Бектурганова Гульмира Айткалиевна
Көкшетау қаласы №6 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ақан сері
I. Сабақтың мақсаты: Ақанның шығармашылық мұрасымен және музыкалық бейнесімен оқушыларға жан-жақты мағлұмат беріп, оны игеруді ұйымдастыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Ақан ақын, әнші, сазгер, сері екенін жеткізу. Ақын ретінде әлеуметтік өмірге тереңдеуін, заман жайлы толғауларын талдау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, өз бетінше іздену, ой қорыту, талдау қабілетін дамыту. Салыстыра білу дағдысын арттыру.
3. Тәрбиелік: Ақандай сегіз қырлы, бір сырлы болуға үндеу.
Ақанның сырлы әні мен өткір сөзіне, өнеріне оқушыларды сүйсіндіру.
Көрнекіліктер: Ақан портреті, әндері, ол туралы естеліктер, баяндамалар, презентациялар, Ақан туралы айтылған сөздер:
1. Ақан өмірі – ертегідей әдемі, сұлу өмір. ( М.Жұмабаев).
2. Тұсында сері болсын, пері болсын, ұнайды өмірімен Ақан маған. (І. Жансүгіров).
3. Санамен салмақтаған ер табылса, айтылмай неге қалсын менің атым. (Ақан сері)
Сабақ түрі: Кіріктірілген семинар сабағы.
Оқыту формасы :Ұжымдық оқыту технологиясы.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, бейне өнері, информатика.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезені:
а) Сәлемдесу, кезекшімен сұхбат, оқушыларды топқа бөлу, олардың топ басшыларын сайлау.
ә) Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
І. Үйге берген тапсырманы пысықтау.
ІІІ. Негізгі бөлім.
1. Кіріспе.
2. Ақан сері ақын, әнші сазгер. (өмірбаянына шолу жасау)
3. Өлеңдерімен жұмыс. (Аудирование, ұжымдық жұмыс, талдау, түсіндіру, қорғау)
4. Қиын сөздермен жұмыс
5. Әндерін тыңдау.
6. Шығармашылық жұмыс.
7. Жаңа сабақты бекіту.
8. Қорытындылау.
9. Үйге тапсырма.
10. Ақан өлеңдерін орындаушы Мұхамедияр Саянмен сұхбат.
ІІ. Үйге берген тапсырманы пысықтау
1. Жаяу Мұсаның өмірі мен шығармашылығы. (Оқушылар жасаған презентациясын қорғайды)
2. Мәнерлеп жатқа ақынның өлеңдерін айту.
Үйге берген тапсырманы бекіту.
1. Әнші-ақындар деп кімдерді айтамыз? Басты ерекшеліктері қандай?
2. Қандай әнші-ақындарды білеміз?
3. «Балуан», «Жаяу» деген қосымша атаулардың қосылуы неліктен?
4. Жалпы әнші-ақындар өз өлендерінде қандай мәселелерді көтерді?
5. Сал-сері деп кімдерді айтамыз?
Кіріспе. Ақан деген-киелі аққу самсаған,-деп жырлаған ақиық ақын Мұхтар Шаханов Ақанды киелі аққуға теңеп тұрса шын мәнінде ақынның әстетикалық сезімі нәзік, сұлу, лирик ақын екендігін өлеңдерінен бүгін сабақта байқаймыз. Бүгін сабаққа жерлес әншіміз Мұхамедияр Саян келіп отыр. Әншінің орындауында ақын өлеңдерін тыңдаймыз (домбыра).
1. Қазір енді Ақан сері өмірімен танысамыз.
2. Ақан сері ақын, әнші сазгер. ( өмірбаянына шолу жасау)
Баяндаманы мұқият тыңдап, Ақан кім? деген сұрақ тастау арқылы, өз ой-пікірлерін жазады (Топпен жұмыс). Венн диаграммасын жасау.
Жаңа сабақты меңгеру немесе мағынаны тану. Тірек кесте арқылы түсіндіру. Ақан сері өлендерінің тақырыптары:
Осы тақырыптағы өлеңдерінің идеялық мазмұнына тоқтала келе, оқушыларды 4 топқа бөліп, ізденіс сұрақтары беріледі.
Оқушылардың талдап, түсіндіруі
І-топ.
1. «Мылтық пен мергеншілік» өлеңінде аңшы бейнесін ақын қалай сипаттайды?
2. Өлеңде Ақанның Құлагерді жоқтап айтқан аянышты сөздерінен нені көреміз?
3. Ақан Құлагердің өлімін ғана қатты қайғырды ма, тағы да нені ойлап күйінді?
Атбегі, аңшылық тақырыбындағы өлеңдерінде аңшылық әрекеттің көркем суреттерін жасап, шеберлігін бұл халықтың ежелден келе жатқан кәсіби ермегі, сауығы, өнері болғандығын түсіндіреді.
ІІ-топ.
1. Ақанның махаббат еркіндігін жырлауы Абай өлеңдерімен қалай үндеседі?
2. Ақан аңсаған аруын нелерге теңейді? .Ақан өзін қалай бейнелейді?
Жастық, достық, махаббат жайындағы лирикаларында адамдық қасиеттерді қастерлеуге, сол үшін күресе білуге ұмтылдырады. Махаббат еркіндігін адамға рухани күш беретін, қуат беретін үлкен күш ретінде жырлады. Оны достық туралы тақырыппен ұштастырады.
ІІІ топ.
Бай, би, болыс сияқты ел мықтыларын ақын қалай сынайды?
Жаман мен жақсыны қалай суреттейді?
Жаманға айтпа сырыңды,
Жаман бұзар шырынды,- деген халық мақаласын қалай түсінесіңдер?
Әлеуметтік теңсіздік тақырыбын жырлағанда сырты жыртыр, қараңғы надан, пәле іздеп жанжал тудырғыш еш нәрсені білмесе де, «білгішпін» дейтіндерді өткір жырлайды.
Бай, би, болыс сияқты ел мықтыларына өткір сын айтады.
4 -топ. Ақан-серінің ақындық-әншілік мұрасы.
Сайып келгенде, Ақан серінің ақындық-әншілік мұрасы – біліктілік пен білімнен, сыршылдық пен сыншылдықтан, әдептілік пен әдемілікке құмартудан, көрегендік пен көсемдіктен, қуатты шабыт пен құдіретті қиялдан өріліп туған, өрнектеліп тоқылған саф таза поэзия.
Ақанның қандай әндерін білесіңдер?
Ақан серінің әндерін кімдер орындады?
Ақан туралы кімдер жазған?
Ақан Қорамсаұлы махаббаты асқақтата жырлап, бүкіл қазақ даласын сыршыл әнге бөлеген сері. Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арнайы шығарылған «Алтын дискіде» Ақанның «Балқадиша», «Майда қоңыр» әндері өз орнын тапқан.
Ақан сері әндерін бүгінгі күнге жеткізуші - шебер орындаушылар: Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Мағауия Көшкінбаев, Майра Уәлиқызы, Қайрат Байбосынов және жерлес әншіміз Мұхамедияр Саян. Ақынның асыл бейнесі, өмірі мен өнерпаздығы хақында өлең сөздің өрен жүйрігі Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында көрсетілген
Сондай-ақ І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, С.Жүнісов «Ақан сері» романын, Ғ. Мүсірепов «Ақан сері - Ақтоты» драмасын, С. Мұхаметжанов осы аттас операсын жазды.
ә) С. Сейфуллиннен:
Тағы да үздік шыққан адам бері,
Зарланған сырлы мінез Ақан сері. Зарлы әнмен, көркем күймен, шерлі өлеңмен, Шарықтап өрлеп көкке шыққан шері. Шырқайды Ақан әнін ой мен қырда, Жайылған қазақ түгіл қыр мен сырға. Ақанның «Сырымбетін» башқұрт қызы Ырғалтқан Мәскеуде үлкен театрда. Сол сында Ақан әні пар іздейді, Көлдегі аққу әні тәрізді еді. Ақанның «Үш тотысы», «Сырымбеті», Таң қылған естігенді Парижде елді. Яғни, осы шумақтардан Ақан әнінің құдіреттілігін байқаймыз. Әндерін тыңдау
Шығармашылық жұмыс. Ақынның әндері қандай әсер қылады?
Эссе жазу.Әр топтан 1 оқушы өз шығармаларын қорғайды.
Жана сабақты бекіту.
Ақан есімі қөз алдарына қанда бейнені елестетті?
Біздің көз алдымызға Ақан есімі аталғанда қасына ақын, әнші, домбырашы, палуандар жинап серілік құрған, ит жүгіртіп, құс салған, аңшылық құрған, дархан мінезді, жүзі лапылдаған, сөйлеген сөзі өткір ақын көз алдымызға елестейді. Қорыту:
4. «Бес жолды өлең» жазғызу.
Тапсырмасы:
1. Тақырыпқа байланысты бір сөз алу;
2. Екі сын есім жазу;
3. Тақырыпқа байланысты үш етістік жазу;
4. Мақал-мәтел, нақыл сөз жазу
5. Бірінщі сөздің синонимдерін жазу.
Үй тапсырмасы:
Ақан нені өсиет етті?
Достарыңызбен бөлісу: |