Қала медициналық ұйымдарында медициналық қызмет қолжетімділігін жоғарылату және сапасын басқарудың заманауи механизмдерін енгізу қамтамасыз етілді. 2013 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша 11 мекеме шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (ШЖҚ МКК) статусына ауыстырылды. Қазіргі уақытта 81 медициналық ұйымның ішінде ШЖҚ МКК -41, ММ -3, МКҚК -37 мекеме болып табылады.
Алматы қаласы Денсаулық сақтау Басқармасы
|
2012 жылдан бастап
|
2
|
Денсаулық сақтау мекемелерінде жалпы сектордың қаржылық есептілігінің халықаралық стандарттарын енгізу
|
Бағынысты мемлекеттік ұйымдардың бухгалтерлік есеп жүргізуін және қаржылық есеп беруін халықаралық стандарттарға (МСФООС) ауыстыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Барлық медициналық ұйымдардың бас бухгалтерлері білімдерін жетілдірген және оларда кәсіби бухгалтердің сертификаты бар.
Кәсіпорынның барлық қаржы қызметкерлері «Мемлекет бақылауындағы акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, мемлекеттік кәсіпорындардың даму Жоспарын әзірлеу және де оған өзгерістер енгізу және түзету ерекшеліктері (жаңа форматтағы ФХД)» оқыту семинарынан өтті және сертификаттары бар. Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың барлық қаржы қызметкерлері «Мемлекеттік сатып алу» тақырыбы бойынша өздігінше білімін жетілдіреді.
|
Алматы қаласы Денсаулық сақтау Басқармасы
|
2012 жылдан бастап
|
2.10. 25 денсаулық сақтау нысанын салу
|
1
|
25 денсаулық сақтау нысанын салу, оның ішінде
2 дәрігерлік амбулатория, 6 емхана және 7 емханаларға қосымша құрылыс салу, 2 ЖМКЖ қосалқы бекетіне қосымша құрылыс, 2 лаборатория, 1 туберкүлезге қарсы шипажай, 1 қалалық кремаотрийі бар мәйіт салу
Салу
|
2013 жылы қала тұрғындарына медициналық қолжетімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында Алатау және Түрксіб аудандарында 3 қалалық емхана (№23, 24, 25) іске қосылды. №15 қалалық емханаға жүргізілген жанама құрылыс аяқталды (Әуезов ауданы).
|
Алматы қаласы Құрылыс Басқармасы, Алматы қаласы Денсаулық сақтау Басқармасы
|
2012 жылдан бастап
|
Қажетті өмір сүру жағдайын жасау
|
2.11. Халық арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және ізінше шылым шегуді, нашақорлықты және алкоголді шектен тыс пайдалануды 10%-ға азайту
|
1
|
Спортты насихаттау бойынша қалалық медиа – жоспар әзірлеу
|
Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен 2012 жылы караша айынан бастап Алматы телеканалынан «Физкульт РЕВЮ» спорттық бағдарламасы ашылды. Бағдарлама бүгінгі таңда Алматы қаласында өткен және болашақта болатын бұқаралық-спорттық іс-шараларды халыққа көрсетуде. Аптаның дүйсенбі және сейсенбі (қайталау) күндері эфирге шығады.
|
Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорты Басқармасы
|
2012 жыл
|
2
|
Алматы қаласында 2011 жылғы 7-Азия аумақтық өткiзу үшiн салынған спорт объектілерiнің әлеуетін бұқаралық спортты дамыту үшін пайдалану
|
2011 жылғы 7-ші Қысқы Азия ойындары қарсаңында «Халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені» жаңадан іске қосылды. Б. Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, «Шымбұлақ», «Медеу» спорт кешендері қайта күрделі жөндеуден өтті, «Медеу» және «Шымбұлақ» спорт кешендерінің арасын жалғастыратын аспалы жол іске қосылды.
