Бекітемін Оқу жұмысы және жаңа технологиялар


Ресейдегі әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата22.04.2023
өлшемі480,48 Kb.
#175158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Әдебиеттануға кіріспе

Ресейдегі әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы.
Батыс мәдениетінің
орыстың философиялық, эстетикалық ой-пікірлерінің қалыптасуына жасаған әсер-
ықпалы. ХІХ ғасыр Ресейдегі сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерінің
теориялық негіздері. Батыс Еуропа ғалымдарының ой-пікірлерін дамытудағы әдеби-
эстетикалық пайымдайлар. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен,
Л.Н.Толстой, т.б. ғалымдар еңбектері.
Қазақстандағы әдеби-эстетикалық пайымдаулардың туу, қалыптасу кезеңдері.
Орта ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдай және ғылым мен білімнің
даму ерекшеліктері. Ислам діні және философиялық, эстетикалық ілімнің өркендеу
5


сипаты. Әбу Насыр әл-Фарабидің әдеби-эстетикалық тұжырымдары. «Поэзия
өнерінің конондары» трактатының маңызы мен мәні. М.Қашқари, Ж.Баласағұни,
А.Яссауи еңбектеріндегі эстетикалық пайымдаулар және олардың әлемдік
ғылымдағы ролі. Абайдың әсемдік туралы толғамдары. Ш.Уәлихановтың қазақ
әдебиеттануы туралы зерттеуі. Ы.Алтынсариннің шығармашылық мұрасы және оның
көркем шығарманың тәрбиелік, эстетикалық мәніне қатысты тұжырымдары.
А.Байтұрсынұлы және қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа сапаға көтерілуі.
«Әдебиет танытқыш» және ондағы кәсіби ғылыми тұжырымдар. Көрнек өнерінің
тараулары, соның ішінде сөз өнерінің басты қызметі зор. Әдебиеттану терминдерінің
қалыптасуы. ХХ ғасыр басындағы әдеби-эстетикалық көзқарастар. 
2.
Образ және образдылық
. Әдебиет туралы ғылым және образдылық мәселесі.
Әдебиеттің обьектісі- өмір, предметі – адам екендігі.Әдебиетте адам бейнесін жасаудың
алуан түрлі амалдары. Образбен ойлаудың ерекшеліктері. Өнердің өмірді бейнелеу
ерекшеліктері. Адам тағдыры – жазушы үшін шығарма арқауы емес, өмірді танудың
өзгеше тәсілі. Ойдан шығару – образдарға барар жол; суреткерлердің өмірде көрген-
білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі. Жинақтау үшін суреткерге
керектігі – талғампаздық. Образдылық – суреттілік, сөздігі сурет. Көркем әдебиеттегі
жинақтау – типке әкелсе, даралау – мінезге әкеледі. Кейіпкер туралы түсінік. Ұнамды
кейіпкер – тарихи категория. Адам тағдыры - өмірді танудың өзгеше тәсілі екендігі.
Қаламгер фантазиясының көркем бейне жасаудағы ролі. Жинақтау мен даралаудың
қызметі. Образ-адам-көркем бейне. Образ көркем суретті сөз. Суретті сөздің пайда
болу жолдары.Көркем әдебиеттің образ жасаудағы құралы – сөз. Әр адамда болатын
ерекшеліктерді жазушылардың бір образда көрсетушіліктері – шығармашылық қиялдың
атқаратын жұмысы. Шығармашылық қиял туралы түсінік. Жазушылардың көркем қиял
арқылы жасайтын образдары. Көркем шығармадағы деталь. Типтік образдардың
қасиеті. Даралаудың мінез жасаудағы қызметі. Мінез – адамның психологиялық
ерекшелігі. Тура және жанама мінездеу. Образ жасау туралы қазіргі пайымдаулар.
Тип және прототип. Қаламгердің портрет жасау жолындағы ізденімтері. Портрет
және мінездің өзара бірлігі туралы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет