«Бекітемін» Тжкббф деканы Отыншиев М. А. 2010 ж



бет1/10
Дата07.10.2023
өлшемі146,5 Kb.
#184075
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ОЖБ-микроб-Емдеу-ісі-акушер-1курс-каз


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы


«Бекітемін»
ТжКББФ
деканы Отыншиев М.А. ____________________
«____»_________ 2010 ж


ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Пән: Микробиология және вирусология
Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 0301023 – «Акушер»
Курс:І
Семестр:ІІ
Сағат саны: 40


ШЫМКЕНТ – 2010
Оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 604 бұйрығымен бекітілген және үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп әзірленген.

Биохимия, биология және микробиология кафедрасының мәжілісінде қаралды:


Хаттама № ____ «_____» ________ 2010 ж.

Кафедра меңгерушісі,


профессор Шарипов К.О

ТжКББФ-нің әдістемелік кеңесінде бекітілді:


Хаттама № ____ «_____» ________ 2010 ж.

Әдістемелік кеңес төрайымы Джуманкулова Н.Р.



Оқу жұмыс бағдарламасы

  1. Алғы сөз

Осы үлгілік оқу бағдарламасы ҚР 05.08.2010 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп жасалды.


Микробиология және вирусология ілімі тек қана теориялық пән емес, керісінше көптеген аурулардың даму кезеңі мен таралу жолдарын анықтайтын қолданбалы негізгі ілімге, пәнге айналып отыр. Бұл білім әрбір медицина қызметкерлеріне, әсіресе, орта буын мамандарына өте қажет, себебі орта буын мамандарының үлестік шамасы медицина қызметкерлерінің ішінде өте жоғары.
Бүгінгі күні медицина саласында микробиология және вирусология ілімінсіз аурушаңдықты азайту, жұқпалы аурулардың көзін жою, шартты патогенді бактериялармен қоздырылатын ауруханалық ауруларды түгелдей жою, аллергиялық, иммунды паталогиялық процестердің белгілерін анықтау, емдеу, нақтамалау амалдарын жетілдіру, ағза мен ұлпаны трансплантациялау проблемалары, акушерия және гинекология саласындағы репродукциялық шаралар және басқа маңызды да күрделі мәселелерді өз деңгейінде шешу жағдайын елестету қиын.
Осы оқу бағдарламасын меңгеру барысында емдеу ісі мамандығы бойынша орта кәсіби білімі бар фельдшер, дәрігерлердің көмекшісі міндетті түрде микробиология және вирусология пәнінің теориялық негізін және патогенді материалдармен жұмыс істеу ережесін толық білуі және тәжірбиелік бейімділікті меңгеруі тиіс. Емдеу ісі мамандығына арналған оқу бағдарламасының негізгі мақсаты білім алушыларға микробиология және вирусология пәнінің теориялық негізін түсіндіру және материалдарын жинау макроорганизмдерді микроорганизмдерден қорғауға арналған залалсыздандыру шараларын жүргізу, зертханалық нақтамалау әдістерінің заманауи түрлерін меңгеру, жұқпалы аурулардың алдын алу, емдеу амалдарын жүргізе алуға бейімделу болып саналады.
Орта буын медицина қызметкерлерін дайындауға арналған микробиология және вирусология пәнінің негізгі нысанасы – бұл Қазақстан денсаулық сақтау мекемелерінің, қоғамның қойып отырған талаптарына сәйкес халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін кәсіби мамандарды дайындау жұмысының сапасын арттыру.
Пәнді оқып меңгерудің негізгі мақсаты студент жер биосферасындағы әр-түрлі кластарға жататын микроорганизмдердің өмір сүруі мен таралуын, құрылымының жалпы заңдыдықтарын білу керек, микроорганизмдердің патогенділігі туралы және оның инфекциялық ауруда пайда болатын нақты жағдайлары туралы, оған қарсы макроорганизмнің иммунитет жағдайы туралы ақиқат түсініктерге ие болуы тиіс. Оқытудың толық курсы бойынша инфекциялық ауруларды жоюдағы және төмендеудегі проблемаларды шешудегі микробиологияның ролі туралы мәселелерге көп көңіл аудару қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет