33-34. Алтын адам археологиялық ескерткіші.«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.[1] Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышевпен танысады
35.Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары несімен ерекшеленді?Шілікті патша қорғандары - Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында, әсіресе, Тарбағатай мен Маңырақ тауларының арасында, Зайсан ауданының жерінде алып патша корғандары кездеседі. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар, оның бәрі де алып немесе орташа қорғандар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метр, биіктігі 8 - 10 метр Бесшатыр — көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында екенін біледі.
36-37.Берел қорғандары. Берел қорымы – сақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш.Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 – 8 км жерде орналасқан. Қорым солтүстігінде Берел және Бұқтырма өзендерінің қосылған жерімен, оңтүстігінде Қансу өзенімен, ал батысы мен шығысында таулармен шектелген Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы алаңда орналасқанын түсінеді.
38-39.Тасмола мәдениеті.Мұртты обалар. Тасмола мәдениеті - Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген. 1930 ж. белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орт. Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды. Мұртты обалар – ерте темір дәуірінен сақталған ескерткіштер (б.з.б. 7–4 ғасырлар). Толық емес мәліметтер бойынша Қазақстанда 300-ден астам мұртты обалаға жататын ескерткіш тіркелгенін біледі.
40.Ержүрек Сақ патшайымы Томирис.Томирис күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты екенін біледі.
41. Ержүрек Сақ патшайымы Томирис фильмі.Томирис" тарихи фильмінің тұсаукесері өтіп, ел назарына ұсынылды. Тарих толқынан шыр шертетін фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айырылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасқанын түсінеді.
42-43.Шырақ батырдың ерлігін сипаттау7Парсы елінің патшасы Дарий І 700 мың нөкері бар қалың қолмен сақтар еліне тұтқиылдан шабуыл жасайды. Ол кезде мұншалықты көп әскерді көз көріп, құлақ естімеген екен. Міне, «Шырақ» дастанында сақтардың Дарий әскеріне қарсы қаһармандық күресі аңызға айналған тарихи деректер негізінде жырланған. Алайда дастанның өзі сақталмаған. Тек дастанның негізгі сюжеті проза күйінде бізге жеткен. «Шырақ» дастанының сюжетін қағазға түсіріп, бүгінгі ұрпаққа жеткізген грек тарихшысы Полиэн екенін біледі.
44-45.Александр Македонскийдің сақтарға шабуылы САҚТАРДЫҢ АЛЕКСАНДР МАКЕДОНСКИЙ МЕН СОҒЫСЫ ( Б.З.Д. 330-328 Ж.Ж.) Арриян, Круций Квинт және Геродот еңбектерінде сақтардың Александр Македонский армиясымен екі жыл бойы соғыс жүргізгендігін баяндады. Александр Македонский сақтарды соғыста тізе бүктіре алмады. Енді сол сақтардың Александр Македонскиймен жүргізген соғыстарының шешуші кезеңдеріне тоқталып танысады.
Достарыңызбен бөлісу: |