51
қатынас ететін ортаны өзгерту арқылы бағаның объективтілігіне жетуге болады
пікір бар. Психологтар сондай-ақ тұлғаның өзіндік бағасының дұрыс болуын
психоаналитикалық жұмыстар жүргізу арқылы жолға қоюға болатынына
тоқталады. Оларға өзін-өзі бағалау шығармалары, мінездеме-бағалау, арнайы
сауалнамалар, тестер сияқты жұмыстар жатқызылады.
Кәсіби өзін-өзі бағалау-бұл өзін-өзі бағалаудың бір түрі жеке даму және
өте қиын, қарама-қайшы өзгереді. Өзін-өзі танудың басқаны түсінуге әсері
туралы отандық зерттеулердің нәтижесі басқаны объективті бағалау қабілетінің
қалыптасу деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өзін-өзі бағалау
жеткілікті болады. Басқа адамның қасиеттерін білудегі дәйектілік өзінің «мен»
тұжырымдамасының реттілігін анықтайды. Басқаны бағалай отырып, субъект
өзінің назарын өзіне мүмкін деп санайтын және өзіне -өзі қанағаттанатын
қасиеттерге аударады, ол өзі үшін маңызды емес деп санайтын жеке
қасиеттерге назар аудармайды.
Біздің
ойымызша,
маман
дайындау
жұмыстарының
негізгі
компоненттерінің - бірі білім алушылардың өзіндік баға беру қабілеттерін
дамыту болып табылады. Сондықтан бұл бағыттағы жүргізілетін жұмыстар оқу
үрдісінің барлық формаларының мазмұнында болуы тиіс.
Мұғалімнің кәсібилік пен шығармашылықта биіктіктерге жетуі өзінің
маман ретіндегі өсу деңгейін зерттей алу, дұрыс бағалай алудан
басталатындығы жайлы тоқталып өттік. Біз қарастырып отырған рефлексиялық
мәдениет талдау, жинақтау, салыстыру, қорытындылау сияқты кезеңдерден
тұрып, соның негізінде жаңа жоспарлар құра алуға жеткізеді. Демек, әрекет
жайлы ойлау мен ойға алғанды орындау, оны қайтадан ой елегінен өткізудің
психологиялық салмағы бар екендігі түсінікті. Сондықтан да рефлексиялық
мәдениеттің атқаратын қызметі зор.
Педагогикалық әрекеттегі өзiн-өзi рефлексиялауды көптеген ғалымдар
мұғалiмнiң шығармашылық әрекетiнiң контексiнде қарастыра отырып, оның
негiзi тұлғаның өзiн өмiр сүру әрекетiнiң субъектiсi ретiнде танып, өзін-өзі
басқара алуы деп түсiндiредi. Ол мұғалімнің өзін - өзі дамытуы жаңалыққа
ашық болған жағдайда орын алады, ал «ашықтықтың» көрсеткіштері ретінде
Ю.Н. Кулюткин әлемдегі реализмді көре алу, дивергенттік, оралымды ойлай
алу, өз тәжірибесіне сыни баға бере алуды жатқызады [138].
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің шығармашылының дамуы үшін
оның
Достарыңызбен бөлісу: