4
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге
сәйкес анықтамалар
қолданылған:
Кәсіп
– арнайы теориялық білім мен арнайы дайындық нәтижесінде пайда
болатын практикалық білік, жұмыс тәжірибесі кешенін меңгеруді қажет ететін
еңбек қызметі түрі
Кәсіби стандарт
– кәсіби іс-әрекеттің нақты саласындағы біліктілік
деңгейлерге, құзыреттіліктерге,
сонымен қатар еңбек мазмұны, сапасы және
шарттарына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт
Біліктілік
– жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрі шеңберінде нақты
қызметтерді сапалы орындауға дайындығы
Біліктілік деңгейі
– күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі,
жауапкершілігі мен өзбетінділігі параметрлерімен жіктелетін жұмысшылардың
құзыреттілігіне қойылатын талаптар жиыны
Құзыреттілік –
білім, білік және тәжірибені еңбек қызметінде пайдалану
қабілеті
Даярлық
– тұлғаның бір нәрсе жасауға келісім беруі және өз үлесін
қосуға мүдделі
екендігін білдіретін термин, белгілі бір мәселеде көмектесуге
оның толық дайын екендігінің белгісі,бір нәрсені
істеуге дайын болу немесе
толықтай дайын болуы.
Рефлексия
– адамның өз істерінің мәнін түсінуі, олар туралы ойлану
барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны
туралы толық және анық есеп
беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен
кемшіліктерді мойындауы не жоққа шығаруы.
Рефлексивті іскерлік
педагогтың өзіне
және өз іс-әрекеттеріне
бағытталған бақылау-бағалау іс-әрекетін жүзеге асыратын іскерлік түрі.
Рефлексивтік мәдениет
- рефлексивті білім мен дағдылардың кешенін,
өзін-өзі
тану әдістерін, өзін-өзі бағалау әдістерін игеруді, алдағы кәсіби іс-
әрекетке құнды көзқарас қатынасын және кәсіби
жеке қасиеттерін дамытуды
қамтитын жеке тұлғаның интегративті сапасы
Достарыңызбен бөлісу: