Әдебиеттану сөз өнерін зерттейтін ғылым. Әдебиеттің ғылыми -эстетикалық
сипаты. Әдебиеттану ғылымының негізгі үш саласы: әдебиет теориясы, әдебиет
тарихы, әдебиет сыны. Әдебиет теориясының зерттеу обьектісі. Әдебиеттану
ғылымының қосалқы үш саласы. Текстологияның қарастыратын мәселелері.
Историографияның ғылыми сұраныс пен қажеттіліктерді қамтамасыз етудегі ролі.
Библиографияның әдебиеттану ғылымының дамуындағы орны мен қызметі.
Әдебиеттану ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы. Әдебиеттану және
қоғамдық ғылымдар. Әдебиеттану ғылымының басқа ғылым салаларынан өзіндік
ерекшелігі.
Сөз өнері жайлы ғылымның туу, қалыптасу тарихы. Сөз өнері жайлы алғашқы
топшылаулар. Мысыр, Үнді, Қытай т.б. халықтардың ежелгі жазбаларында сақталған
алғашқы әдеби мұралар туралы мағлұматтар. Көне Грециядағы әдеби-эстетикалық
түсініктер. Эллада эстетикасы. Пифагордың әсемдік негізін сандық жүйемен түсіндіруге
ұмтылуы. Гераклиттің әсемдік негізін санамен байланыстыруы. Сократтың әр бір зат
қажетке жарамдылығына қарай әсем болады деген түсінігі. Платонның идеалистік
тұжырымдары. Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегі. Оның көркем әдебиетті
зерттеудегі маңызы мен мәні. Оның өнердің мақсаты – ақиқатты тану деген даналық
қағидасының маңызы.
Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар. Орта ғасырдағы
діни түсініктер және ғылым. Ояну дәуірінің адамзат қоғамының дамуындағы ролі.
Ғылымның, өнердің дамуы, озық ой-пікірлердің миститкалық, схоластикалық
тұжырымдармен күресі. Р.Декарттың рационалистік көзқарасы. Оның әдеби-эстетикалық
ойдың дамуындағы ролі. Н.Буало «Поэтикалық өнер», Л.Лессинг «Лаокон», Ф.Гегель
«Эстетика» т.б. И.Гердердің әдебиеттану ғылымын қалыптастырудағы, оның әлем
халықтары әдебиеттерін зерделей отырып, әдеби дамудың жаңаша, жалпыға ортақ
заңдылықтарын ашуға ұмтылуы. И.Кант және оның көркем шығарма мен суреткер
туралы өзіндік тұжырымдары. Ф.Гегельдің «абсолюттік идея», «Абсолюттік рух» туралы
философиялық, эстетикалық тұжырымдары. Оның «Эстетика» атты еңбегінің адамзат
мәдениеті тарихындағы мәні мен маңызы.