Бекітілді Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Дата14.12.2022
өлшемі22,23 Kb.
#162745
Байланысты:
1 курс


Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Қуатты Қазақстан байтақ елім

Күні

13.12.2022

Класс жетекші:

Сыланова Динара Амитбековна

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата — бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Құндылықтарды дарыту




Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар




Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Студент әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Қазақстан Әнұраны орындалады
Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, аста төк жомарт та болды. әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті. Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым» деп күйзелсе, Жұбан ақын «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деп күңіренді. Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. ХҮ ғасырдың басында дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. ХҮІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттігін құра бастаудың алғышарты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын» қабылдау болды. Өзінің толық субъектілігін Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдау арқылы рәсімдеді. Сол нұрлы таңмен арайланып, байтақ еліміздің алтынмен апталған Ата Заңы өмірге келді. Туған еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің қасиетті нышандары аспан түстес зеңгір көк Туымыз, айшықты Елтаңбамыз бен асқақ Әнұранымыз екенін өздеріңізде жақсы білесіздер.
«Орнында бар оңалар» дегендей, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады; ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағы көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Биыл еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республикасы атанғанына 21 жыл да болып қалыпты.
Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.
Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.
Абылай заманы – батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.
Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.
1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.
Бұл – теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.

Студенттер оқытушымен амандасады, түгенделеді




Компьютер


Сабақ басы (13 мин)






Студенттер ойларымен бөліседі

презентация

Ортасы (20 мин)






Сұрақтарға жауап береді



презентация

Соңы



 Қорытынды бөлім

  • Нағыз еңбек неден басталады?

 «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі –ішсем,жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем екен деп туады. Не көрсе соған талаптанып. Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Мұның бәрі-жанның құмары деген екен Ұлы Абай атамыз. Сабақ оқу да – еңбек. -Еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Барлық байлық еңбекпен келеді. Ауылымызда тек өзінің маңдай терімен отбасын асырап отырған ер адамдар бар. 
Еңбексіз бос жүру адамды моральдық жағынан құлдыраушылыққа, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеліп соғады.Еңбек етпесең не қорлыққа, не ұрлыққа барасың.Еңбек қана адамның жанын жарастыққа, ризалық сезіміне бөлеп бақытты етеді.Еңбек етсең ешкімге тәуелді болмайсың. Атың да, атағыңды да шығаратын -Еңбек
Қатаң ұста-бос жүрмесін сандалып,
Болсын тәртіп-бала өседі сомдалып.
Бала нені білсе жастан, ұядан.
Өле өлгенше соны таныр қиядан.
Жас кезінде білім берсең,қалай да-
Өсе келе қолы жетер талайға.
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?
Олай болса уысыңнан шығарма.
(Жүсіп Баласағұн)

Студенттер түсінеді сынып сағаты қорытындылайды



презентация




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет