Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет40/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85
Байланысты:
дш

1.Студенттердің 
кәсібі білім алу әрекеттерінде рефлексивтік 
үдерістерді жүйеқұраушы фактор ретінде белсендіру
 
шарты. 
Білім саласындағы жүйені құрайтын факторлар – осы жүйенің 
қалыптасуына ықпал ететін күштер оның элементтеріне жатады. Біз 
қарастырып отырған болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік 
мәдениеті де жалпы осы сала мамандарын даярлау жүйесінің сапасын 
жоғарылатудан туған ішкі қажеттілікті қанағатандырады. 


72 
Студентік шақта жастардың өзін-өзі бағалау туралы ой-пікірлері қоршаған 
адамдардың әртүрлі бағасының синтезі арқылы және өзінің іс-әрекетінің 
нәтижесімен анықталады, соның негізінде өзіне және өзгелерге деген өзінің 
мәнділігін іздеуге бағытталады. Осы бағалар арқылы таңдау жасап, шешім 
қабылдайды. Бағалауға қабілеттілік өзіне қанағаттанарлық,өзін бақылау, 
адамның өзіне, қабілеттеріне, әсіресе шығармашылық қабілеттеріне және 
қабылдаған шешімдеріне деген сенімділік мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Рефлексиялық қызметті жандандыру алгоритмге сәйкес микро топтардағы 
бірнеше жасырын айтылған мәселелерді талдау үрдісінде мұғалімдердің көп 
пәндік диалогтық әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл 
кезеңде қабылдаушы мен қатысушылардың өзара тепе-теңдік жағдайында 
сипаттамалары күрделене түседі. 
Рефлексиялық белсенділікті ынталандыру әдістерін меңгеру мұғалімдердің 
көмегі арқылы жүзеге асырылады және педагогтың білім алушының іс-
әрекеттерін ұйымдастыру, реттеу және бақылау шараларынқолдануды қамтиды. 
Мысалы:
- білім алу барысындағы студенттің әр жауабына назар аудару;
- жауапқа қатысты рейтингтің болмауы;
- студенттерді өздігінен талдауға және мәселенің шешімін табуға 
ынталандыру; 
- әрекеткеқажетті уақытты ұсыну; 
- белгіленген шеңберде көмек көрсету;
- ойды кеңейту немесе бағытын өзгерту мақсатында қатысушының ойлау 
барысындағы өзгерістерді есепке алу;
- түсіндіру сұрақтары көмегімен мәлімдемелер мен іс-әрекеттерді 
нақтылау;
- шамадан тыс жалпылама ескерту жасамау;
- рефлексивті техниканың мәні мен бағытын көруге көмек беру;
- микро топтарда өзара әрекеттесуді ұйымдастыру;
- қиял мен қиялдау үрдістерінің көрінісін ұйымдастыру және жүргізу;
- рефлексиялық қызметте метафоралар мен аналогияларды қолдану 
мүмкіндігін көрсету;
- топта не болып жатқанын жалпылау және түсінік беру;
- ауызша және вербальды емес байланыс құралдарын қолдану арқылы 
ынталандыру;
- топтың және оның жеке мүшелерінің алға жылжу қарқыны мен сапасын 
бақылау және т.б . [166]. 
Осы айтылғандар болашақ дене шынықтыру мұғалімінің рефлексиялық 
мәдениетінің қалыптасуына жүйелі түрде ықпал етеді деп санаймыз. 
Бұл мақсаттардың дұрыс орындалуы жоғары оқы орыны оқытушысының 
шеберлігімен тікелей байланысты. Себебі оқытушының негізгі рөлі бойынша 
маман дайындауға қатысты барлық элементтер мен даму сатыларын сіңіреді: 
білім беру стандарттарын әзірлеуден бастап, оқу жоспары, жұмыс 
бағдарламасы, жеке дәріс мазмұны мен тәжірибелік сабаққа дейін толық 


73 
қамтылады. Педагог білім беру үрдісінің негізгі әрекет етуші тұлғасы ретінде 
қызмет етеді. Сол оқыту үрдісін ұйымдастырады, студенттермен нақты 
практикалық байланыс орнатуды қамтамасыз етеді, оларды құндылықтар 
жүйесінің түпнұсқасын тануға сезінуге күш салады, студенттердің 
рефлексиялық іс-әрекеттерін белсенді етеді. Егер оқытушы өзінің жеке 
кәсібилігін, құзыреттілілігін көрсете алса, студенттердің рефлексиялық 
мәдениетінің қалыптасуы нәтижелі болып, рефлексиялық белсенділігі арта 
түседі. 
Бұл ретте И. А. Стеценконың оқытушы білім беру іс-әрекетін 
ұйымдастыруда басшылыққа алуға ұсынған мына қағидаларды келтіруді жөн 
көрдік: 
- студенттерге кәсіби әдістердің, оқыту технологияларының барлық 
мүмкіндіктерін толық ашып көрсетуі; 
- студенттерге сол әдістердің ішінен таңдау еркіндігін беру; 
- студенттердің бойында «жобалы мәселелерге тән сипатты өз зердесімен 
танып, оны шешудің тиімді жолдарын анықтау қабілеттерін дамыту; 
- нақты жоба іздеу әрекетінде әдістер өрісі жиынтығындағы «хаос» үрдісін 
және өзін - өзі ұйымдастыратын ерекшеліктерді көре білуі; 
- жоба міндеттерін шешу тактикасы мен стратегиясын саналы түрде таңдау 
және басқару қабілетін тани білу [167].
Бұлар болашақ дене шынықтыру 
мұғалімдерінің рефлексиялық іс-әрекетті атқаруына оң ықпал етеді
проблеманы шешу іс-әрекетіне баға беріп, стандарттан тыс шешімдер 
қабылдауға дағдыландырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет