Бекітілді «Ежелгі Қазақстанға саяхат» гимназия компонентінің бағдарламасы


«Ежелгі Қазақстанға саяхат» курсының оқу жүктемесі



бет2/10
Дата19.02.2023
өлшемі70,7 Kb.
#169379
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ежелгі Қазақстан тарихы

«Ежелгі Қазақстанға саяхат» курсының оқу жүктемесі аптасына 2сағат, жылына 72 сағат.
Оқу курсының міндеттері:

-Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру;


-жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.
-қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру


Күтілетін нәтиже:

  • өз Отанын сүйетін, оның тарихын, әдет-ғұрпын, тілін құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді;

  • оқушы бойында оқулықтан тыс материалдармен шығармашылық жұмыс істеу қажеттілігі пайда болады;

  • туған жеріндегі ұлттардың салт-дәстүрін білу және құрметпен қабылдау;

  • Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады.


«Ежелгі Қазақстанға саяхат» бағдарламасының мазмұны
I- бөлім.Қазақстандағы ежелгі Адамдардың өмірі
1.Кіріспе.Тарих деген ұғыммен танысады.Тарихтың кезеңдерге бөлінетінін біледі.Бұл сабақта тас,қола,темір дәуінің ерекшеліктерімен танысады.Әр дәуірдің қамтитын уақытын,сол дәуірде ашылған жаңалықтармен танысады
2. Алғашқы адамдардың даму сатысы.Антропология ғылымы нені зерттейтінін түсінеді.Қазақстан аумағында өмір сүрген питекантроп,неандерталь,кроманьондықтардық өмір сүрген уакытын,жалпы дене тұрқына сипаттама жасайды.
3. Алғашқы адамдардың өмірі.Алғашқы рулық қауымның ерекшеліктерін қарастырады.Тобырдан қалай рулық қауымға өткенін талдайды.
4-5.Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары. Бөріқазған,Тәңірқазған,Шақпақата,Семізбұғы тұрақтары  Бөріқазған және Тәңірқазғаннан табылған тас құралдардың Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африканың ашель кеніштерінен табылған дөрекі құралдардан көп айырмашылығы жоқ. Құралдарды дайындау үшін негізгі шикізат малтатастар болған.Ерте тас ғасырының тұрақтарының ең көнелері:Шақпақата екенімен танысады.
6-7.Тас дәуіріндегі еңбек құралды. Алғашқы еңбек құралдары:қазғыш таяқ; үшкір тас; шоқпар.Тасты жару арқылы бөлшектеп алынған жүзі өткір құрал –чоппер. Домалақ малта тастан екі жағы егеліп, жүзі өткір, ирек ара секілді жасалған құрал:чоппинг екенін біледі.
8.Мұз басу дәуірі.Мұз дәуірі – бұдан 10 мың жыл бұрын ЕуропаныСолтүстік Америка мен Азияның солтүстігін мұз басқан кезең. Бұл климаттық өзгерістер болатын уақыт кезеңдері, олар температураны глобалды түрде төмендетеді.  Жер бетін тұтас қаптаған мұз тауларының қалыңдығы бірнеше километрге дейін жетті. Көп заманнан бері сіресіп жатқан мұз таулар жан-жағына баяу жайылып, оңтүстікке қарай жылжи берді. Мұз таулардан суық жел соғып тұрды. Мұз таулардың етегіндегі құрып кеткен ормандардың орнына пайда болған тундра-далада мамонттаржүндес мүйізтұмсықтарсолтүстік бұғыларыжабайы жылқыларбизонақ түлкіполяр құрлары, бұдан басқа да тундра және дала жануарлары мекендеді. Мұз дәуірінде оңтүстікке қарай ығысқан жайражабайы шошқамаралқалбағайаққұтан сияқты жануарлар өздерінің таралу аймағын кеңейтті. Осылайша бұдан 10 мың жыл бұрын Еуропада, Солтүстік Америка мен Азияның солтүстігінде мұз дәуірі орнады. 
9.Табиғат пен тіршіліктің қайта жандануы .Бірнеше мың жылдан кейін ауа райы біртіндеп жылына бастады. Мұз таулар жіпсіп еріді, терістікке қарай ығысқан мұз таулардың орнында үйілген тастар мен төбе-төбе құм қалды. Жылжыған мұз таулары мен тастар жаныштап, ұшар басын жапырайтып, доғалдандырып кеткен төбелер мен тас шоқыларды Балтық жағалауынан Солтүстік Орал тауларына дейінгі көптеген аймақтардан көруге болатынын біледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет