Пәннің мақсаты
|
Студенттерді цифрлық және қашықтықтан оқыту технологияларының негізгі ұғымдары мен оларды математиканы оқытуда пайдаланудың әдіс-тәсілдері жайлы теориялық-практикалық біліммен қаруландыру және онлайн оқу мен оқытуға дағдыландыру.
|
Пәннің міндеттері:
| -
цифрлық және қашықтықтан оқыту технологияларының негізгі ұғымдары мен оларды математиканы оқытуда пайдаланудың әдіс-тәсілдері жайлы теориялық білімдердің негізінде студенттердің АКТ жайлы білімін жетілдіру;
-
алынған теориялық білімдердің негізінде компьютерлік орталарда жұмыс істей білуге және онлайн оқу мен оқытуға дағдыландыру;
-
қолданбалы бағдарламаларды есептер шығаруда пайдалана білуге үйрету.
|
Күтілетін оқу нәтижелері
| -
АКТ-ның негізгі ұғымдары мен оларды математиканы оқытуда пайдаланудың әдіс-тәсілдерін білетінін көрсетеді;
-
Онлайн оқытудың құралдарын пайдалану арқылы математика сабағын онлайн оқуға және оқытуға қажетті білімдерін көрсетеді;
-
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруды іске асырады;
-
Математиканы оқытуда компьютерлік технология мен электронды білім беру орталарын пайдаланады;
-
Математикалық есептерді шығаруда компьютерді қолданады және олардың шешімдерін талдайды;
-
Сабаққа қажетті ЦБР-ларды анықтап, сабақ жоспарын түзеді;
|
Оқыту әдістері мен технология-лары
| -
Оқудағы рефлексиялық тәсілге негізделген студент-орталықтандырылған оқыту;
-
Интерактивті әдіс (проблемалық сабақ, пікірталастық, «Сұрақ-жауап-талқылау» дәрісі, бейне-сабақ);
-
Онлайн оқыту технологиясы;
-
Жобалар әдісі (өз тәжірибесін дамыту, құзыреттілігін қалыптастыру);
-
Ауызша бақылау және өзін-өзі бақылау;
|
|