Бекітемін
ҰТО директоры
___________ Қ.C.Әбдиев
2014 ж. «___»_____________
«Математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша
«5В010200-Педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі»
мамандығына арналған
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тестке «Математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.
№
|
Мазмұны
|
Тапсырма саны
|
1
|
Бастауыш мектептегі математиканы оқыту әдістемесі – ғылым және оқу пәні
|
5
|
2
|
Математиканың бастауыш курсы – оқу пәні
2.1 Оқу пәні ретіндегі математиканың нормативтік-құқықтық сипаттамасы.
2.2 Оқу пәні ретіндегі математиканың мазмұндық-процессуалдық сипаттамасы
|
5
|
3
|
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру
3.1 Оқу пәнін оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негіздері.
3.2 Сабақ – математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы.
3.3 Математика сабақтарында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиясы.
3.4 Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы.
|
5
|
4
|
Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдері
4.1 Бастауыш мектеп математикасының мазмұндық және мазмұндық-әдістемелік желілері.
4.2 Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілері материалдарын оқытудың жалпы мәселелері.
|
5
|
5
|
Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдерін оқытудың технологиясы
5.1 «Қарапайым түсініктер» мазмұндық-әдістемелік желісінің материалдарын оқыту технологиясы.
5.2 «Сандар нумерациясы» мазмұндық-әдістемелік желісінің материалдарын оқыту технологиясы.
5.3 «Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» мазмұндық-әдістемелік желісінің материалдарын оқыту технологиясы.
5.4 «Есептеу тәсілдері» мазмұндық-әдістемелік желісінің материалдарын оқыту технологиясы.
5.5 «Шамалар және оларды өлшеу» мазмұндық-әдістемелік желісінің материалдарын оқыту технологиясы.
5.6 «Есеп және оны шешу үдерісі» мазмұндық-әдістемелік желісінің материалдарын оқыту технологиясы.
5.7 «Алгебра элементтері» мазмұндық-әдістемелік желісінің материалдарын оқыту технологиясы.
5.8«Геометрия элементтері» мазмұндық-әдістемелік желісінің материалдарын оқыту технологиясы.
|
5
|
|
Барлығы:
|
25
|
Тапсырма мазмұнының сипатамасы:
Математиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |