Алматы, ҚБТУ, 2022 ж.
1. Кіріспе және курстың сипаттамасы Курс ҚБТУ-дың барлық мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған. Оның танымдық негіздері студенттерде тарихи сананың қалыптасуына, Қазақстан тарихының дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде жүріп өткен тарихи үрдістердің заңдылығы мен даму эволюциясының ерекшеліктерін түсінуіне бағытталған. Студенттер Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу дәстүрінің ежелгі заманнан басталып, сабақтасып, өз дамуында бүгінгі күні сапалы түрде жаңа сатыға өткені туралы кешенді түсінік алуы тиіс. Курс ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы мен жаңа заман мен тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы тарихына арналған. Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық тарихы ежелгі дәуірден бастап жаңа заманға дейін Қазақстан жерінде болып өткен негізгі әлеуметтік-саяси үдерістерге сипаттама берсе, жаңа заманда Қазақстанның Ресей империясының отарына айналып, кеңестік-тоталитарлық жүйе кезінде қазақ қоғамының деформацияға ұшырау тарихы айтылады. Ал, КСРО ыдырап, ҚР өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Қазақстанның нарықтық экономикамен демократиялық азаматтық қоғамның дамуы, көп векторлы сыртқы саясатпен оның геоэкономикалық жән геосаяси басымдылықтары, ҚР сыртқы саясаттағы белсенділігі, ұлттық жобалар мен бағдарламалар сияқты басты тақырыптарға көңіл бөлінеді. Сонымен бірге курс бағдарламасы қазақ халқының және Қазақстанда тұратын өзге этностардың материалдық және рухани мәдениетін оқытуды көздейді