2 Пәннің мазмұны
1.
Кіріспе.
Әдебиеттің өнер ретінде ерекшелігі.
Сөз өнері жайлы алғашқы
топшылаулар. Қазақстанда әдебиет туралы ғылымның туу, қалыптасу кезеңдері.
Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі. Оның басқа өнер түрлерімен байланысы және
айырмашылығы. Сөз өнерінің қоғамдық сананың айрықша бір саласы ретіндегі
қызметі. Оның эстетикалық сипаты. Сөз өнерінің өнер атаулының ең қиын және
күрделі түрі екендігі. Өнер туралы қазіргі түсініктер мен пайымдаулар. Өнер мен
әдебиеттің өмірді образды бейнелеудегі қызметі. Сөз өнерін жасаушы суреткер
шеберлігі туралы қазіргі ғылыми пайымдаулар. Қаламгердің қоғамдық тұлғасы. Өнер
иесінің талант табиғаты жайлы ой-пікірлері. Суреткердің азаматтық бітім-болмысы.
Жазушы-ақындардың әрқилы ерекше қасиеттері туралы ойлары. Көркем әдебиеттің
қоғамдық мәні. Әдебиеттің таным тарапындағы маңызы. Әдебиеттің тәрбиелік
қасиеті. Әдебиеттің эстетикалық сипаты. Әдебиеттің халықтығы мен ерекшеліктері
туралы.
Достарыңызбен бөлісу: