«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет62/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

Эрозивті гастрит асқазанның ойық жарасының клиникалық көріністерін беруі мүмкін. Бұл ауруда әр түрлі мөлшерде қан кетеді.
Жедел гастрит диагаозы эндоскопиялық әдіспен қойылады. Емдеу жаралары асқазанның кілегей қабатын зақымдайтын препараттарды бергізбеуге, негізгі ауруды емдеуге бағытталады.

Созылмалы гастрит


Созылмалы гастрит (gastritis chronica) ас қорыту жүйесі аурулары ішінде кеңінен тараған дерт болып есептелінеді.
Этиология мен патогенезі. Ал эндогендік себептерге қызметі бұзылған ағзалардың рефлекторлы әсерлері (үйқы безі, ішек, өт қабы), гормоналды жүйенің бұзылыстары (қалқанша бездің, бүйрек үсті безінің, ми астындағы бездің аурулары), созылмалы инфекциялар (безгек, мерез, туберкулез), созылмалы инфекция ошақтары (құрт тәрізді өсінді, бадамша бездері. т.б.) жатады.
Күні бүгінге дейін созылмалы гастритгің этиологиясы мен патогенезі толық зерттелмеген. Соңғы көзқарас бойынша созылмалы гастрит екі жолмен дамиды.
Созылмалы А типті гастрит тұсында асқазанның жапсырмалы клеткаларына қарсы аутоантиденелер түзіліп, олар ең алдымен асқазанның түбінің атрофиясына әкеліп соғады.
Созылмалы В типті гастриттің дамуына аутоиммундық себептер әсер етпейді. Оның дамуына емдемді бұзу, көп мөлшерде арақ-шарап қабылдау, темекіні көп тарту, т. б. себептер әсер етеді.
Соңғы жылдары созылмалы В типті гастриттің даму барысында микроорганизмдердің (helicobacter pylori) әсері дәлелденуде.
Қышқыл түзгіш қызметі қалыпты немесе көтеріңкі созылмалы гастрит көбіне жас адамдарда кездеседі, бұл кезде ойық жара тәрізді симптомдар, оның ішінде аш қарынға білінетін, түнде кешірек байқалатын ауыру сезімі, қышқылмен кекіру, іштің қату белгілері анықталады.
Қышқыл түзгіш қызметі төмен, яғни секреторлық қызметі жеткіліксіз созылмалы гастрит көбіне жасы ұлғайған адамдарда кездеседі, эпигастрия тұсында сыздаған ауыру сезімі, асқазанның толық кернеген сезімі, төбеттің төмендеуі,-ауамен кекіру, іштің желденуі, іштің өту белгілері байқалады. Ұзақ уақытқа созылған сөлсіздік бірте-бірте дене салмағының төмендеуіне әкеліп соғады, гаповитаминоз симптомдары (тырнақтың сынуы, еріннің жарылуы, т. б.) пайда болып, В12 тапшылық анемия дамыды.
Созылмалы гастриті бар адамдарды объективті қарау кезінде көп өзгеріс болмайды, кейбір жағдайларда пальпация әдісімен зерттеу кезінде асқазан ауруы бар екендігі анықталады.
Созылмалы гастриттің диагаостикасында асқазанның қышқыл және пепсин түзгіш қызметі зерттеледі. Оны асқазанды фракциялық немесе асқазанішілік рН-метрия әдістерімен зерттей отырып анықтайды. Ренттенологиялық зерттеу асқазанның моторикасының бұзылуын анықтауға көмектеседі. Ол асқазанның кілегей қабаты бетінің пішінін сипаттайды. Дегенмен созылмалы гастриттің диагностикасында негізгі зерттеу әдісі эндоскопия болып табылады. Созылмалы гастрит панкреатит, колит, энтерит, холецистит. ауруларымен жиі серіктес, сондықтан осы жағдайды ескере отырып, науқасты жан-жақты тексерген жөн.
Созылмалы гастрит ұзақ уақыт бойы жай дамуымен, көптеген жылдар ішінде үдеу және ремиссия кезендерінің алмасуымен, пайда болған өзгерістердің біртіңдеп ұлғаюымен сипатталады. Фундалды бөлімінің семуі аутоиммундық өзгерістерге, эпителиінің дистрофиясына жетелейді, оның өзі асқазан рагінің дамуына әкелетін бірден-бір себеп болып табылады. Аурудың жеңіл түрлерінде ем қоданылмайды. Созылмалы гастриттің үдеу кезеңінде емдәмдік тағамдану, симптоматикалық ем, санаторлы-курорттық ем түрлері тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет