Сабақтың тақырыбы: « Е дыбысы мен әріпі »
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, грамматикалық тақырып бойынша қайталау.
Оқушылардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу, тыңдау, жазу қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру
Сабақ 5 кезеңнен тұрды. Кезеңдер бір – бірімен байланыста өтті. Мұғалім оқушыларға жекелеген тапсырмалар бере отырып, қызығушылықтарын арттыруға көңілд бөлді. Оқушылармен қарым-қатынасы,жұмыс істеуге қолайлы жағдай туғызуы талапқа сай. Барлық оқушылардың жұмыс істеуіне көңіл бөлді.
Фонетикалық жаттығу, дауыстап айту сияқты кезеңдері сәтті шықты.
Ұсыныстар: Мұғалім тақтадан өзі көп оқыды. Оқушыларға көп оқыту, дауыстап айтқызу. Қателерін өздеріне тапқызып, түзету.
Апталық ішінде әкімшілік тарапынан жоспарланған «Жаңа білімге заманауи көзқарас» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Аяпбергенова А.Б семинар өткізді. Семинарға бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері қатысты,әріптестерге бағдарлама бойынша теориялық мағлұмат беріп,жаңа әдіс-тәсідерге көзқарастарын көру «Мұғалімдер неліктен өзгеру керек?» жеті модульдің тиімділігі жайлы өз ойларын ортаға салды, өз тәжірибелерімен бөлісті.Әкімшілікке ұсыныс - тілектерін жолдады.
Достарыңызбен бөлісу: |