Постреквизиттері
«
Әдебиеттануға кіріспе» курсында студенттерге әдебиеттанудың негізгі мәселелерінен білім
беріліп, бұрынғы білім тиянақталып, толықтырылып студенттердің білімі жүйеге келтіріледі
Пәнді оқытудағы мақсаты
Студенттерге ғылыми-теориялық ұғымдармен, терминдермен таныстырып, мән-мағыналарын
ұғындыру; көркем шығармалардың мазмұнын осы түсініктер арқылы анықтап түсіндіре отырып,
студенттердің мектепте алған теориялық білімдерін тереңдетіп, жетілдіру; сөз өнерінің
эстетикалық мәнін ашып, сөз өнері мен шындық өмірдің қарым-қатынасын білдіру, әдебиеттің
табиғатына тән барлық қағидаларды талдап, пайымдау.
Міндеттері
-Әдебиеттану ғылымының тарихи дамуымен таныстыру;
-Аристотель, Әл-Фараби, Байтұрсынұлы, Буало, т.б. ғалымдардың зерттеулерімен таныстыру;
-Көркем әдебиетті басқа өнер түрлерімен байланыстыру арқылы таныстыру;
-Әдебиеттің басқа ғылым салаларымен байланысын талдау;
-Көркем шығарманың түрлі элементтермен (мазмұн, пішін, тақырып, идея, сюжет, композиция...)
талдау жасау арқылы таныстыру;
-Көркем шығарманың поэтикалық тілімен (көркем сөздің мән-мағынасы, құбылту мен айшықтау,
олардың түрлері ) таныстыру;
-Әдеби тек пен түр, бет пен бағыт; сөз сарасы туралы зерттеулерді көркем шығармадан талдау
жасау арқылы меңгерту.
Пәнді оқу барысында білім алушылар
-білуі керек:
Әдебиеттану ғылымының тарихи дамуын; Аристотель, Әл-Фараби, Байтұрсынұлы,
Буало, т.б. ғалымдардың зерттеулерін; Көркем әдебиетті басқа өнер түрлерімен байланысын;
Әдебиеттің басқа ғылым салаларымен байланысын талдай алуы; Көркем шығарманың түрлі
элементтерімен (мазмұн, пішін, тақырып, идея, сюжет, композиция...) талдау жасай алуы;
Көркем шығарманың поэтикалық тілін,Әдеби тек пен түр, бет пен бағыт; сөз сарасы туралы
зерттеулерді көркем шығармадан талдай алуы керек.
-игеруі керек:
Әдебиеттің өнер ретінде ерекшелігі жөнінде; Образ және образдылық;
Мазмұн мен пішін, олардың бірлігі жайында; Тіл – адам баласының бір-бірімен қарым-
қатынас жасайтын құралы екендігін; Өлең туралы ғылыми пайымдаулар; Әдебиеттің
тектері мен түрлері; Әдеби процесс деген ұғымдарды.
Достарыңызбен бөлісу: |