Биік таудағы «Медеу» мұз айдынына 2011 жылы 81 550 адам коньки немесе ролик (жаз айларында) келді, 2012 жылы 81 000 адам келді. Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені, Шымбұлақ және Балуан шолақ спорт сарайлары да халық игілігіне қолданылуда. Бұқаралық жарыстар, мәдени іс-шаралар өтуде. Атап айтсақ, Шымбұлақта «Нұрсұлтан шыңына жорық», «Сұңқар» трамплиндер кешенінде «Сабантой», Балуан шолақ спорт сарайында Денис Теннің шығармашылық кеші, спорт жәрмеңкесі тағы да басқа көптеген іс- шаралар өткізілуде.
|
Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорты Басқармасы
|
2012 жылдың желтоқсаны
|
3
|
Халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін қаладағы спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту жөніндегі шараларды іске асыру
|
Халықты, оның ішінде балаларды жаппай дене шынықтыру және спортпен шұғылдануын қол жетімді ету мақсатында ақылы спорт нысандарына кіру үшін жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы: Биік таудағы «Медеу» мұз айдынына конькимен сырғанау үшін бір сеансқа кіру құны: 13-17 жас аралығындағы оқушыларға – 1200 теңге, 7-12 жас аралығындағы оқушыларға – 600 теңге, 7 жасқа дейінгі балаларға – тегін.
Жазғы уақытта роликпен сырғанау үшін 1 сағатқа кіру құны: балаларға – 120 теңге, балалар үйі және мектеп-интернаттардың оқушылары мен тәрбиеленушілері көпшілік сырғанауға тегін жіберіледі.
Орталық стадионның қосалқы алаңындағы жүгіру жолдары, спорттық құралдары қала тұрғындары және балалар үшін кез-келген уақытта қолжетімді. Футболдан Қазақстан Республикасының чемпионатындағы «Қайрат» ФК ойындарына 12 жасқа дейінгі балалар және зейнеткерлер тегін, жасы 13-17 жастағы мектеп оқушылары мен студенттер 25 пайыз жеңілдетілген бағамен жіберіледі.
|
Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорты Басқармасы
|
2012 жылдан бастап
|
4
|
Телерадиотарату арналарында көрнекті қоғам қайраткерлерін қатыстырып темекі шегуді, алкогольді шектен тыс тұтынуды және есірткіні тұтынудың алдын алу және емдеу бойынша ақпараттық-насихаттық баспа басылымдарын әзірлеу және шығарудар және науқан мен жобаларды өткізу
|
Орындалуда.
|
Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорты Басқармасы
|
2012 жылдан бастап
|
2.12. Азаматтарды 29%-ға дейін, балалар мен жасөспірімдерді 9%-ға дейін қамтуды қамтамасыз ететін дене тәрбиесімен және спортпен жаппай шұғылдану
|
1
|
Дене тәрбиесімен және спортпен жаппай шұғылданатын азаматтарды қамту
|
Халықтың 25%-ы спортпен тұрақты айналысушылар болып табылады.
|
Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорты Басқармасы
|
2012 жыл - 24,4%
2013 жыл - 25,9%
2014 жыл - 27,4%
2015 жыл - 28,9%
2016 жыл - 29,0%
|
2
|
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан дене тәрбиесімен және спортпен жаппай шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту
|
Алматы қаласындағы жалпы орта білім беретін мектептерде 2012-2013 жылғы оқу жылында барлығы 163 478 оқушы оқиды, 25 қосымша білім беру мекемелерінде әр түрлі спорт түрлерімен 29 448 бала тегін шұғылданды, мысалы: Оқушылар сарайында әр түрлі бағыттағы 110 үйірме жұмыс жасап, оған 5 200 бала қатысады, оның ішінде 30 спорт түріне (бокс, дзюдо, суға жүзу, көркем гимнастика, самбо, үстел теннисі, волейбол, айкидо, каратэ-до, грек-рим күресі және т.б.) 1 500 бала қатысады.
Алматы қаласында орналасқан Республикалық спорт колледжінде 17 спорт түрінен 234 бала тегін білім алады және спортпен шұғылданады.
Алматы қаласы әкімдігіне қарасты 16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, мамандандырылған олимпиялық резервтер дайындайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 69 спорт түрінен 13244 балалар, жасөспірімдер спортпен тегін шұғылданады.
«Шаңырақтағы» дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта 11 спорт түрінен 380 бала тегін білім алады және спортпен шұғылданады.
Алматы қаласындағы 14 кәсіби лицейлерде 8 152 адам оқиды, 73 колледждерде (13 мемлекеттік, 60 жекеменшік) 58 274 (мемлекеттік колледждерде 17 037, жекеменшік колледждерде 41 237) адам оқиды.
Қаладағы 49 (10 мемлекеттік, 39 жекеменшік) жоғары оқу орындарында және 5 әскери оқу орындарында 183 152 адам оқиды.
Жыл сайын оқушылардың дәстүрлі қалалық спартакиадасы спорттың 15 түрінен өтеді. 2012-2013 оқу жылында қыркүйекте басталып, 2013 жылы мамырда аяқталды.
Осы білім беру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдер, жастар сабақтан бос уақыттарында әр түрлі спорт түрлерімен тегін шұғылданады.
Алматы қаласында спортпен айласысушы балалар мен жасөспірімдердің 7.8 %-ын арнайы спорт мектебінде оқитын оқушылар құрайды.
|
Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорты Басқармасы
|
2012 год - 7,5%
2013 год - 7,8%
2014 год - 8,0%
2015 год - 8,5%
2016 год - 9,0%
|
3
|
Бұқаралық спорт түрлері бойынша кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
(Бұқаралық спорт түрлері бойынша салалық спартакиадалар, Ұлттық және мүгедектер спорт түрлерінің фестивалі, ойындары, әртүрлі санаттағы спортшылардың қалалық спартакиадасы, шаңғы жарысы, коньки спорты және флорболдан Қазақстанның Арнайы қысқы ашық Олимпиадасы
|
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылға дейін ел халқының 30 пайызын тұрақты түрде дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға тарту туралы тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан ұдайы жұмыстар жүргізілуде.
Жыл басынан бері қаламызда салауатты өмір салтын насихаттау барысында 563 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, аталған іс-шараларға 114 098 адам қатысты. Осы уақытта «Бірлік», «Сымбат», «Солақай», «Денсаулық», «Дене шынықтыру», «Өнер» «Отан» «Ұлан» спартакиадалары, «Колледж оқушыларының спартакиадасы», волейбол және тоғызқұмалақ айлығы өткізілді.
Аталмыш мерзімде төмендегідей ірі іс-шаралар өткізілді:
- «Қыс-2013» қардағы қыс фестивалі;
- Маусымашар велошеру;
«Бірінші болу батылдық» II қайырымдылық марафоны;
«Отанды қорғаушылар күніне» және «Жеңіс күніне» арналған велошеру;
Алатау ауданының құрылғанына 5 жыл толуына орай өткен ат жарысы;
«Олимпиада күніне» арналған велошеру;
Қазақ күресінен мемлекеттік қызметшілер арасындағы жарыс;
Алатау ауданының құрылғанына 5 жыл толуына орай өткен велошеру;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық жарысының Алматы қаласы бойынша іріктеу турнирі;
Қазақстан Республикасының «Рәміздері күніне» арналған велошеру;
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Астана» кәсіби велоклубы мүшелерінің қатысуымен өткен велошеру;
Қазақстан полициясы күніне және «Халықаралық нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес күніне» арналған велошеру;
«Шымбұлақ-Нұрсұлтан шыңына» жаяу жорық (Альпиниада).
|
Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорты Басқармасы
|
2012 жылдан бастап
|
4
|
Ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша жұмысты жандандыру
|
Ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан үздіксіз жұмыстар жүргізілуде. Басқармаға қарасты 5 арнайы мектептерде қазақ күресінің бөлімдері 2 арнайы мектепте тоғызқұмалақ бөлімдері және бір арнайы мектепте ұлттық ат спорт түрлері (қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар) жұмыс істеуде.
|
Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорты Басқармасы
|
Жыл сайын, маусым және желтоқсан
|
5
|
«Жыл спортшысы» жарысын өткізу
(Спорт түрлері бойынша спортшыларды марапаттау)
|
Орындалуда.
|
Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорты Басқармасы
|
Жыл сайын, желтоқсан
|
2.13. Халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде қарай отырып, экологияға инвестициялар үшін қолайлы жағдайды қалыптастыру
|
1
|
Ластаушы заттардың жалпы шығарындылары нормативтерінің белгіленген мәндерінің көлемін тұрақтандыру қамтамасыз ету, млн. тонн
|
«Нұр Отан» ХДП Алматы қаласы бойынша «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын орындау бойынша іс-шаралар жоспарының «Ластаушы заттардың жалпы шығарындылары нормативтерінің белгіленген мәндерінің көлемін тұрақтандыру қамтамасыз ету, млн. тонна» 2.13 тармағының 1 тармақшасын орындау үшін төмендегіні хабарлаймыз.
Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы өзінің қызметі шеңберінде 2013 жылдың 1 жарты жылдығында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға 338 өтінім қабылдады. Қоршаған ортаға эмиссияға 286 рұқсат берілді, оның ішінде:
- ІІ санаттағы кәсіпорындарға – 125;
- ІІІ санаттағы кәсіпорындарға – 48;
- IV санаттағы кәсіпорындарға – 113;
- қарастырылуда – 52.
Ластаушы заттардың жалпы шығарындыларының белгіленген жоспарлы мәндері 2012 жылға 24,188 мың тоннаны құрады, ол 2009 жылмен салыстырғанда 0,922 мың тоннаға немесе 3,67 % төмен.
2013 жылға ластаушы заттардың жалпы шығарындылары нормативтерінің белгіленген мәні жылына 22,550 мың тоннаны құрап отыр.
|
Алматы қаласы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Басқармасы
|
2012 жыл - 24,796
2013 жыл - 23,680
2014 жыл - 23,680
2015 жыл – 23,680
|
3. ЭКОНОМИКА: ДАМУДЫҢ ЖАҢА ӨЛШЕМДЕРІ
|
Экономиканың макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету
|
Инновациялық экономика – білім экономикасына көшу
|
3.1. Экономиканың орташа жылдық өсу қарқынын 7-8% деңгейінде қамтамасыз ету
|
1
|
ЖІӨ-нің нақты өсуін орташа 6-8 % аралығында қамтамасыз ету (алдағы жылға % есеппен)
|
Алматы қаласының ЖІӨ-нің көлемі 2012 жылы 5 641,2 млн. теңгені құрып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,4%-ға өсті
|
Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау Басқармасы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы, Алматы қаласы Қаржы Басқармасы
|
2012 жыл - 108,8%
2013 жыл - 108,4%
2014 жыл - 107,9%
2015 жыл - 107,1%
|
2
|
Аймақтық индустриаландыру картасы шеңберінде металлургиялық өнеркәсіптердің инвестициялық жобаларын іске асыру
|
Өңірлік Индустрияландыру картасының шеңберінде металлургия өнеркәсібінің жобалары жүзеге асырылмайды.
|
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы
|
Жыл сайын
2012 жылдан бастап
|
3
|
Мемлекеттік органдар, ведомстволық бағыныстағы мекемелер, басқармалар мен департаменттер арқылы Қазақстанда жасалатын автомобиль техникаларын сатып алу басымдылығын қамтамасыз ету.
|
-
|
Алматы қаласы Қаржы Басқармасы, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар
|
Жыл сайын
2012 жылдан бастап
|
4
|
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын өндіруді дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру
|
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарының өндірісін дамыту бойынша Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының шеңберінде «КазСтройСтекло» ЖШС-нің «Әйнекті қайта өңдеу, сондай-ақ энергия үнемдейтін және қауіпсіз әйнекпакеттерінің өндірісі» жобасы бар.
|
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы
|
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
|
5
|
Қазақстанды индустриаландыру картасы шеңберінде құрылыс индустриясын дамыту мен құрылыс материалдарын өндірудің инвестициялық жобаларын іске асыру
|
Алматы қаласының құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарының өндірісін дамыту бойынша Индустрияландыру картасының шеңберінде 10 индустриалды-инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың ішінде, 537 жұмыс орындарын құра отырып, жалпы сомасы 1,6 млрд. теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде:
- «КазСтройСтекло» ЖШС «Әрекеттегі өндірісті жаңғырту және зауыттың 2-кезегінің құрылысы» жобасымен;
- «Триэсплюс» ЖШС «Әрекеттегі өндірісті кеңейту (үлдіріктен жасалатын орауыш материалдар)» жобасымен;
- «Азияпластсервис» ЖШС «Әрекеттегі өндірісті кеңейту (термиялық жолмен отырғызылатын үлдірік)» жобасымен;
- «ПВХ-Драйбленд» ЖШС «Алдын ала оқшаулағыш құбырларының өндірісі» жобасымен;
- «Альфапласт» ЖШС «Пластикалық бұйымдарының өндірісі» жобасымен;
- «ЗЕТА» ҚӨК «Жиһаз өндірісін ұйымдастыру» жобасымен
|
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы
|
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
|
3.2. Фармацевтикалық өнеркәсіпте тұтынудың жартысын отандық өндірістегі дәрілік заттармен қамтамасыз ету
|
1
|
Аймақтық Индустрияландыру картасы аясында фармацевтикалық кәсіпорынның инвестициялық жобаларын іске асыру
|
Алматы қаласының Индустрияландыру картасының шеңберінде 7,2 млрд. теңгеге жуық сомаға фармацевтика өнімдерінің өндірісі бойынша 9 жоба жүзеге асырылып жатыр, олардың ішінде:
1 жоба – «Бирунифарм» ЖШС гемодиализ (жасанды бүйрек) үшін құны 370 млн. теңге болатын ерітінді өндіру бойынша жобасы. Компания «СК-Фармация»-мен 7 жыл бойы дәрі-дәрмектер жеткізіп тұруға ұзақ мерзімді келісімшарт жасасты. Бүгінгі күні қуат жүктемесі – 96,9%;
2 жоба – «Нобел АФФ» АҚ компаниясымен шығарылатын құны 825 млн. теңге болатын қатты және сұйық дәрі-дәрмектер шығару бойынша қолдағы бар өндірісті кеңейту және жаңғырту бойынша жобасы. Жүктемесі – 116%;
3 жоба – «Әлмерек» ЖШС бір рет қана қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдарының өндірісі бойынша цехының құрылысы жобасы. Инвестиция көлемі 222 млн. теңгені құрайды, қаржыландыру жеке қаражаттар есебінен жүзеге асырылды. Жүктемесі – 100%;
4 жоба – «Вивафарм» ЖШС қатты дәрі-дәрмектер шығару бойынша цехының құрылысы жобасы. Қаржыландыру жеке ресурстар есебінен, жобаның құны 375 млн. теңге. Жүктемесі – 103,4%;
5 жоба – «Медаспапоптика» ЖШС «Көзілдірік линзаларының технологиялық желісінің өндірісін жаңғырту» жобасы. Инвестиция көлемі 80 млн. теңгені құрайды;
6 жоба – «Juldyz Kenan» ЖШС «Полимерлік материалдардан жасалатын медициналық мақсаттағы бұйымдарының өндірісі бойынша зауытының құрылысы» жобасы. Инвестиция көлемі 1050 млн. теңгені құрайды;
7 жоба – «Медоптик» ЖШС «Фармацевтикалық өндірісті ұйымдастыру және GMP халықаралық стандартын енгізу» жобасы. Инвестиция көлемі 247 млн. теңгені құрайды;
8 жоба – «Нобел АФФ» АҚ Алматы қаласының Алатау ауданындағы Индустриалды аймағының аумағында жаңа фармацевтикалық зауытын құру жобасы. Әрекеттегі өндірісіті жаңа зауыт аумағына жоспарлы түрде ауыстыру жоспарланып отыр. Кәсіпорынның СК Фармациямен ұзақ мерзімді келісімшарты бар. Сондықтан, шығарылатын өнімнің өтім нарығы пысықталды. Жоба 2017 жылдың желтоқсанында енгізіледі. Жобаның құны 3,7 млрд. теңге.
9 жоба – «Alma Pharmatech» ЖШС емдеу-алдын алу мекемелері үшін уытсыздандыру құралдарының әрекеттегі өндірісін кешенді жаңғырту жобасы. Жобаның құны 280 млн. теңгені құрайды.
|
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы
|
Жыл сайын, 2012 жылдан бастап
|
2
|
Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС арқылы отандық өндірушілерден дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар сатып алу бойынша ұзақ мерзімді келісімдер жасауды қамтамасыз ету
|
-
|
Алматы қаласы Денсаулық сақтау Басқармасы,
«СК-Фармация» ЖШС
|
Жыл сайын
|
3.3. Ішкі нарықтың жеңіл өнеркәсіп өніміне қажеттілігін 30% деңгейінде қанағаттандыру
|
1
|
«Өнімділік-2020» бағыты аясында инновациялық технологияларды енгізу арқылы өнімділікті 1,5 есеге ұлғайту
|
Алматы қаласы өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ (бұдан әрі – «ҚИДИ» АҚ) бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын «Өнімділік – 2020» Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатыр.
Тұрақты түрде жоғарыда аталған институттың және өнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен аталған бағдарламаның негізгі ережелері туралы түсінік берілетін кеңестер өткізіліп тұрады.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастамашылығымен аудандық әкімдіктерінің ғимараттарында түсіндіру және кәсіпорындарды аталған бағдарламаға қатысуға шақыру жөнінде ақпараттық стенділер орналастырылды.
Одан басқа, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы 2012 жылы ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру («ҚДБ» АҚ сыйақы мөлшерлемелерін төмендету) бөлігінде бағдарламаға қатысу жағдайларын оңтайландыруды ұсынды. 2013 жылдан бастап, «ҚИДИ» АҚ-да «ҚДБ» АҚ лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне жылдық 7,5%-дан 5%-ға дейін түзетулер жүргізілді. Аталған мөлшерлеме Қазақстан Республикасы бойынша құнсызданудың болжамды деңгейінен (6%) артпайды.
«Өнімділік – 2020» Бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бастап, Алматы қаласы бойынша барлығы 7 инвестициялық жобалар: «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС, «ААМЗ» АҚ, «Цин-Каз» ЖШС, «КазСтройСтекло» ЖШС, «MachineryServiceLtd» ЖШС, «Juldyz Kenan CO., LTD» ЖШС, «МБМ-Кировец» ЖШС енді. Барлық 7 кәсіпорын инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу/сараптама жасау кезінде шыққан шығындарының сомасынан 50% мөлшерінде шығындарының өтемін алды.
2013 жылы 1 кәсіпорын «FosTeach Data» ЖШС (талшықты-оптикалық электр сымдарының және құрама өнімдерінің өндірісі) Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алу мақсатында құралдардың операторларына ұсыну үшін құжаттар жинау сатысында.
|
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар
|
2012 - 2014 жылдар
|
3.4. Экономиканың шикізатқа жатпайтын секторларына отандық және шетелдік инвестициялардың ұлғаю жағдайын жасау. Нәтижесінде ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі ұлғаяды.
|
1
|
«Жалғыз терезе» принципі бойынша Алматы қаласында инвесторларға Қызмет көрсету орталығын ашу сұрағын қарастыру
|
Алматы қаласында 2012 жылдың қазанынан бастап, Медеу ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының негізінде «бір терезе» қағидаты бойынша шетелдік инвесторларға қызмет ұсынудың ұшқыр жобасы іске қосылды.
Шетелдік инвесторларға қызмет көрсету үшін бұл жерде 2 терезе ұймдастырылған, онда шет тілдерін білетін білікті мамандар кеңестік қызметтерін көрсетеді. Қазіргі уақытта, Алматы қаласының әкімдігі әрі қарай шетелдік инвесторлардың деректер қорын қалыптастыра отырып, қала үшін басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қызметі инвесторларды іздестірумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ құрамымен инвесторларға қызмет көрсету орталығын ұйымдастыру мәселесін пысықтап жатыр.
|
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы
|
2012 жылы 4 шаршы
|
2
|
Мемлекеттік бюджеттен инвестициялар және өңделген өнімдер шикізат емес сектордың негізгі капиталына инвестициялар ағымы бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету
|
-
|
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы, Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау Басқармасы
|
2012 год - 1 771
2013 год - 1 824
2014 год - 1 896
2015 год- 1 934
|
3
|
ЖАӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту
|
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес 2012 жылы Алматы қаласы бойынша ЖӨӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 4,1%-ды құрады.
|
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы, Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау Басқармасы, Алматы қаласының әкімдігі
|
2012 жыл - 5,2%
2013 жыл - 5,3%
2014 жыл - 5,4%
2015 жыл - 5,5%
|
4
|
Алматы қаласы әкімдігі жанында өңірлік сарапшылар кеңесін құруды қамтамасыз ету
|
Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы №1/125 қаулысына сәйкес Алматы қаласында негізгі функциялары сыртқы нарықтарға өнімнің экспортын жылжытуда отандық өндірушілерге ықпал ету болып табылатын Экспортерлар кеңесі құрылды.
Алматы қаласының жанындағы Экспортерлар кеңесінің құрамы мемлекеттік орган, бизнес-қауымдастық және қала кәсіпорындарының басшыларынан тұратын 16 адамнан тұрады.
|
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы
|
2012 жылы 4 шаршы
|
5
|
Алматы қаласы Алатау ауданында индустриялық аймақ құру
|
Қазіргі уақытта, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы жобалау-сметалық құжат әзірледі:
|
Достарыңызбен бөлісу: |