85
Жүргізілген диагностикалық жұмыс нәтижесінде болашақ спорт
педагогтарының рефлексиялық әрекет мотивациясының үш деңгейі анықталды:
жоғары, орташа, төмен.
Қалыптастырушы тәжірибеде болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің
рефлексияға деген мотивациясын зерттеу мақсатындағы сауалнама жүргізу
процедурасындағы алынған нәтижелер 5-кестеде көрсетілді.
Кесте 5 - Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа дейінгі бақылау және
тәжірибелік
топтардағы
болашақ
дене
шынықтыру
мұғалімдерінің
рефлексиялық әрекетке деген мотивацияларының көрсеткіштері
Мотивация деңгейлері
Бақылау тобы
Тәжірибелік топ
Жоғары
23%
27%
Орта
55%
57%
Төмен
22%
16%
Кестеде көрсетілгендей экспериметтік жұмыстарды жүргізгенге дейінгі
бақылау және тәжірибелік топтардың рефлексиялық әрекетке деген
мотивтерінің көрсеткіш деңгейлері арасында айтарлықтай айырмашылық
болмады.
Сурет 9 – Сауалнаманың нәтижелері
Эксперимент тобында рефлексияға ішінара қызығушылық танытқан
студенттердің болғанын байқадық, дегенмен мүлдем қызықпайтындар да
болғаны анықталды.
3.Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін
қалыптастыру мақсатты түрде элективті курс, оқу бағдарламасындағы
педагогикалық және психологиялық пәндерді оқыту мазмұнын жетілдіруге
тікелей байланысты екендігін дәлелдеу үшін американдық ғалым
Достарыңызбен бөлісу: