Бекітемін: Тәрбие ісінің меңгерушісі: Шукирова З. С



бет24/24
Дата07.01.2022
өлшемі65,31 Kb.
#129177
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Байтұрсынов

Мұғалім:

- Ал, балалар, деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т. б. жолын меңгердік деп ойлаймын. Тәрбие сағатынан өздерің үлкен тәрбие алдыңдар.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.


  • Сөз кезегін әділ-қазыларға берейік, бүгінгі сайыстын қорытындысын білейік.

Сау болыңыздар!

Сұлтан: Ойласақ табиғат пен адам егіз,

Жылдың сол мезгіліне өзге неміз?

Табиғаттсыз қоғам жоқ, болған емес,

Ал қоғамсыз табиғаттың өзі де өлі,- деңіз.

Рахат: Табиғат егіз адаммен,

Ұқсастық табам одан мен.

Мәңгілік болсын егіздер

Жер –Ана , көл- теңіздер .

Асхат: Жазда аралап тауында

Барамыз біз бауына

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауында.

Аяжан: Табиғат ол анамыз.

Табиғатқа баламыз,

Құшағында ойнаймыз.

Шаттық әнге саламыз.

Қарлығаш: Табиғаттың бауырысың, досысың,

Аянбау да керек шығар дос үшін,

Екеуіңнің арандағы байланыс,

Өмірбақи үзілмесін қосылсын.

Иә, табиғат бізді қоршаған дүние байлыққа тұнып тұрушы еді, қазір де аз емес. Не нәрсені де ысырап қылмай орынды пайдалансаңдаршы деп кәрі әжем бізге үнемі ескертіп отырады. Шынында да, «Судың да сұрауы бар» демекші, үнемшілдікке үйренейік.

Асылжан: Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған,

Сен-күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен-көлсің, сен-ормансың, сен- бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Султан: Жерден асқан жомар жоқ,тақсыр ұлы,

Жақсылыққа жүз есе жақсылығы.

Түйір дәнге береді тұтас масақ,

Оралады орман боп бір шыбығы.

Алишер: -Қазір біздің елімізде жыл сайын көктем айларында ағаш отырғызу ғұрыпқа айналды.Өйткені орман-тоғайларымыз, ауыл маңындағы бауларымыз аяусыз кесіліп, өараусыз қалды. Күтімсіз қалған парктер, жол жиегіндегі сынған ағаштар қазір қалпына келтіріле бастады.

Жансая: Иә, халқымыз «Бір тал ағаш кессең – он тал ек» - деп, жасыл желектің жер көркі екенін ұрпақтан-ұрпаққа айтып. «Көкті жұлма – көктей соласың», «Суды арамдама, сенен кейін де пайдаланатын адамдар бар ». «Табиғаттың кішкентай жәндігін де жәбірлеме, оның да пайдасы бар » - дегенді оқып үйреніп жатырмыз.

Лаура: Су- пәктік кепілі, ол денсаулықтың,

О баста тіршілік боп судан шықтың.

Бұлақ көл, өзен, теңіз, мұхиттардың,

Молдықтан қасиетін келмейді ұққың.

Нұржан: Денсаулықтың қадірін,

Ауырғанда білерсің.

Жастық шақтың қадірін,

Қартайғанда білерсің.

Отыз тістің қадірін,

Қақсайғанда білерсін,- деп шешендеріміз айтқандай, денсаулықты, барды бағалап білгенге не жетсін.

Нұрсұлтан: Шіркін, мен сиқыршы болсам, Аралды, Балқашты суға толтырып, қамыс құрақтарын қалпына келтіріп, құс базарын қайта думандатар едім. Естуімше, күніне қаншама құстар, өсімдіктер тіршілігін тоқтатады екен. Неге дейсің бе, қоршаған ортаның ластануы, адамдардың қатігездігі осының бірден-бір себебі емес пе?

Марен: Ал, мен қолымнан келсе улы газдарын ауаға есепсіз төгіп жатқан завод, фабрикаларға, машиналарға бақылау орнатып, тәртіпке келтірер едім.Заводтардыңтүтіні мен газдарынан қаншама адам, қаншама табиғат уланып жатыр. Завод , фабрика басшылары байлыққа кенелеміз деп ең негізгі байлығымыздан айырлып жатқанымызды біле ме екен?

Заводтан шыққан улы заттары бар көлшіктерді көл екен деп ұшып келген құстар қырылып қалады екен.

Би: Аққу


Қорытынды

Мұғалім: Табиғаттың құпиясы тұңғиық,

Көз жетпейтін мұнарасы тым биік.

Білген сайын сырын оның білеміз,



Жүректерде өшпес жалын нұр құйып.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет