Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизмі
Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
• Биомембраналар құрылысының, қызметтерінің жалпы
сипаттамасы; Мембрана липидтері;
• Мембрана ақуыздары. Мембрана арқылы (трансмембраналық)
заттардың өткізілуі.
• Жасушадағы заттар ағыны туралы түсінік
-жасушаішілік везикулалық тасымалдау;
• Ұсақ молекулалы заттардың өткізілуі:
III. Қорытынды.
I. Кіріспе.
Биомембраналық тасымалдаудың
маңызы және оның атқаратын
функциясы өте жоғары. Өйткені организмде өтетін негізгі ассимиляция
және диссимиляция үрдістері және көптеген бақса үрдістер осы
мембрананың өткізгіштік қасиетіне тікелей байланысты. Ол,
әсіресе
медицина қызметкерлеріне өте қажет. Мысалға, дәрілік препараттардың
организмге әсер етуі және т.б. мәселелер.
Белсенді
тасымалдау-мембрана
арқылы заттардың өткізілуі
транслоказалар көмегімен жүзеге асады, бірақ бұл кезде заттар олардың
концентрация градиентіне
қарама-қарсы бағытта, яғни концентрациясы аз
ортадан концентрациясы жоғары ортаға, өткізіледі.
Биомембраналар заттарды таңдамалы өткізу қасиетіне ие, яғни олар
заттарды жасушаға не жасушадан сыртқы ортаға түрліше өткізіп,
цитоплазманың
және
органелалардың
ерекше
биохимиялық
құрылымдарымен
қасиеттерін
қалыптастырады.
Биомембраналар
ақпараттардың (сигналдың) жасуша аралық
және жасуша ішілік берілуін
жеңілдетеді және қамтамасыз етеді. Мембраналар молекулалық
ақпараттарды
қабылдайтын, оларды өңдеп сыртқа беретін орын болып
табылады.