Бақылау жұмысын орындау нұсқауы
Студент берілген бақылау сұрақтарымен жұмыс жасарда жергілікті
кітапханалар жөнінде толық білуі, қарауы керек.
Сессия кезінде студенттер «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
Мемлекеттік Университетінің Білім орталығының», ГӘФ оқу залының, ГӘФ
жаңа технологиялар кабинетінің, Л.Толстой атындағы облыстық
кітапхананың, Н.Островский атындағы қалалық кітапхананың кітап қорын
пайдалана алады.
Білім орталығының анықтамалық-библиогарфиялық бөлімінде
библиограф студентке барлық пәндер бойынша әдебиеттер және деректер
түрлерін, монографияларды ұсынады.
Электронды залда студент әр пән бойынша бейнематериалдармен,
оқулықтардың электронды нұсқасымен таныса алады.
Әрбір студент әр пәнге қатысты материалдар жарияланатын баспа
беттерін де ала алады. Университеттің Білім орталығындағы каталогтар
залында тіл және әдебиет теориясы кафедрасы берген бақылау
жұмыстарының, жұмыс жоспарының толық орындалуына мүмкіндік алады.
Бақылау жұмысын орындау-сырттай оқу бөлімі студенттерінің оқу
жоспарының бір бөлігі.
Бақылау жұмысы студенттерге дәрістерде және семинарларда алған
білімдерін бекітуі, зерттеушілік қызметінің дағдылануы,әр пәнге қатысты
өзін қызықтыратын жекелеген мәселелерді қарастыруы, ғалымдар еңбектерін
оқуы үшін беріледі.
Сырттай оқу бөлімінің студенттері үшін Тіл және әдебиет теориясы
кафедрасының оқытушылары кесте бойынша әр пәнге кеңес өткізеді.
Сырттай оқу бөлімінің студенттеріне бақылау жұмыстарын жазу барысында
өзіндік мамандықтың ерекшелігін есепке алу керектігі айтылады. Емтиханға
дайындық барысында альтернативті оқулықтар мен оқу құралдарымен бірге,
академиялық шығармаларды қолдануды ұсынамыз.