Бекітілді «Ежелгі Қазақстанға саяхат» гимназия компонентінің бағдарламасы



бет3/10
Дата19.02.2023
өлшемі70,7 Kb.
#169379
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ежелгі Қазақстан тарихы

10.Неолит төңкерілісі Неолит төңкерісі - өркениетті болып әлемдік тарих-қадам тарихқа дейінгі адамның шкаласы бойынша бірінші айтарлықтай болды адамзат тарихындағы ең маңызды оқиға болып табылады.Осы уақытта тегістеу құралдарының пайда, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы пайда бар. еңбек өнімділігі осы байланысты құқықтары айтарлықтай арттырады және сұраныс асып бастайды, артық өнім бар. Бұл байлық жинақтау мен резервтерді құру үшін мүмкіндігі бар екенін білдіреді. экономиканы өндіруші сипатына адам аз тәуелді етеді. халық өсе бастайды. басқаларға (байлық жинақталған кім) кейбір адамдардың алғышарттары пайдалану 
11.Қыш құмыралар заманы. Құмыра– қыштан, шыныдан жасалған ыдыс. Қыш Құмыраларлар Қазақстан жерінде неолит дәуірінен бастап белгілі. Бертін келе шыны Құмыралар пайда болған.Әсіресе, археологиялық қазба кезінде табылған көне мұралар ішінен қалыпқа құйып, күйдіріп жасалған әшекейлі қыш Құмыралар көптеп кездеседі. Ескерткіштердің хронологиялық мерзімін, археологиялық мәдениеттерді анықтауда олардың маңызы өте зор. Ортағасырлық Ақтөбе қалашығында қыш ыдыстар жасайтын үлкен пештер болған. Отырар қаласының орнын қазғанда сынбай сақталған әдемі Құмыра күйдіру пешінің ішінен табылғанын түсінеді.
12.Ботай мәдениеті.Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышаққанжаржебеніңнайзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпунинежуалдызтескіштертұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар беретінін түсінеді
13-14.Металлургияның пайда болуы адамдардың өмірінде қандай өзгеріс алып келді? Металлургияның қарапайым салалары адамзатқа өте ерте заманнан белгілі болған. Кіші Азияны мекендеген халықтар б.э.б. 7-6 мыңыншы жылдардың өзінде мыс өндірген. Сол кезде-ақ адамзат таза алтын, күміс және метеориттік темірмен танысқан.Алғашқы кезде бұйымдар жасау үшін металдар салқын күйінде өңделген. Темір мен мыс салқындай өңдеуге икемсіз келген. Сондықтан кең таралмаған. Ұсталық өнердің дамуына байланысты металдарды ыстықтай өңдеу тәсілі ашылды. Бұл жаңа технологиялық тәсіл болды. Осыдан соң мыс бұйымдар жасау кең таралған. Тотықтанған рудалардан мыс қорыту және құю әдісі игерілген соң мыс өндіру және оны пайдалану (б.э.б. 5-4 мыңыншы жылдары) шапшаң дами бастаған. 
15.Андронов мәдениетінің ерекшелігі. Андронов мәдениеті Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды.
Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген және тағы да басқа мәліметермен терең танысады.
16.Беғазы-Дәндібай мәдениеті Беғазы-Дандыбай мәдениетінің ерекшілігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Көзе сауыттар, құрылыс істерінің түрлері, қауымның әдет-ғұрпымен салт-санасы, рухани тіршілігінің жаңа арнаға ауысқанын айқын дәлелдейді. Беғазы-Дандыбай мәдениетін жарқын сипаттайтын белгілер: Дәндібай (1933), Беғазы (1946) Бұғылы ІІ-ІІІ (1952), Саңғыру І,ІІІ (1955), Қойшоқы (1967) жәдігелері, т.б. ескерткіштер.Беғазы-Дәндібай мәдениеті ғылымда - Беғазы кешені, Беғазы қорымы, Дәндібай, Бұғылы ӀӀ-ӀӀӀ, Саңғыру I, III, Қойшоқы сынды бірқатар археологиялық орындар деректері мен жәдігерліктерін қамтиды. Бұл біздің ерте заман тарихымыздың бір тарауы болып саналады. Қола, ерте темір дәуірінен сақталған бейіттер тобы. Бұл қорымнан әр түрлі қыш ыдыстар мен қару-жарақтар, әшекей бұйымдар табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет