«бекітілген»



бет6/9
Дата13.02.2017
өлшемі1,56 Mb.
#9198
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жол қауіпсіздігі:

Ағымдағы жылы 10 бағдаршам нысаны және 19 бағдаршам нысанын қайта өңдеу құрылысы жоспарланды.



Алматы қаласы ІІД, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар

2012-2013 жылдары тоқсан сайын

2

Қылмыстық іс-әрекет жасау қауіпі және/немесе оларға қатысты қылмыстық әрекет жасалған кезде балалар мен жасөспірімдердің уақытылы көмек алуы үшін барлық қажетті жағдайды жасау

Алматы қаласы ішкі істер департаментімен мемлекеттік органдармен және Алматы қ. үкіметтік емес ұйымдармен бірге балаларға және жасөспірімдерге және балаларға қауіп –қатер төнгенде және оларға қатысты қылмыстық әрекеттер жасалған жағдайда уақытылы көмек көрсету, барлық қажетті жағдайларды құруда барлық қажетті жағдайлар жасалды.

Сонымен, бүгінгі таңда, Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінде мектеп полиция инспекторы жұмыс істейді, оларға білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар жүктелген, барлық деректер бойынша мектеп оқушылары уақытылы құқықтық көмек алу үшін мектеп инспекторына жүгінуге болады.

Қылмыс деректерін алдын алуды ескертуде, сонымен бірге қылмыстық қол сұғушылықтан оларды қорғауды қамтамасыз ету және оларға психологиялық көмекті уақытылы көрсету, барлық жалпы білім беретін орындарда анонимдік сауалнама жүргізіледі, «Сенім ұяшықтары» орнатылған, оған балалар және олардың ата –аналары олардың құқықтары және қызығушылықтарын қорғау сұрақтары бойынша жүгіне алады. Уақытылы әрекет ету және оқитын жастардың арасында құқықбұзушылық деректерін болдырмауда тиісті шараларды қабылдау үшін ақпарат түсе салысымен өңделеді.

Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысында Қоғамдық ата –аналар Кеңесі көлемді еңбек сіңіреді.

Кеңестің негізгі тапсырмалары – оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуда мектеп полиция инспекторларын, оқытушыларды, ата –аналарды біріктіру болып табылады.

Ата –аналардың жауапкершілігін көтеру мақсатында және кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша нақты тапсырмаларды анықтауда ІІД басшысымен және қызығушылық танытқан мемлекттік органдармен дөңгелек үстелдер, семинарлар, лекциялар және сұхбаттар жүргізіледі.

Ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ведомтсвоаралық комиссиямен олардың құқығын қорғау бойынша тығыз бірігіп әрекет етеді: баларады әлеуметтік қамсыздандыру және жұмысқа орналастыру сұрағы шешіліп жатыр, сонымен қатар баларадың тәрбиесімен тиісті түрде айналыспаған ата –аналарға тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Сонымен бірге, кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыс Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ жасөспірімдер мен балалардың мәселелерімен айналысатын мүдделі қызметтермен бірлесіп жүргізіледі.

Сонымен қатар, балалардың құқықтарының бұзылуын қорғау бойынша жұмыс ұйымдастырылуда, өзін-өзі өлтіру фактілерінің себептері мен салдарлары талданады, өмірлік қйын жағдайларға түскен балалар туралы ақпараттар қамтылады, олардың отбасыларымен сауықтыру жұмыстары жүргізіледі және балалар мен үлкендердің шиеленістердің алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Оқу орындарындағы психологтардың жұмысы отбасы мәселелерін, жасөспірімдер мен жастар арасындағы мәселелерді зерделеуге бағытталған.

Кәмелетке толмағандар арасындағы ұйымдасқан қылмыс көріністеріне қарсы тұру және ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу мақсатында 2013 жылға арналған жедел-іздестіру мен жадел-профилактикалық іс-шаралардың бірлескен Жоспары жасалынды.

Жастар арасындағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша тікелей бағытталған іс-шаралар өткізу мақсатында ІІД ҰҚҚКБ, КПБ және ӘПБ ЮПБ қызметкерлерінің құрамынан жұмыс тобы құрылды.

Аталған жоспарды орындау үшінбопсалаушылықпен айналысатын тұлғалар туралды уақтылы ақпарат ұсыну мәселелері бойынша жоғарғы оқу орындарының оқытушылар құрамымен профилактикалық сұхбат жүргізіліп отырады.

Оқушылардың қылмыстық әрекеттерінің уақтылы жолын кесу мақсатында жедел қызметкерлер мен кәмелетке толмағандардың істері бойынша инспекторлары арасында ақпарат алмасады.




Алматы қаласы ІІД

2012-2017 жылдары тоқсан сайын

6.3. Ұйымдасқан қылмыс нысандарына, сыбайлас жемқорлыққа, есірткі бизнесіне, терроризмнің көріністеріне және діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың тиімділігін күшейту

1

Есірткі трафигі арналарын жабу мақсатында «МАК» жедел-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу

2013 жылдың 1 маусымы мен 31 қазан аралығына дейін «Көкнәр - 2013» (Мак). жедел алдын алу іс –шаралары жүргізіледі. Операция барысында маусым айында 21 қылмыс ашылды.

Заңсыз айналымнан 5 кг 706,15 гр, соның ішінде героин – 1кг 796,12 гр, гашиш – 222,13 гр, марихуана – 3 кг 687,90 грамм алынды.

Сонымен қатар, жаңа талаптардың негізінде, атқарушы биліктің органдарымен, денсаулық сақтау, білім мекемелері, қоғамдық ұйымдармен бірге, психотропты заттармен, есірткі құралын асыра пайдалануды ескерту бойынша жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіледі. Түнгі көңіл көтеретін орындарда және басқа да жастар көп жиналатын орындарда рейдтік шаралар жүргізілді, есірткі сақтау 4 дерегі анықталды.

А.ж. 6 айы бойынша заңсыз есірткі айналымымен күрес бойынша ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижелері республикалық және жергілікті телеарналарда – 124 (293), соның ішінде республикалық БАҚ-та – 66, аумақтық - 58 материалдар жарық көрді, радиода – 39, баспада – 28, соның ішінде республикалық баспада – 10, жергілікті – 18, ІІД ЕБҚКБ –мен жүргізілген жедел алдын алу іс –шаралары туралы 23 материал ақпараттық агентствоға берілді.




Алматы қаласы ІІД

Жыл сайын

2012-2017 жылдар



2

Ұйымдасқан қылмысқа, халықаралық лаңкестікке және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық халықаралық шарттар жасау

Алматы қ. ІІД Алматы қ. бойынша ҰҚКД мен Алматы қала әкімшілігі Ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, мақсатты түрде этноаралық қатынастар саласында теріс үрдістердің алдын алу, болуы мүмкін қатерді бейтараптандыру және этникалық фактордың саясаттануына жол бермеу жұмыстарын жүргізуде. Ұдайы түрде этнобағыттағы бірлестіктерге қатысты, олардың қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауы бойынша тексеру шаралары жүргізілуде.

Есеп беру кезуңінде Алматы қаласы аумағында жүргізілген жедел-алдын алу шаралары нәтижесінде криминалдық-тұрмыстық жағдайда орын алып отырған ұлтаралық және этноаралық қатынастар шеңберіндегі қақтығыстарға жол берілген жоқ.

Бұл бағыттағы жұмыстар Алматы қ. ІІД басшылығының бақылауында.


Алматы қаласы ІІД, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар

ежегодно

2012-2017 годы



6.4. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдату

1

Кәмелет жасына толмағандардың арасындағы 2012-2013 жылдарға арналған құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанаты мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру

Аталған жоспарды орындау мақсатында «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған айтарлықтай профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылуда. Сонымен, есеп беру кезеңінде 3 профилактикалық іс-шаралар: «Жас өспірім», «Демалыс», 2 акция «Жасөспірім, Заң, Қауіпсіздік», «Мейірімді жүректер», сондай-ақ криминогендік учаскелерде локальды шаралар өткізілді.

Іс-шаралар өткізу барысында әртүрлі құқық бұзушылықтары мен өз бетімен жүргені үшін ұсталған 5088 кәмелетке толмағандар ішкі істер органдарына жеткізілді, құқық бұзушылық жасаған 492 жасөспірім есепке қойылды, бала тәрбиелеуден қашқақтаған 282 және 382 бала оқытудан қашқақтаған ата-ана есепке қойылды.

Өткізіліп отырған іс-шаралар үнемі БАҚ-та жарияланды, 6 ай ішінде барлығы 88 сұхбат ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, өз бетімен және қадағалаусыз кеткен балаларды анықтау саласында мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай іс-шаралар қабылданып отыр. Балалар мен жасөпірімдердің мәселелерімен айналысатын барлық мүдделі қызметтермен, мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен бірлескен іс-шаралар жоспары жыл басында әзірленді.

ІІО есебінде тұрған кәмелетке толмағандарды және жағдайлары төмен отбасының балаларын қатыстырып ювеналды полиция бөлімдерінің қызметкерлері әртүрлі іс-шаралар өткізеді.

Сонымен, а.ж. 18 мамырындаІІД ӘПБ ЮПБ Әуезов ауданының әкімдігімен бірлесіп ІІО есебінде тұрған 30 кәмелетке толмаған балаларды Іле-Алатау Ұлттық паркіне бару ұйымдастырылды, аталған іс-шара аясында «Қамқорлық» Кризистік орталығымен жасөспірімдер арасында тренинг өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шара өткізуге ІІД ӘПБ, Ауезов ауданының ІІБ басшылықтары, «Нұр-отан» ХДП «Жас-Отан» Жастар қанатының өкілдері қатысты. Іс-шара барысы БАҚ-та жарияланды.

Кәмелетке толмағандардың істері бойынша учаскелік инспекторлары тұрақты түрде басқа да қызметтермен бірлесіп ойын-сауық орындарында рейдттер өткізеді, сондай-ақ криминогендік учаскелерде кәмелетке толдмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен өз бетімен кеткен баларды анықтау үшін әртүрлі қызметтер мен ұйымдарды қатыстырып локальді іс-шаралар өткізеді.

Рейдттер мен профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері ІІД сайты мен интернет - өнімдерінде жарияланады.

ҚР «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңын орындау үшін, кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сату деректерін анықтау бойынша ЮПБ қызметкерлері тұрақты түрде рейдттер өткізіп отырады.

Сонымен, талдау жасап отырған кезеңде әкімшілік жауапкершілікке 100 (63) сауда жұмыскерлері тартылды, соның ішінде 43 (31) – кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатқаны, 57 (32) – 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін сатқаны үшін.

Аталған бағыттағы жұмыс мүдделі мемлекеттік қызметтерді, бұқараны және БАҚ-ты қатыстырып өткізілді.

ЮПБ қызметкерлері есірткіге-мамандандырылған дәрігерлермен бірлесіп қалалық есірткіден әлеуметтік-медициналық сауықтыру орталығында (ҚЕӘМСО) дсипансерлік есепте тұрған кәмелетке толмағандарға қатысты ай сайын сәйкестендіру өткізіледі және кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөлімшелер мен оқу орындарында есірткіге тәуелді балаларды бастапқы кезінде анықтау үшін тесттер өткізіледі.

2013 жылғы 01 шілдедегі ахуалына сәйкес ҚЕӘМСО есебінде 10 кәмелетке толмаған: 8 «маскүнемдік», 2 «нашақорлық» анықталған диагноздарымен есепте тұр.

Мектеп инспекторлары есірткі-дәрігерлерімен бірлесіп 16 лекция-сұхбат, 2 «дөгелек стөл», 1-семинар өткізді.


Алматы қаласы ІІД,

«Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанаты



2012-2013 жылдары тоқсан сайын

2

Оқитын жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу проблемалары бойынша жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарының басшыларымен жұмыс кездесулерін өткізу

Алматы қаласында 87 колледж, 51 ЖОО бар, оларда тұрақты түрде кездесулер өткізіліп, құқықтық тақырыптарға сұхбаттар мен баяндамалар жасалынады.

Оқу орындарының оқушыларымен жасалынған қылмыстардың ахуалына күнделікті талдау жасалынып, оқушылар арасында орын алып отырған жағдайға жедел әсер ету үшін Білім басқармасы ақпараттандырылып отырады.

Оқушылар арасындағы құық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ішкі істер департаменті оқу орындарының басшыларымен бірлесіп құқық бұзушылықтар бойынша проблемалық мәселелер туралы үнемі жұмыс кездесулерін өткізеді.

Сонымен, а.ж. наурызында ІІД бастығының қатысуымен Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың, Д. Қонаев ат. Университеттің және ҚазҰТУ-дың студенттерімен кездесулер өткізілді.

Сонымен бірге, ювеналды полиция қызметкерлерімен жоғарғы оқу орындарында студент жастарды балалар үйінде, сондай-ақ ІІО есебінде тұрған жасөспірімдермен волонтерлік жұмыс жүргізуге қатыстыру үшін жоғарғы оқу орындарының арасында насихаттау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Волонтер-студенттер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу іс-шараларына белсенді қатысады, олармен барлық оқу орындарында құқықтық тақырыптарға сұхбаттар мен баяндамалар жасалынып, сондай-ақ ЮПБ есепте тұрған жасөспірімдер мен жағдайлары төмен отбасыларының балаларын қатыстырып әр-түрлі сайыстар, спорттық жарыстар өткізілді.




Алматы қаласы ІІД,

Алматы қаласының әкімдігі



Жыл сайын

2012-2017 жылдар



3

«Жасөспірім және заң» құқықтық білімдердің айлықтарын өткізу

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Білім басқармасымен бірлесіп тұрақты түрде 2012 жылдың қыркүйегінен бастап 2013 мамыр аралығында «Жасөспірім және заң» құқықтық білім айын өткізіп отырады.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың, есепте тұрғандар арасында қайталап қылмыс жасауларының алдын алу және оқушы жастардың сауаттылығын көтеру үшін өткізіледі.

Аталған іс-шараны өткізуге білім орындарының, денсаулық счақтау, ата-аналар комитетінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыстырылды.

Осы ай аясында кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «дөгелек стөлдер», сайыстар өткізілді. Соның барысында әкімшілік және қылмыстық заңнаманың балардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын заңдардың талаптары жеткізіліп, сондай-ақ ата-аналарымен кездесулер өткізіліп оларға балалрының оқуы мен тәрбиесіне жауапкершіліктері түсіндірілді.

2013 жылғы 18 сәуірде № 7 мамандандырылған лицейде МЛ директорларының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасарларын, Мамандандырылған аудан аралық сотының кәмелетке толмағандардың істері бойынша, ювеналды полиция бөлімшелерінің және Білім басқармасының өкілдерін қатысытырып «Қылмыс пен жаза» тақырыбына ток-шоу өткізілді.

2013 жылғы 17 мамырда ІІД ӘПБ Білім басқармасымен, Кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ведомствоаралық сотымен бірлесіп тәртібі девиантты балаларға арналған арнайы білім мекемесінің аумағында «Қазақстан-2050» даму стратегиясы аясында Алматы қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің девиантты тәртіптерінің алдын алу» атты тақыпта «дөңгелек стөл» өткізілді. Аталған іс-шара аясында балалар мен жасөспірімдердің девиантты тәртіптерінің алдын алу, сондай-ақ оларды Тәртібі девиантты балаларға арналған арнайы білім мекемелеріне жіберу мәселелері талқыланды.




Алматы қаласы ІІД,

Алматы қаласының әкімдігі



Жарты жыл сайын 2012-2013 жылдар

6.5. Елдің жолдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру

1

Жол қозғалысының қөауіпсіздігі мәселелрі бойынша әлеуметтік роликтерді құру және орталық, республикалық телеарналарда олардың прокатын қамтамасыз ету

Алматы қаласының ІІД Жол полициясы басқармасымен жол-көлік оқиғаларын алдын алу, жолдағы адам өлімі мен апаттылықтың деңгейін төмендету бойынша тәжірибелік іс-шаралар қабылданып жатыр.

Жол қозғалысына қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау және үгіт-насихаттық көрнекті материалдарды дайындау және тарату бойынша шаралар қолға алынады. 2013 жылдың 6 айында 50 мың данадан жоғары үгіт-насихаттық материалдардың 25 түрі басылып шығарылды. Қала бойынша жұртшылықтың көп шоғырланатын жерлерде ЖҚҚ туралы ақпараттарымен 69 панно, плакаттар мен билбордтар орнатылды.

Аталмыш насихаттау материалдар бүкіл қала мектептерінің оқушыларына, автожүргізушілерге, "Жаяу жүргінші", "Абайлаңыз, балалар!" және т.б. рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында, сондай-ақ, балалар мен жаяу жүргішілердің көп шоғырланатын жерлерінде, жалпы білім беретін және мектепке дейінгі оқу орындарында таратылады.

Қазіргі уақытта адамдардың көп шоғырланатын жерлерде орнатылған 6 жарнама мониторларда (Абай д. – Байтурсынов к., Абай д. – Байзақов к., «Динамо» стадионына қарама-қарсы, Сәтпаев – Желтоқсан, Фурманов – Сәтпаев (Республика алаңы), Толе би – Ауэзов, Джандосов – Радостовец) мекен-жайлары бойынша тәулік бойы 300 рет хронометражымен шығатын ЖПБ күшімен өңделген арнайы әлеуметтік бейнероликтердің көрсетілімі жалғастырылуда. Сонымен қатар, аталмыш роликтер Алматы қаласы Әкімдігінің муниципалды автобус парктерінің автобустары мен тролейбустарында да көрсетіледі.

Ақпарлы мерзімде «Хабар», «Астана», «КТК», «7 арна», «Евразия 1 арнасы», «СТВ», «Алматы», «Караван», «Мегаполис», «Комсомольская правда», «Известия Казахстан», «Аргументы и факты», «Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы», «Заң газеті, «Юридическая газета» бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыстар жүргізілді. Бұдан басқа, Алматы қаласының жол-көлік ахуалы бойынша ақпараттарды жедел жіберу "Казахстан тудей», «Казинформ», «Интерфакс Казахстан», «Закон кз», «Тудей кз», «Тенгри ньюс», «Б ньюс», «Вести кз», «КазТАГ» ақпараттық агенттіктерінің сайттары, сонымен қатар, «Авторадио», «Европа плюс Казахстан», «Ретро», «Қазақ радиосы», «Русское радио Азия» радио байланыстар желісі арқылы тарату үрдісі қалыптасты.

Алматы қ. ІІД Жол полициясы басқармасымен тұрақты түрде БАҚ-қа шығу жұмыстары, бірлескен бейнесюжеттер, таспа басылымдары, радио және телевизиялық бағдарламалар республикалық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында ұйымдастырылады. Осылайша, "Астана", "7 канал", "СТВ" республикалық телевизиялық арналарымен бірлесіп, ҚР ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік шаралар ұйымдастырылып, соның нәтижелері жаңалықтарда жарияланып отырды.

Күнделікті Алматы қаласының жол полициясы қызметкерлерінің жол қозғалысы қауіпсізідігін қамтамасыз ету және қаладағы жол-көлік ахуалын тұрақтандыру бойынша атқарылатын күнделікті жұмыстары «Ел көзі» («Глаз народа») «Алматы» ТА, «СТВ» («Экстренный вызов»), «КТК» («Рейдер»), «Алматы» («Куәгер») телевизиялық бағдарламаларында көрсетіліп отырады.


Алматы қаласы ІІД,

Алматы қаласының әкімдігі



2012 -2017 жылдар

2

2012-2014 жылдарға арналған жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің салалық бағдарламасын іске асыру

14 т. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша интернет конференцияларды өткізу.

Алматы қаласының ІІД Жол полициясы басқармасының қызметі БАҚ өкілдері және қоғам арасында ерекше қызығушылық танытады. 2013 жылдың 6 айында ІІД Жол полициясы басқармасымен БАҚ-та 1909 материал дайындалды, соның ішінде 434 таспа басылымдар беттерінде, 646 телевиденьеде, 829 радиода.

Ағымдағы жылдың 14 наурызында Хабар телеарнасының «Іске сәт» таңғы бағдарламасында тікелей эфирде ІІД ЖПБ алдын-алу тобының бас маманы полиция майоры Е.Өтегенов жол қозғалысын алдын-алуға бағытталаған "Біз жолдағы қауіпсіздік үшін" акциясын өткізуде басты мақсаттар мен міндеттерді жұртшылыққа жеткізу бойынша сөз сөйледі.

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Алматы қ. ІІД ЖПБ-да бейнефиксация жүйесімен анықталған жол қозғалысы қауіпсіздігі бұзушылықтары үшін әкімшілік айыппұлдары бар көлік құралдары иелерінің тұрғылықты жерлеріне бару тәсілі арқылы жүргізушілерге айыппұлдарды төлеу қажеттілігі жөнінде хабарлау бойынша шараларды қолға алу мәселелерін талқылауға бағытталған арнайы пресс-конференция өткізілді.

Ағымдағы жылдың 3 маусымында ІІД ЖПБ бастығының орынбасары полиция майоры М.Е. Жағабаевтың "Аргументы и факты", "Айқын" республикалық газеттерінің журналистерімен интервью жарияланды. Материалда жол көлік оқиғаларының статистикасы келтірілді, құқық бұзушылықтардың өңдірілуінің жоғарлауы мәселесі белгіленді, сондай-ақ, Алматы қаласының жол-көлік ахуалының ортақ деңгейіне шолу жасалынды.

Ағымдағы жылдың 4 маусымында "Казақ радиосында" ІІД ЖПБ қызметкерлерімен жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесі бойынша тікелей эфирде әңгіме өткізілді.

Ағымдағы жылдың 6 маусымында "Ретро" радиосының "Форсаж" радиобағдарламасында тікелей эфирде полиция майоры Е.Өтегенов жол полициясы қызметкерлерінің, соның ішінде саптық құрылымдары инспекторларының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында жағымды жұмыстарын жүргізу туралы ақпаратпен радио байланыс арқылы шықты.

Ағымдағы жылдың 7 маусымында "Еларна" телеарнасымен "Пятый угол" ток-шоуында жекеменшік таксистердің заңсыз қызметтері мәселелері бойынша жол полициясының өкілі полиция майоры Е.Т. Өтегенов қатысты.

Сонымен қатар, "Қазақстан тудей", "Казинформ", "Тудей кз", "Интерфакс Қазақстан", "Тенгри ньюс", "Б ньюс", "Автолафа", "Дорожный патруль" ақпараттық агенттіктер сайттарында ҚР ЖҚЕ бұзушылықтарының жасалғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бағытында ЖПБ қызметкерлерімен жасалатын жұмыстар үздіксіз шығарылып отырылды.

15 т. «Абайлаңыз балалар!», «Автобус», «Қауіпсіз жол» т.б алдын алу іс шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Жол-көлік оқиғаларын алдын алу, жол-көлік апаттылықты, жарақаттану мен адам өлімінің деңгейін тұрақтандыру, балалар жол-көлік жарақаттануын алдын алу, сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында пролфилактикалық жұмысты белсендіру мақсатында тұрақты түрде жедел алдын алу іс шаралары жүргізіледі, осылайша, жол полициясы басқармасы «Қауіпсіз жол», «Құқық тәртібі», «Стоп - трафик», «Автомобиль», «Таза қала», «Мигрант», «Нелегал», «Абайлаңыз балалар», «Жүргінші» және т.б жедел алдын алу іс шараларын өткізуде кешенді күштер құрамында 20 іс шараға қатысты.

Мысалы, ағымдағы жылдың 19 маусымында жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді кешенді әрі нақты түрде шешу мақсатында жол қауіпсіздігі проблемалары бойынша қоғамдық пікірді зерделеуге назар аударуымен, Алматы қаласының ІІД ЖПБ Нур Отан ХДП АФ бірлесіп, "Жолда қабылдау" акциясы өткізілді. Өткізілген акция нәтижесі бойынша барлығы 614 адам ЖПБ қызметкерлерінен құзырлы жауап алды, соның ішінде 489-ы сауалнамаға қатысты.

Сонымен қатар, аптаның әр жұмасында «Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі күні» акциясы өткізіледі, осылайша ақпарлы мерзімде ҚР ҰҚК ӘП қызметкерлерімен, автокөлік жолдары және жолаушылар тасымалдау басқармасымен, ТҚБ, ЖҚИ және Алматы қ. ІІД КПБ мен 17 бірлескен рейдтік шара өткізілді.

ҚР ІІМ ЖПК 2013 ж. 06.02. нұсқауын орындауда Алматы қаласы аумағында ағымдағы жылдың 7 мен 9 ақпан аралығында ЖПБ бөліністерінің күшімен «Қауіпсіздік белбеуі» атты алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жол қозғалысына қатысушыларға БАҚ, соның ішінде интернет-порталдары арқылы балаларды тасымалдау кезінде қолданылатын арнайы қондырғылар мен қауіпсіздік белбеуін қолдану бойынша үгіттеу-насихаттау жұмысы белсендірілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет