Бекітемін
ҰТО директоры
___________ Қ.C.Әбдиев
2014 ж. «___»_____________
«Географияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша
5В011600 - География мамандығына арналған
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тестке «Географияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.
№
|
Мазмұны
|
Тапсырма саны
|
1
|
Географияны оқыту әдістемесі
|
2
|
2
|
Географияны оқыту мақсаты. Орта мектептегі географиялық білімнің құрылымы мен мазмұны
|
2
|
3
|
Географияны оқыту әдістері
|
2
|
4
|
Географиялық біліммен меңгеруді қалыптастыру
|
2
|
5
|
Географияны оқыту құралдары. География кабинеті. Географияны оқытудың заманауи құралдары. Электронды оқулықтар
|
2
|
6
|
Географияны оқытудың негізгі құралдарымен жұмыс жасау
|
2
|
7
|
География сабағы
|
2
|
8
|
Географиядан оқу экскурсиялары. Географиядан сыныптан тыс жұмыстар
|
2
|
9
|
Бастапқы физикалық география курсы
|
2
|
10
|
Материктермен мұхиттар географиясы
|
2
|
11
|
Қазақстанның физикалық географиясы
|
2
|
12
|
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
|
1
|
13
|
Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы
|
2
|
|
Барлығы:
|
25
|
4.Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Географияны оқыту әдістемесі пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |