ кескендей" ауыру сезімі, коллапс, алдыңғы құрсақ еттерінің "ағаш тәрізді" қатаюы, іш пердесін тітіркендіру симптомдары (Щеткин-Блюмберг) анықталады. Ойық жараның көршілес ағзаларға өтуін пенетрация деп атайды. Пенетрацияның клиникалық көріністері: қатты ауыру сезімі, дененің қалтырауы, ЭТЖ-ның тездеуі. Пилорикалық канал мен он екі елі ішектің тыртықтары, тігілген ойық жарадан кейінгі өзгерістер оның тарылуына әкеліп соғуы сөзсіз. Оның алғашқы белгілеріне эпигастрий тұсының ауырлауы, шіріген иіспен кекіру, жаңа ішілген тамақпен бірге құсу жатады. Сондай-ақ ойық жара ауруының асқынуына, оның қатерлі ісікке айналуы, көршілес ағзалармен жанасып, тұтасып, қабыну үрдісімен солармен қоса қабунуы жатады.
Емдеу шаралары асқыну дамымаған шақта консервативтік шаралармен (бактерицитті препараттар, спазмолтиктер, Н2 – болкаторлар, антацидтер симптоматикалық ем) шектеледі, көмектеспеген шақта хирургиялық ем шаралары қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет