Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет33/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85
Байланысты:
дш

 
Жүйелілік тұғыр
-
зерттелетін педагогикалық құбылысты және оның 
арасындағы байланыстың көптеген элементін анықтау. «Жүйе» ұғымының
грек тіліндегіаудармасы «құрастыру», аморфты емес бөліктерден тұратын 
тұтастық дегенді білдіреді. Осыған сәйкес зерттелуші объектіні жүйе ретінде, 
оның элементін, олардың арасындағы байланысты және оны жіктеп
құрылымын және ұйымдастыруды, тұтастай білім беру ретінде басқару 
жолдарын анықтауға бағытталады. Жүйелілік тұғыр - нақты гносеологиялық 
жағдаяттағы диалектикалық әдістердің көрінісі.
Сондықтан, 
жүйелілік
жалпы ғылыми әдіснамалық зерттеудің бір құралы ретінде оқу-тәрбие үдерісін 
және бір-бірімен байланысты құбылыстарды жүйелі зерттеуге қажет сапалы 
ғылыми тұғыр болып табылады. Көрнекті өкілдері В.В.Краевский [144], 
Э.Г.Юдин [145] педагогикалық жүйені өзара байланысты құрамдас 
бөлшектердің жиынтығы ретінде қарастырады. Олар: білім беру мақсаты, 
педагогикалық үдеріс субъектілері: 
-ұстаз бен дәріс алушы, білім беру мазмұны: 
-білім,білік, дағды, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен көңіл-күй-
әрекет қатынас тәжірибесінің жүйесі, педагогикалық үдерісті ұйымдастыру 
әдістері мен түрлері, мәліметтер қоры: құралдар деп түсіндіріледі.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексиялық мәдениетін 
қалыптастыруда жүйелілік тұғырдың алатын орыны ерекше. Себебі бұл жерде, 
біздің ойымызша бірнеше жүйе бар. Атап айтсақ студенттің өзі:биологиялық, 
психологиялық т.б. ішкі құрылымдардан тұратын жүйе, ал білім беру де 
реттілікті, тәртіпті, кезеңділікті сақтауды талап ететін тұтас жүйе. Ендеше осы 
жүйелердің бір-бірімен байланысын ретке келтіріп, ортақ іске бағыттау зерттеу 
нысанасына алып отырған мәселені шешуді нәтижелі ететіндігі күмәнсіз.
Аксиологиялық тұғыр
.
Аксиология «құндылық» деген мағынаны 
білдіреді. Білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білімдік кеңістікке 
ықпалдасудағы басты бағдар ол адамды қоғамның басты байлығы, ең жоғарғы 
құндылық деп тану, оның рухани жан дүниесінің жетілуіне көзқарастары мен 
тәжірибесінің, еңбектегі құндылықтарының жоғарғы деңгейде қалыптасуына 
жағдай жасау көзделінеді. 


62 
Заманауи педагогикада аксиологиялық тұғырдың алатын орыны ерекше. 
Педагогикалық аксиологияның дамуына Б.М. Бим-Бад [146], В.А.Сластенин 
[147], Н.Д.Никандров [148], т.б. ғалымдар үлес қосты. Осы авторлардың бірі 
В.А. Сластениннің пікірінше, педагогикалық құндылықтар дегеніміз, 
педагогикалық әрекетті реттейтін және танымдық тұрғыдан жұмыс істейтін 
жүйе ретінде әрекет ететін, білім беру саласындағы қалыптасқан қоғамдық 
дүниетаным мен мұғалімнің қызметі арасындағы делдалдық және 
байланыстырушы 
буын 
қызметін 
атқаратын 
нормалар. 
Олардың 
синтагматикалық сипаты бар, яғни, тарихи түрде қалыптасады және 
педагогикалық ғылымда нақты бейнелер мен көріністер түрінде қоғамдық сана 
формасы ретінде орнықтырылады. 
Осы ойды жалғастырар болсақ, педагогикалық құндылықтарды игеру 
педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үрдісінде ғана мүмкін болады, біздің 
жағдайымызда болашақ педагогтың кәсіби білім алу кезінде және оның 
барысында олардың деңгейі мұғалімнің жеке және кәсіби дамуының көрсеткіші 
болып табылады. 
Білім саласында басшылыққа алынатын құндылықтар негізінен 
ізгіліктілікке негізделіп, төмендегідей жіктеледі. 
Педагогикадағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет