Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет26/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85
Байланысты:
дш
антикорупция, неврология, Перечень экз.вопросов Основы АСУ ТП (1), СИЛЛАБУС каз ЖМ Основы ДБ 4курс2020-2021 (3)
«Шығармашылық»
деген сөздiң мәніне үңілсек, ол адам-ның мақсатты 
iсiне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жiгерi мен сабырынан, 
сұранысы мен iзденiсiнен түзіліп, ақыл ойы мен сезiмiнiң, қиялының ерекше 
бiтiмiнен көрiнедi. Шығармашылық – адамның ойлауының және өз бетiнше 
әрекетiнiң жоғарғы формасы. Дегенмен шығармашылықтың объективтi және 
субъективтi болатындығы белгiлi. Оның алғашқысы ғылымда, зерттеулерде 
бұрын болмаған жаңалық деп танылса, соңғысы субъектiнiң өзi үшiн жаңалық 
болып, оны әрі қарай жаңа бастамаларға шабыттандыратынымен сипатталады. 
«Шығармашылық проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды 
біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар 
алынатын адамның мақсатты әрекеті» – деп түсiндiрiледi философиялық 
сөздiкте [135]. 
Педагогикалық шығармашылық жайында мәселе көтеріп, өз еңбектерін 
арнаған белгілі ғалым М.М.Поташник мұғалімнің еңбегі қарадүрсін, қарапайым 
болуға тиіс емес, себебі әр бала, әр сынып, әр жағдай мен уақыт – 
қайталанбайтын құбылыс. Бұл педагогты үнемі жаңа, қалыптан тыс жағдайда 
еңбек етуге мәж-бүрлейді, сол жаңаны басқа түрге айналдыру ерекшелігімен 
си-патталады деген ой білдіре отырып, шығармашылықтың көрініс беретін 
мүмкін жағдайларына мыналарды жатқызады: 

мәселені шешуде қалыптан тыс тәсілдерді қолдану;

оқытудың жаңа әдістерін, формаларын, тәсілдерін жа-сап, оларды 
үйлесімді қолдана алу;

бар тәжірибені жаңа жағдайда тиімді қолдана білу;

жаңа мақсаттарға сай белгіліні жетілдіре, тиімділігін арт-тыра, 
модернизациялай алу;

жоғары деңгейде дамыған интуиция мен дәл есеп, нақты білім негізінде
сәтті импровизация жасай алу;

бір мәселені шешудің бірнеше варианттарын көре алу;

әдістемелік нұсқаулар, теориялық ережелерді нақты педагогикалық
істерге айналдыра білу [136]. 
Болашақ 
дене 
шынықтыру 
мұғалімінің 
кәсібилігі 
мен 
шығармашылығының негізгі жүйелік факторы – педагогикалық мәселелерді 
шешу, кәсіби жағдайларды талдау және сәтті және сәтсіз тәжірибенің 
себептерін диагностикалау арқылы қызмет субъектісі ұмтылатын қажетті 
нәтиженің бейнесі. Мұғалімнің кәсібилігі мен шығармашылығы - бұл іргелі 
интеграцияланған білімнің, жалпыланған дағдылар мен педагогикалық 
қабілеттердің жиынтығын, оның жеке және кәсіби маңызды қасиеттерін, 
мұғалімнің мәдениеті мен шеберлігін, өзін - өзі жетілдіруге дайындығын 
қамтитын сапалық сипаттама. Бұл сапалар маманның өзін - өзі жетілдіру оның 
өзіне беретін дұрыс бағасы арқылы жүзеге асады. Сондықтан олар бір-бірімен 
ажырамас бірлікте деуге болады. Себебі тек өзіндік баға іс-әрекеттегі 
өзгерістерге әкеледі.


50 
Өзін-өзі бағалау тұжырымдамасы педагогтың кәсіби өзін-өзі тану 
құрылымына кіреді. Өзін-өзі бағалаудың өзін-өзі танумен байланысын С.Л. 
Рубинштейн: адамның өзін-өзі тануы тікелей тәжірибелерде берілмейді, бұл 
оның тәжірибесінің нақты жағдайын білуді қажет ететін білімнің нәтижесі. Ол 
көп немесе аз болуы мүмкін. Өзін-өзі тану, оның ішінде өзіне деген көзқарас 
өзін-өзі бағалаумен тығыз байланысты. Адамның өзін-өзі бағалауы бағалау 
нормаларын анықтайтын дүниетанымға байланысты» деген сипаттама түрінде 
атап өтті. 
Өзіндік бағалау «Мен-тұжырымдаманың» жүйеқұраушы компоненті 
болып табылады. Мен образ адамның тұлға ретінде басқалардың оны бағалауы 
мен оның өзін бағалауын салыстыра отырып өзін түсініп тану негізінде пайда 
болады. Ғалым И.И.Чеснокова өзіндік бағалауға зор мән бере отырып, әртүрлі 
әлеуметтік әрекеттестік барысында өзіндік баға да өзгерістерге ұшырап, 
түзетіліп отырады деген пікір білдіреді [137]. 
Өзіндік баға әрекетке ынталандырып оның тиімділігін арттырады, себебі 
бұл адамның көңіл-күйіне, оның секемшілдіктен бастап жұмысқа бар 
ынтасымен берілуіне байланысты. Өзіндік баға оның психологиялық-
физиологиялық, психикалық күйзелістері, оның өмірлік тәжірибесі, ол өмір 
сүретін 
ортада 
және 
өмірге 
келген 
қарым-қатынас 
жүйесінде 
детерминалданады. Өзінің ішкі құрылымына қарай өзіндік баға тұлғаның өзі 
сияқты көпастарлы. Оның мазмұны моральдік-адамгершілік құндылықтар
қарым-қатынастар мен мүмкіндіктерден тұрады. Тұлғаның тұтас өзіндік санасы 
оның психикалық әлемінің жеке қырлары негізінде қалыптасады. Өзіндік баға 
беру өзін-өзі тану мен табу адамға әлеуметтік, кәсіби, отбасылық тіпті жай 
қарым-қатынастар мен байланыстар жүйесінде өз орынын анықтауға 
көмектеседі. Объективті, дұрыс берілген өзіндік баға адамға оның шешуге 
тиісті кәсіби мәселелерінің аясын анықтауға, орындалмайтын иллюзиялық 
мақсаттардан дер кезінде бас тарта алуға мүмкіндік береді. Өзіндік бағаның 
адамның нақты мүмкіндіктеріне сәйкес болуы оның өзімен өзінің ішкі 
үйлесімділігіне, өзін-өзі құрметтеуге қол жеткізуіне ықпал етеді де, ал 
керісінше жағдайда ішкі қақтығыстарға кейде невротикалық жағдайларға әкелуі 
де мүмкін. Дегенмен адамда қандай да бір өзіндік бағаның болмауы тұлғаның 
өзін жоғалтуына әкеліп, оған басқалар-дың беретін бағасының мәнін 
арттырады.
Тұлғаның өзіндік бағасы оның әрекет ететін ортасында қандай 
құндылықтардың жетекші болып есептелуіне байланысты. Қоршаған 
адамдардың, ұжымның пікірінің мұндай жағдайда шешуші роль атқарып 
жататындығы белгілі. Мысалы: ұжымда адамның коммуникативті қабілеттері 
құнды болса, сол сапасы бар адамдар өздерін артық бағалауы мүмкін. Ал 
интеллектуалдық сапалардың үстемдігі жағдайында осы қабілеттері жоғары 
адамдарға берілетін баға да жоғары болады. 
Кәсіби өзіндік бағаны қалыптастыру жолдары психология ғылымында 
қарастырылып келеді. Оның қорытындылары бойынша өзіндік баға негізінен 
адамдардың бір-біріне беретін бағасына байланысты болғандықтан, қарым-


51 
қатынас ететін ортаны өзгерту арқылы бағаның объективтілігіне жетуге болады 
пікір бар. Психологтар сондай-ақ тұлғаның өзіндік бағасының дұрыс болуын 
психоаналитикалық жұмыстар жүргізу арқылы жолға қоюға болатынына 
тоқталады. Оларға өзін-өзі бағалау шығармалары, мінездеме-бағалау, арнайы 
сауалнамалар, тестер сияқты жұмыстар жатқызылады.
Кәсіби өзін-өзі бағалау-бұл өзін-өзі бағалаудың бір түрі жеке даму және 
өте қиын, қарама-қайшы өзгереді. Өзін-өзі танудың басқаны түсінуге әсері 
туралы отандық зерттеулердің нәтижесі басқаны объективті бағалау қабілетінің 
қалыптасу деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өзін-өзі бағалау 
жеткілікті болады. Басқа адамның қасиеттерін білудегі дәйектілік өзінің «мен» 
тұжырымдамасының реттілігін анықтайды. Басқаны бағалай отырып, субъект 
өзінің назарын өзіне мүмкін деп санайтын және өзіне -өзі қанағаттанатын 
қасиеттерге аударады, ол өзі үшін маңызды емес деп санайтын жеке 
қасиеттерге назар аудармайды.
Біздің 
ойымызша, 
маман 
дайындау 
жұмыстарының 
негізгі 
компоненттерінің - бірі білім алушылардың өзіндік баға беру қабілеттерін 
дамыту болып табылады. Сондықтан бұл бағыттағы жүргізілетін жұмыстар оқу 
үрдісінің барлық формаларының мазмұнында болуы тиіс. 
Мұғалімнің кәсібилік пен шығармашылықта биіктіктерге жетуі өзінің 
маман ретіндегі өсу деңгейін зерттей алу, дұрыс бағалай алудан 
басталатындығы жайлы тоқталып өттік. Біз қарастырып отырған рефлексиялық 
мәдениет талдау, жинақтау, салыстыру, қорытындылау сияқты кезеңдерден 
тұрып, соның негізінде жаңа жоспарлар құра алуға жеткізеді. Демек, әрекет 
жайлы ойлау мен ойға алғанды орындау, оны қайтадан ой елегінен өткізудің 
психологиялық салмағы бар екендігі түсінікті. Сондықтан да рефлексиялық 
мәдениеттің атқаратын қызметі зор.
Педагогикалық әрекеттегі өзiн-өзi рефлексиялауды көптеген ғалымдар 
мұғалiмнiң шығармашылық әрекетiнiң контексiнде қарастыра отырып, оның 
негiзi тұлғаның өзiн өмiр сүру әрекетiнiң субъектiсi ретiнде танып, өзін-өзі 
басқара алуы деп түсiндiредi. Ол мұғалімнің өзін - өзі дамытуы жаңалыққа 
ашық болған жағдайда орын алады, ал «ашықтықтың» көрсеткіштері ретінде 
Ю.Н. Кулюткин әлемдегі реализмді көре алу, дивергенттік, оралымды ойлай 
алу, өз тәжірибесіне сыни баға бере алуды жатқызады [138]. 
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің шығармашылының дамуы үшін 
оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет