5. Өнеркәсіп аймағының жол тарату теміржол станциясы
Құрылыстың сметалық құны 1,3 млрд. теңге.
6. Өнеркәсіп аймағын сумен қамтамасыз ету
Құрылыстың сметалық құны 2,8 млрд. теңге.
Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысы бойынша «Қала құрылысы жобасының орталығы» ЖШС жобалау ұйымы «Алматы қаласының Алатау ауданындағы өнеркәсіп аймағы үшін магистралды инженерлік-көлік желілерінің және құрылғыларының құрылысы. Өнеркәсіп аймағын жылумен қамтамасыз ету» нысанының жобалау-сметалық құжатын әзірлеп жатыр. Жобаның аяқталуы және мемлекеттік сараптаманың шығуы 2013 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта, Республикалық бюджеттен жоспарланған 34,2 млрд. теңгеден 4 млрд. теңге бөлінді. Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы электрмен жабдықтау инфрақұрылымының құрылысы (2 кіші станцияның құрылысы) бойынша конкурстар өткізді.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жүзеге асырылуы Индустриалды аймағының аумағында жоспарланып отырған индустриалды-инновациялық жобалардың іріктеуін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 маусымдағы №2/431 «Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларының шеңберінде индустрияландыру саясатын жүзеге асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесін құру туралы» қаулысына 2013 жылғы 6 мамырдағы №2/410 қаулысымен өзгерістер және толықтырулар енгізілді.
Көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Өңірлік Үйлестіру кеңесіне Алматы қаласының Алатау ауданындағы Индустриалды аймағының аумағында жүзеге асырылып жатқан жетілдірілген өндірістерге, жұмыстар мен қызметтерге немесе олардың жаңасын құруға бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін жобаларды қарау және іріктеу жүргізу бойынша өкілеттіктер берілді.
2013 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап, ӨҮК инвестициялық жобаларды іріктеу Қағидаларын басшылыққа ала отырып, аймақтың қатысушыларын іріктеуді бастайды.
ЖСҚ және құрылыс кестесіне сәйкес, Республикалық бюджеттен дер кезінде қаржыландыру жүргізілген жағдайда, инфрақұрылым (негізгі инженерлік коммуникацияларды қосу және жүргізу) құрылысын аяқтау 2015 жылға жоспарланып отыр. Индустриалды аймақ құру (жол, әкімшілік ғимараттарының құрылысы, көріктендіру және т.с.с.) бойынша жұмыстарының толық аяқталуы 2020 жылға көзделіп отыр.
Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық Басқармасы,
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы
2012-2017 жылдар
6
Арнайы индустриялық аймақтар аумақтарына инвестициялар тарту
Бүгінгі күні, Алматы қаласының Алатау ауданындағы Индустриалды аймағының әлеуетті қатысушыларының 165 кәсіпорындарынан тұратын тізбесі құрастырылды.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар
Жыл сайын
Қолайлы инвестициялық ахуал құру
3.5. 2017 жылға қарай бизнес үшін өз ісін тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығасыларды 2011 жылмен салыстырғанда 30%-ға азайту
1
Рұқсат құжаттарын алу кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне «жалғыз терезе» принципін енгізу
Ағымдағы жылдың 31 мамырында Іскерлік кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжілістің өтуі барысында құрылыс нысандарын, Техникалық жағдайлар алуды қоса алғанда, барлық қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бөлігінде әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша мәселелері қаралды. Мәжіліс қорытындысы бойынша қала халқына коммуналдық қызметтер ұсынуға жауапты Алматы қаласының коммуналдық қызметтерінің жанындағы Сараптама кеңестерінің жұмыстарын белсендіру туралы тапсырмаларының хаттамасы бекітілді. Аталған бағытта жұмыс жалғасып жатыр.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар
2014 жыл
Отандық бизнесті қолдау
3.6. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
1
Пайыздық ставканы субсидиялауды қамтамасыз ету, екінші деңгейлі банктердің кредиттеріне кепілдік беру және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін өндірістік инфрақұрылымды дамыту
Жеке кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі буыны ҮИИДМБ шеңберінде «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Оның жүзеге асырыла бастағаннан (2010 жылдан) бергі нәтижесі:
- жалпы сомасы 69 млрд. теңге болатын жобаның банктік қарыздары бойынша 184 кәсіпорынға сыйақы бөлігін қаражаттандыру бойынша қолдау көрсетілді. Олардың ішінде қолдағы бар өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту және кеңейту бойынша жобалар – 58, денсаулық сақтау бойынша жобалар – 28, көлік және қоймалау бойынша жобалар – 56, басқа салалар бойынша жобалар – 42.
Оның ішінде, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы қаласының ӨҮК жалпы сомасы 6 млрд. 722 млн. теңге болатын 44 жобаны қарады және мақұлдады, қаражаттандырудың жалпы сомасы 1 млрд. 065 млн. теңгені құрайды.
Құрылатын жұмыс орындарының саны – 867 бірлік, салық түсімінің сомасы – 824 млн. 474 мың теңгені құрайды.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы,
«Даму» қорының Алматы аймақтық филиалының Кәсіпкерлікті қолдау орталығы
Жыл сайын
2
ШОБ көптеген санын қамту мақсатында кепілдік берудің жаңа жүйесін енгізу және жобаларды келісу үдерісінен ЭДСМ-ді алып тастау
-
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар
2012 жылғы 2 тоқсан
3.7. Өндірістік инфрақұрылымды дамыту
1
Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша жобаларды ұлғайту
«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының өндірістік инфрақұрылым шеңберінде бірінші жартыжылдықта жалпы сомасы 911 млн. теңге болатын 7 жоба мақұлданды.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар
Жыл сайын
3.8. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту
1
Валюталық пайдасы бар екінші деңгейлі банктердің сыйақы ставкаларын субсидиялау бойынша жобаларды ұлғайту
Үшінші бағыт бойынша – жалпы сомасы 687,3 млн. теңге болатын 2 жоба
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар
Жыл сайын
3.9. Кәсіпкерлік әлеуетін күшейту
1
«Бизнес-кеңесші» қысқа мерзімді экспресс оқыту өткізу
Алматы қаласында үлкен көңіл ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерді қолдауға және дамытуға бөлінеді. «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының төртінші бағытын жүзеге асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 1 шілдесінің жағдайына Алматы қаласы бойынша оқытылғандардың және сертификат алғандардың саны 308 адамды құрады, оқыту жалғасып жатыр.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар
Жыл сайын
2
Кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсету
«Әрекеттегі бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» құрамдас бөлігін жүзеге асыру шеңберінде 2013 жылдың 1 шілдесінің жағдайы бойынша Алматы қаласының 812-ден аса кәсіпкерлеріне келесі бағыттар бойынша мамандандырылған қызметтер көрсетілді:
- ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекеттік сатып алуларымен байланысты қызметтер;
- маркетинг мәселелері бойынша қызметтер;
- кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;
- менеджмент жүйесін енгізу бойынша барлық үдеріске кеңес беру және толық алып жүру;
- бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, статистикалық есептілік құрастырумен байланысты қызметтер;
- заң қызметтерін көрсету;
- ақпараттық қызметтер саласындағы қызметтер.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар
Жыл сайын
3
«Назарбаев Университеті» АҚ бизнес-мектебінің базасында шағын бизнестің топ-менеджментін оқытуды өткізу
2013 жылдың басынан бері аталған оқыту бойынша 68 өтініш келіп түсті. Бүгінгі күні, 2013 жылдың 6 айында Алматы қаласы бойынша оқытылған кәсіпкерлердің саны 62 адамды құрады.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар
Жыл сайын
4
«Іскерлік байланыстар» жобасы шеңберінде кәсіпкерлерге оқытуды өткізу
2013 жылдың басынан бері аталған жоба бойынша 45 өтініш келіп түсті. Оқыту 2013 жылдың 15 шілдесінде басталды.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар
Жыл сайын
5
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына бағдарламаның тетіктері мен талаптарын жақсарту бөлігінде өзгерістер енгізу
«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасын әрі қарай табысты жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдан бастап, оның жүзеге асыру тетіктеріне бірқатар өзгерістер және толықтырулар енгізілді. «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасы бойынша өзгерістері және толықтырулары бар үшінші пакет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №498 қаулысымен қабылданды. Аталған қаулының шеңберінде экономиканың нақты секторларындағы басым бағыттарының тізбесі қысқартылды, сондай-ақ бір кәсіпкерге 1,5 млрд. теңгеден аспайтын жобаның сомасы азайтылды. Ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер үшін кепілдік алу бойынша жағдайлары жеңілдетілді.
«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өзекті сәттер. Қазіргі уақытта, Алматы қаласының қаражаттандыру мәніне жобаларды қарау жөніндегі Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің қызметі «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру үшін ақша қаражаттарының жетіспеуіне байланысты тоқтап тұр.
Осыған байланысты, Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Б.А.Сағынтаевтың атына қосымша қаражат бөлу туралы хат жолдады.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар
2013 жыл
6
Екінші деңгейлі банктердің сыйақы ставкаларын субсидиялау бойынша жобаларды ұлғайту
«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері жалпы сомасы 68 млрд. 898 млн. теңге болатын барлығы 184 үшжақты шарттар жасалды.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы
Жыл сайын
Қолжетімді еңбек және лайықты жалақы
3.10. Халықтың кірісін арттыру
1
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын оған өз бетінше қамтылғандар, жұмыссыздар және аз қамтамасыз етілген халықты (2012 жылы 5 460 адамға дейін қамти отырып) тарту арқылы орнықты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жолымен халықтың кірісін арттыру мақсатында кең ауқымда іске асыру.
- өз бетінше қамтылғандарды, жұмыссыздарды, аз қамтамасыз етілгендерді оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу - 4 915;
- ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу* - 125;
- еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру* - 420;
- ауылдық елді мекендерді дамыту*
2013 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бірінші бағыты «Өз бетінше қамтылғандар, жұмыссыздар және аз қамтылғандарды оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша жұмыс жалғасуда.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасымен ағымдағы жылы 1631 адам қамтылады, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орнына – 460 адам, оқыту курстарына – 721 адам, жастар тәжірибесіне – 450 адам жіберіледі.
I жартыжылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарында – 488 адам, жастар тәжірибесінде – 453 адам жұмыс жасады.
2013 жылы Бағдарламаның басқа бағыттарын іске асыру қарастырылмаған.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы,
Алматы қаласы Бiлiм Басқармасы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы, Алматы қаласы Тұрғын үй Басқармасы, Алматы қаласы Құрылыс Басқармасы, Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығы
2012 жылдан бастап
3.11. Халықты жұмыспен қамту проблемасын біліктілікті арттырудың тегін курстарымен қамтамасыз ету, стипендиялар төлей және жалақыны ішінара субсидиялай отырып, кәсіптік даярлау және қайта даярлау арқылы шешу
1
Өз бетінше қамтылғандарды, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген адамдардың, сондай-ақ ішінара жалдамалы жұмыскерлердің ішінен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушыларын кәсіби даярлау,қайта даярлау және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыру
2013 жылы біліктілікті арттыру және қайта даярлауға 59,96 млн.тг бөлінді, оның 1,679 млн.тг игерілді. Қайта даярлауға – 229 адам, біліктілікті арттыруға -26 адам жіберілді.
Колледждар мен лицейлерде кәсіби даярлауды 2011 жылдан өткендер ішінен 791 адам жалғастырып жатыр.
Кәсіптік оқыту қаланың 9 оқу мекемелерінде кондитер және тігін өндірісі, техникалық қызмет көрсету, радиоэлектроника және байланыс сияқты 22 мамандықтар бойынша дәріс берілді.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы, Алматы қаласы Бiлiм Басқармасы, Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығы
2012 жылдан бастап
2
Халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыз азаматтардың ішінен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушыларынәлеуметтік жұмыс орындарына және білім ұйымдарының түлектерін жастар практикасына жұмысқа орналастыру
2013 жылы 460 әлеуметтік жұмыс орнын құру жоспарланған, осыған сәйкес 73,07 млн.теңге бөлінді. 1 шілдеде әлеуметтік жұмыс орындарда 488 адам жұмыс істеп, 29,95 млн. теңге (41%) игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарында заңгер, әлеуметтік жұмысшы, есепші көмекшісі, реабилитолог, әр түрлі жұмыс атқарушы және т.б. мамандықтар бойынша жұмыс істейді.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы,, Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығы
2012 жыл - 630 адам
2013 жыл - 630 адам
2014 жыл - 630 адам
2015 жыл - 630 адам
2016 жыл - 630 адам
3.12. Сатып алу құқығымен типтік жалдамалы тұрғын үй беріп, «экономикалық өсу нүктесінен» көшуді субсидиялау жолымен жұмысты және тұрғылықты жерді ауыстырған кезде қолайлы жағдайды қамтамасыз ету
1
Бағдарлама қатысушыларын әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдық жерлерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары ауылдық жерге және жаңа көшіп келген жерде отбасының жұмысқа қабілетті барлық мүшелерін жұмысқа орналастыру мақсатында көшіп келулерін қаражаттандыра отырып,
- бір аудан шамасында;
- бір облыс шамасында;
- бір облыстан келесі облысқа өтеуін төлеп алу құқығымен үлгілік қызметтік баспана беріп, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшулерін ұйымдастыру*
2013 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бірінші бағыты «Өз бетінше қамтылғандар, жұмыссыздар және аз қамтылғандарды оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша жұмыс жалғасуда. Алматы қаласының Бағдарламаның үшінші бағытына «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы қатысушыларының өз еркімен көшіп қонуы» қатысу қарастырылмаған.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы, Алматы қаласы Тұрғын үй Басқармасы, Алматы қаласы Құрылыс Басқармасы,Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығы
2012 жылдан бастап
3.13. Мемлекеттік қолдау шаралары кешенін көрсету жолымен, оның ішінде микрокредиттер беру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
1
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушыларына жеке істерін ашуға және кеңейтуге 5 жылға дейінгі мерзімге және ең жоғарғы сомасы 3 млн. теңге қайтарымды негізде шағын кредит беру*
Алматы қаласы Бағдарламаның екінші бағытын іске асыруда (микрокредиттеу) нормативті-құқықтық базаның болмауына байланысты қатыспайды.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы
2012 жылдан бастап
4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ БАСТЫ НӘТИЖЕСІ – ТАБЫСТЫҢ ӨСУІ
4.1 Бес жылда жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейін өсіру
1
Алматы қаласы бойынша ЖІӨ-нің деңгейін халықтың жан басына шаққанда АҚШ долларына дейін жеткізу
2012 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласының ЖІӨ-нің деңгейі халықтың жан басына шаққанда 3 856,1 мың. тенге немесе 25,7 мың АҚШ долларын құрады
Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау Басқармасы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы
2012 жыл - 21,6
2013 жыл - 22,7
2014 жыл - 23,9
2015 жыл - 24,9
4.2. Жұмыссыздық деңгейі 5,3%, ал кедейлік 3,5% шегінде қамтамасыз етілетін болады
1
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының және өңірлерді дамыту бағдарламаларының халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жаңа жұмыс орындарын құру бөліктерінде тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету
Ағымдағы жылдың І тоқсанында қалалық еңбек нарығындағы жағдай тұрақты болып сақталды, шиеленістің қарқындығы байқалмады.
Бүгіндері еңбек нарығы динамикалық түрде дамуда, халықтың жұмыспен айналысу деңгейі жоғарылауда. Экономикалық белсенді халық 786,7 мың адамды құрады, ол 2012 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 13,5 мың адамға көп. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 5,7 пайызды құрады.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы,, Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығы
2012 жылдан бастап
2
Еңбек ресурстарындағы экономика салаларының қажеттіліктерін және сұранымының теңгерімделуін қамтамасыз ету және еңбек нарығындағы ұсыныстарды болжау
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен қала экономикасының түрлі салаларындағы еңбек күшіне деген сұранысқа мониторинг жасау және болжау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 2013-2015 жылдарға арналған техникалық және кәсіби білімі бар кадрларға деген болжамдық сұраныс туралы мамандықтарға бөлінген мәлімет еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым министрліктеріне жіберілді.
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігін сақтау мақсатында 2012 жылы қалалық және аудандық Жұмыспен қамту картасы әзірленді.
Қазіргі кезде өзгерген экономикалық жағдай ескеріле отырып, Картаға түзету жүргізілуде.
Жұмыспен қамту картасы алдағы үш жылға еңбек қоры жетіспеушілігінің молдық мөлшерін анықтауға мүмкіндік жасайды.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар
2012 жылдан бастап
3
Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен кіріс бар халықтың үлесін қамтамасыз ету
-
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы
2012 жыл - 3,8 %
2013 жыл - 3,7 %
2014 жыл - 3,6 %
2015 жыл - 3,5 %
4.3. «Халықтық IPO» бағдарламасы халықтың елдің ірі компанияларының, оның ішінде жаңа индустрияландыру шеңберінде құрылған жаңа компаниялардың акцияларын иеленуіне мүмкіндік береді
1
Халық арасында «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу