3. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3.1. Олимпиаданы ұйымдастырушы»"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ (бұдан әрі-Орталық) болып табылады. Ұйымдастырушы осы Ережеде көзделген Олимпиаданы өткізуді қамтамасыз етеді.
3.2. Олимпиаданы өткізу мерзімі мен күнін Орталық белгілейді.
Олимпиада жыл сайын өткізіледі және екі кезеңді өткізуді қарастырады:
1 кезең-аудандық / қалалық. Қазан айында өткізіледі;
2 кезең –облыстық. 2022 жылдың қараша айында өткізіледі.
3.3. Олимпиада үш пән саласы бойынша өткізіледі: математика, биология және химия.
3.4. Олимпиада 2 турдан тұрады:
1 тур – теориялық – 3 сағат (әр оқушы үшін жеке);
2 тур – практикалық -1 сағат (тапсырмаларды командалық орындау).
Олимпиада тапсырмаларын орындау үшін 4 сағаттан артық уақыт берілмейді.
3.5. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі үшін жауапкершілік орталық қызметкерлеріне жүктеледі.
4. Олимпиадаға қатысу тәртібі
4.1. Олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысу үшін аудандық/қалалық деңгейдің қорытындысы бойынша 5 адамнан тұратын ең жоғары балл жинаған бір команда анықталады (7сын.-1, 8сын.-2, 9сын.-2).
4.2. Олимпиада пәндері бойынша барлық параллельдер үшін олимпиада тапсырмалары екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде жасалады.
4.3. Олимпиадаға қатысу үшін білім бөлімінен cito_obnovlenie@mail.ru электрондық мекенжайына 2022 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей басшының қолы қойылған № 1 қосымшаға сәйкес өтінім беріледі.
4.4. Олимпиадаға қатысушыларды іріктеу және қатысуға өтінім беру жауапкершілігі білім беру ұйымдары директорларының орынбасарларына, білім бөлімдерінің әдіскерлеріне жүктеледі.
5. Олимпиадалық тапсырмаларды әзірлеу
5.1. Олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысушыларға арналған олимпиада тапсырмаларын аудан/қала пән қауымдастығының мүшелері әзірлейді. Олимпиаданың облыстық кезеңінің қатысушыларына арналған олимпиада тапсырмаларын орталық және облыстық пән қауымдастығының мүшелері әзірлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |