Бекітілді кафедра меңгерушісі



бет2/18
Дата06.11.2023
өлшемі54,34 Kb.
#189919
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ҚМЖ онкология (1)

тұжырымдайды: (әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып,пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру).
құзыретті: (ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. Білім алушыларға /оқытушыларға/ емтихан қабылдаушыларға оқу тәжірибелерін жүргізуде және жоспарлауда өз білімі мен дағдыларын көрсете біледі, байқаған құбылыстар мен фактілерді және олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын түсіндіреді.

4

Қажетті ресурстар

оқулық

Әдістемелік нұсқау




5

Сабақтың барысы

5.1

Сабақты ұйымдастыру

  1. Студенттерді түгелдеу.

  2. Топқа жағымды атмосфера орнату.

5.2

Өткен тақырыпты қайталау




5.3

Жаңа тақырыпқа шолу

Қазақстан Республикасында тұратын халықтарға онкологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы осы Ереже (бұдан былай – Ереже) меншіктеріне қарамастан Қазақстан Республикасында тұратын халықтарға онкологиялық көмек көрсететін ұжымдардың міндеттерін, функциясын, құқықтық және ұйымдастыру негіздерін анықтайды. Тұрғындарға (ересектер мен балаларға) онкологиялық көмек көрсететін ұйымдар (бұдан былай – онкологиялық ұйымдар) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, салалық құқықтық-нормативтік кесімдерді, салалық құқықтық-нормативтік кесімдерді, осы Ережелерді басшылыққа алады және өз жұмысын медициналық қызметпен шұғылдану құқығын беретін мемлекеттік лицензия негізінде іске асырады. Онкологиялық ұйымдар онкологиялық науқастардың ауруының алдын-алуға, анықтауға, емдеуге және медициналық қалпына келтіруге бағытталған шараларды өз уақытында іске асыру мақсатында құрылады. Тұрғындарға көрсетілетін онкологиялық көмек амбулаториялық-емханалықстационарлық және стационар ауыстырғыш көмек көрсету түрінде көрсетіледі. Онкологиялық төсек-орындармен қамтамасыз етілу 10 мың тұрғынға 2,5 төсек есебінен қарастырылады.

5.4

Жаңа тақырыпты пысықтау

Онкологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға: 1) "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҚазОРҒЗИ); 2) облыстық, өңірлік, қалалық онкологиялық ұйымдар мен көп бейінді клиникалардың онкологиялық бөлімшелері (бұдан әрі – онкологиялық диспансер); 3) оларға жүктелген функцияларға қарай олардың құрылымында мыналар ұйымдастырылатын медициналық ұйымдар: сәулелік терапиясы бөлімшесі (радиологиялық бөлімше) ҚазОРҒЗИ, кемінде 100 төсек төсектік қорымен онкологиялық диспансердің, көп бейінді аурухананың (облыстық, қалалық) құрамында ұйымдастырылады. қашықтықтан және сәулемен түйістіре емдеу үшін төрт және одан да көп қондырғы болған жағдайда және кемінде 120 науқасқа күнделікті сәулемен емдеу жүргізу үшін сәулелік терапия бөлімшелерін біріктіретін радиологиялық бөлімше құрылады; химиотерапиялық бөлімше ҚазОРҒЗИ, онкологиялық диспансерлердің, көп бейінді аурухананың (облыстық, қалалық) құрамында ұйымдастырылады. өңірлік мамандандырылған консультациялық-диагностикалық бөлімше (бұдан әрі - МКДБ) облыстық, өңірлік, қалалық онкологиялық ұйымдардың құрамында құрылады; онкологиялық науқастарды қалпына келтіру емі мен оңалту бөлімшесі (кабинеті) (бұдан әрі – бөлімше) онкологиялық ұйымның, көп бейінді аурухананың (ересектер, балалар), амбулаториялық-емханалық ұйымның құрамында ұйымдастырылады; ядролық медицина (орталығы) бөлімшесі (бұдан әрі – ЯМО) ҚазОРҒЗИ, онкологиялық диспансерлердің, республикалық маңызы бар облыстық орталықтарда және қалалардағы диагностикалық орталықтардың құрамында, сондай-ақ дербес заңды тұлға ретінде құрылады. паллиативтік көмек көрсету бөлімшесі (орталығы) онкологиялық диспансердің, көп бейінді аурухананың (ересектер, балалар) құрамында, сондай-ақ дербес заңды тұлға ретінде құрылады;

5.5

Сабақты қорытынды бағалау

Студенттердің лекция дәптерлерін тексеру арқылы және бақылау сұрақтарына жауап бергендеріне байланысты қорытынды баға қойылды.

5.6

Үй тапсырмасын беру

Паллиативтік көмек түрлері, сатылары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет